Сайтқа кіру Тіркелу

Машина тігістері

Сабақ жоспары №13.
Сабақтың тақырыбы: «Машина тігістері»
Сабақтың мақсаты: Машина тігісінің түрлері мен терминологиясы туралы білім беру.
а) білімділігі: Тұрмыстық тігін машинасымен жұмыс жасауды үйрету, машинатанудағы танымдарын, түсініктерін қалыптастыру. б) дамытушылығы: Оқушыларды жинақылыққа, ойларын тұжырымдай білуге, тиянақтылықпен әсемдікке үйрету.
в) тәрбиелілігі: Басталған жұмысты жауапкершілікпен, шыдамдылықпен, ұқыптылықпен орындауға үйрету, тазалыққа баулу
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы, сарамандық жұмыс.
Сабақта күтілетін нәтиже:
1) Оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.
2) Ойлау, есте сақтау қабілеті артады.
3) Сабаққа қызығушылығы артып, білімін толықтырып отырады. Сабақтың көрнекілігі: Слайд көрсету, нұсқау карта, түрлі - түсті қиындылар, мата қиындылары.
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, сызу.
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру: 1мин.
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудар.
ІІ. Оқушы білімін тексеру. ( өткен тақырыпты қайталау) 10 мин.
1) Ең алғаш тігін машинасының жобасын ұсынған кім? 2) Тігін машинасының түрлерін ата?
3) Астыңғы жіп реттеуіш құрылысын айтып беріңіз?
4) Үстіңгі жіп реттеуішін атап беріңіз?
5) Қол жұмысы кезінде қолданылатын құралдарды ата?

2. Сөзжұмбақ шешу.(I. Қызығушылықты ояту.)

1) өлшем алу құралы; 2) тоқыма біз атауы;
3) киімге түсетін із; 4) ою атауы;
5) табиғи талшық; 6) әжелердің киімі;
7) қазақша клей атауы.

3. Өткен сабақтар бойынша тест сұрақтар.
ІІІ. Жаңа сабақ 10 мин. (II. Мағынаны ашу) 1. Машина тігістері дегенімізді естуіміз бар ма?
2. Қандай тігіс түрлерін білеміз?
3. Күнделікті қолданып жүрген тігіс атуларын айтыңдаршы?
Машина тігістері дегеніміз- бір немесе бірнеше қабат материалды тігім арқылы қосқанда, тігіс алынады. Тігіс - бұл бөлшектердің жіппен жалғасқан орны. Тігім - инешаншымдардың қайталану қатары, ал инешаншымдар - бұл иненің екі шаншымы арасындағы жіптер.

