Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақтың ұлттық киімдері

Ақтөбе қаласы.
Технология пәні мұғалімі
Шангытбаева Гүльсим Нарымбетовна

Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық киімдері»
Сабақтың мақсаты: қазақтың ұлттық киімдері туралы мағлұмат беріп, түрлерімен таныстыру.
Білімділік: киімдер тарихы, олардың жіктелуі туралы мағлұмат беру;
Дамытушылық: тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды киім кие білу мәдениетіне баулу арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі суретті қағаздар, плакат ұлттық киімдер, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойлау, көрсету,
СТО технологиясының стратегиялары.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгелдеу. Сабаққа назарын аудару. Психологиялық тренинг.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
«Менің сүйікті тағамым» ойыны арқылы сұрақтарға жауап беру. Интерактивті тақтадан оқушы өзіне ұнаған тағамды таңдап, артындағы сұраққа жауап береді.
1. Иықты бұйымдар дегеніміз не?
2. Иықты киімдерге қандай киімдер жатады?
3. Белдемшелі бұйымдар дегеніміз не?
4. Белдемшелі бұйымдарға не жатады?
5. Иықты бұйымдардың белдемшелі бұйымдардан айырмашылығы неде?(мойын, қолтық ойындысы, жаға, өңір болады).
6. Түнгі көйлек дегеніміз не?
7. Түнгі көйлекті тігу үшін қандай өлшемдерді аламыз?
8. Өлшемдерді алу үшін бізге не қажет?
3. Жаңа сабақ.
Мына сандарды ретімен қойғанда қандай сөйлем шығады.

Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Қазақтың ұлттық киім – кешектеріне келсек, оның да басқа ұлттар сияқты өз өзгешіліктері бар.
Алдымен ұлттық киім - кешектерді жергілікті ерекшеліктерге бейімдеп (көшіп - қонуға) тіккен.
Екіншіден, киімдерді екі бағытта ерлерге және әйелдерге арнап тіккен. Тігілетін киімдер адамның жас ерекшеліктеріне байланысты
болған. Жастарға арналған киім - кешектердің әшекейі көп болса, кәрі кісілердің киімінің өрнегі аз немесе мүлдем болмаған.
Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір - қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес.
Олардың кейбіреулерін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын – сауыққа пайдаланады, сондай - ақ көпшілігі театрлардың арнаулы заказы бойынша тігіліп жүр.
Киімдер негізінде сәнді және жай күнделікті киетін киімдерге бөлінген. Сәнді киімдер күнделікті киілмеген, олар тек той - думанға және қонаққа барғанда киген.

Қазақтың киімдері 4 топқа бөлінеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×