Машина тігістерінің өзі үш бөлікке бөлінеді соның ішінде біз киім бөлшектерінде киімдерді біріктіруші тігістер бөлігімен жұмыс жасаймыз. Біріктіруші тігістер бөлшектің екі жағында жатады. (Мысалы: бүйір, иық, және де басқа бөлшектерді біріктіруде)
Біріктіруші тігіс 4 - ке бөлінеді:
1. Қайып тігу.
2. Жабсырып тігу.
3. Өбістіріп тігу.
4. Тұйықтап тігу.
1. Қайып тігу – киімнің иық, бүйір және басқа да қиықтарын өзара біріктіруде қолданылады. бүрмелер мен қатпарлар біріктірілетін екі бөлшектің үстінде орналасады. Бөлшектің оң жақтары ішке қаратылып беттестіріліп, қиылған шеттері теңестіріледі де қайып тігіледі. Тігістің ені - сетінегіш матадан 1, 5 см, ал сетінемейтін матада 1см болады.
2. Жабсырып тігу – орындау барысында ашық қиықты және жасырын қиықты болып бөлінеді. Ашық қиықты жабыстыру. Киімнің төсемесін(прокладка) бір - біріне жалғастыруда қолданылады. ол үшін төсеменің екі шетін бір – біріне айқастырады да машинамен қайып тігеді. Айқаспа тігістің ені 0, 6 - 1 см, ал төсем шеті мен тігістің аралығы 0, 3 - 0, 5см. Жасырын қиықты жапсыру тігісі - фигуралы және тіке болып пішілген иінішті, жапсырма қалтаны негізгі бөлшекке біріктіруде қолданылады. Мұнда, бөлшектің жасырылатын (шетін) қиығын сәндік тігістің енінен 1 - 1, 5см артықтау алады да, оны екінші бөлшектің қиығының үстіне қайып орналастырады.
3. Өбістіріп тігу – киімнің астараралық маталарын өзара бекітілетін матаның шеттерін түйістіре қойып, әр шетінен 0, 5 см аралықта жапсырып басты тікелей тігеді. Кейде жүргізілген қатарлы тігіс арасын машина тігісімен иректеп қосады. Бұл тігіс сыртқы киімдерде қолданылады. 4. Тұйықталып тігу - жасырын тігіске ұқсайды. Бұл тігісте бөлшекке шеттері тұйықталып бекітіледі. бөлшектің екі жағынан да өзара параллель түскен тігістер көрініп тұрады.
ІV. № 12 - Сарамандық жұмыс. 15 мин.
Тақырыбы: Машина тігістерінің орындалуы.
Сарамандық жұмыстың мақсаты: оқушыларға тігін машинасындағы тігістің жасалу жолдарын орындату және қол тігісіне баулу.
Сарамандық жұмыстың құрал - жабдықтары: үтік, қайшы, қол тігін машинасы, бор, сызғыш, ине - жіп, қалам, қарандаш. Тігін машинасымен жұмыс жасаған кезде ТҚЕ сақтау:
• Машинаның айналасына шаш ілініп кетпес үшін шашты жинақы ұстау н/е орамал тағу керек; •Машина табанының астына матаны бекітпей оны оралған жіппен жүріске жіберуге болмайды; •Жұмыс кезінде қолды дұрыс ұстау крек, дұрыс ұстамаудың әсерінен саусақты инемен шаншып алуы мүмкін; •тігу кезінде матаны қолмен тартуға болмайды, ине сынып кетуі мүмкін;
•тігін машинасында жұмыс істеген кезде қозғалыстағы бөлшектерге жақын еңкеймеу керек; •бұйымдарды сырып тігер алдында тігіс бойында инелер мен түйреуіштер қалмағанын тексеру крек; •жұмыс басталар алдында реттік бұрғысының орнықтылығын иненің ине тесігіне тура келуін тексерген жөн; •кәсіптік үстелдің аяқ жағында резеңке төсеніш төселу керек; • машинаның айналу маховигі жүріп тұрған кезде қасында қайшы, ине - жіптер жатпауы керек; • тігін машинасына қажетті құрал – жабдықтар арнайы қорапшада жатуы керек. Оқушыларға технологиялық нұсқау карта таратылады, әр картада әр оқушыға жеке тапсырма беріледі.
1. Қайып тігу.
2. Жапсырып тігу.
3. Өбістіріп тігу.
4. Тұйықтап тігу.
Сергіту бөлімі: «Кім ұшқыр» ( мақал - мәтелдердің жалғасын табу)
1. Бүгінгі істі… қалдырма.
2. Жеті рет өлшеп,… кес
3. Ақыл көпке жеткізер, Өнер.... жеткізер.(көкке)
4. Өнер қуып ой түзе. Жұмыс...(қылып бой түзе).
5. Өнерлі жігіт өрде озар, Өнерсіз жігіт...(жер соғар)
6. Өнерліге.....(есік ашық)
7. Өнерлі адам...... (ешкімге жалынбайды.)
V. Бекіту 5 мин. ( Ой толғаныс).
1. Қол тігістерін ата?
2. Әжелеріміз кесте тігу кезінде қандай тігісті көп қолданған.
3. Тақтадан машина түрлерін көрсету және айырмашылығын түсіндіру.
1. Қолжетекті. 2. Аяқжетекті. 3. Электржетекті.
VI. Сабақты қорытындылау 3мин.
Нұсқау картамен жасаған жұмысты түсіндіру.
VI. Оқушыларды бағалау. 1 мин.
VII. Үйге тапсырма: Машина тігістері оқу, сарамандық жұмысты аяқтау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қауіпсіздік ережелері (технология пәні бойынша)

Қауіпсіздік ережелері (технология пәні бойынша)

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ Қол инесімен жұмыс: 1. Үнемі арнаулы қобдишада сақтау керек. 2. Инені киімге қыстыруға болмайды. 3. Тігіс кезінде ине жібін...
Тігін машиналарының түрлері

Тігін машиналарының түрлері

Жаңа сабақты меңгерте отырып, білімдерін қалыптастыру. Машинатану негіздері, тігін машинасының шығу тарихымен таныстыру...
Тігін машинасының құрылысы

Тігін машинасының құрылысы

Сабақтың мақсаты: а\оқушыларға тігін машинасының құрылысы, түрлері туралы түсінік беру. ә\оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыра отырып...
Киім және аяқ-киім гигиенасы

Киім және аяқ-киім гигиенасы

Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің технология пәнінің мұғалімі Құлмырзаева Жадыра...
Тігін машинасымен танысу. Тігін машинасының түрлері.

Тігін машинасымен танысу. Тігін машинасының түрлері.

Тігін бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтардың ең негізгісі – тігін машинасы. Осы тігін машинасының шығу тарихына жалпы құрылымына, құрылысына...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×