Сайтқа кіру Тіркелу

Сүт және сүт өнімдері

Сабақтың тақырыбы: Сүт және сүт өнімдерінен дайындалатын тағамдар
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: төрт түлік малдан өндірілетін сүттің өзіндік жеке қасиеттері, соның ішінде сиыр сүтінен жасалатын тағамдар, оларды дайындау жолдары туралы мағлұмат беру.
Дамытушылығы: сүт тағамдарының адам ағзасына қажетті заттарды қамтамасыз ететіндігін айту.
Тәрбиелігі: сиыр сүтінен дайындалатын тағамдарды ұлттық негізде жасап үйрену, сиыр малының дастарқан құты екендігін түсіндіре отырып, халқымыздың ежелден келе жатқан ата кәсібін жалғастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: баяндау, сарамандық жұмыс
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: төрт түлік мал туралы буклет, осы төрт түлік малдың тек сүтінен даярланған тағам түрлерінен көрме, плакат, сурет жұмбақ
Пәнаралық байланыс: тарих, биология, химия.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
Түстер арқылы 2 топқа бөлінеді. 1 - топ «Балқаймақ» тобы, 2 - топ «Кілегей» тобы
II Өткен сабаққа шолу, үй тапсырмасын тексеру.
«Менің сүйікті тағамым» ойыны арқылы сұрақтарға жауап беру. Тақтада оқушы өзіне ұнаған тағамды таңдап, артындағы сұраққа жауап береді.
- Тағамдық құндылығына қарай жармаларды ата
- Дәнді дақылдарды ата
- Дәнді астықтарды ата
- Бұршақ дақылдарды неге «өсімдік еті» деп атайды?
- Макарон пісірудің қандай тәсілдері бар?
- Бұршақ дәнділерді ата
Жармаларды дәнді дақылдардан өндіреді.

- Бидай, күріш, сұлы, жүгері, тары, арпа, қара бидай.
- Үрме бұршақ, бұршақ, ірі бұршақ, соя, жасымық.
басытқылар – салаттар, пасталар
бірінші тағамдар – сорпалар
екінші тағамдар - ботқалар
Жарма запеканкалар, гарнирлер
толтырмалар
тәтті тағамдар – пудинг, мусс
ұн тағамдары – печенье
III Жаңа сабақ
1. Оқушылардың қызығушылығын ояту
Қазақтың ұлттық тағамдары туралы не білсе, оны топтастыру арқылы қағаз бетіне түсіру. Оқушы ойындағысын тоқтаусыз, шектемей жаза береді, ол үшін уақыт беріледі. Оқушылар жазғандарын оқиды жинақтайды.
Тірек сызбаны сызады

Сырлы сұйық, су емес,
Ішсең сусын қанады.
Ақ болса да қар емес
Шешуін кім табады?
(Сүт)
«Ақ – дертке дауа, жанға шипа» демекші, бүгін біз сүт және сүттен жасалатын тағамдар туралы тоқталамыз. Сүттің өзі адам денсаулығына пайдасы зор. Қазақ халқының бұл қасиетті сусыны төрт түлік малдан өндіріледі. Халқымыз тіршілігін, шаруашылығын осы мал өсірумен байланыстырып, тіршілікке пайдалануды шебер игерген.
Сүт

Тіршілік көзі

Мінсе көлік, ішсе сусын, жесе тағам, кисе киім, тұтынса бұйым, байлығы мен мақтанышы да осы мал болғанын жақсы білеміз.
Бұлардың ішіндегі ең құнды тағамды қ заты - белок. Сүттің көмірсутек қантында болады. Оны лактоза деп атайды.

Белоктар (2, 8 - 3, 5 %)
Сүттің құрамында майлар (3, 2 - 4%)
адамның ағзасына көмірсутегі (сүт қанты – 3, 8 - 5, 5%)
қажетті тағамдық минералды тұздар - 1% А, С, Д, В, Е дәрумендері
заттар су (87 - 89%)

Сүт – дәрумендердің көзі. Сүт пен сүт тағамдары арқылы адам организмін А дәруменімен, В тобындағы дәрумендермен, С және Д дәрумендерімен толық қанағаттандыруға болады.
Ең бағалысы – жаңа сауылған сүт.
Сүт өнімдері
Шалап, құрт, сүзбе, айран, қымыз,
Қаймақ, ірімшік, сары май, шұбат

Мал және одан алынатын өнімдер қазақтың басты тамақтарының бірі. Қазақ халқының ішіп - жемінде сүт тағамдары ерекше орын алады. Төрт түлік малдың сүтін және одан жасалған айран, қымыз, шұбат сияқты сусындарды халқымыз «ағарған» немесе «ақ» деп атаған. Осы ақтан көптеген жылдар бойы әжелеріміз, аналарымыз тәжірибе жинақтай келе одан көптеген тамақ түрлері мен дайындау әдістерін білген және олардың көптеген қызықты атаулары, ерекше жасау, пісіру жолдары тағы бар. Сөйтіп бір сүттен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ тағамдар жасап шығарған.
Сүт тағамдары денсаулыққа пайдалы және қоректі қасиеті де мол. Кезінде академик И. Павлов сүтті «Табиғаттың өзі дайындаған тамаша тағамы» деп бағалаған.
2. Ой қозғау. Сөздік жұмыс
Сүт - малдан алынатын өнім.
Уыз – жаңа төлдеген малдың алғашқы қою сүті
Ашқылтым – сүт тағамдарының дәмі
Малта – езілген құрттың жұғанасы, ұсағы
Меңіреу – қой сүтінен ұйытылған қатық түрі
Ұйытқы – сүтті ұйыту үшін мәйек
Торта – май қайнатқанда шығатын тұнба
Қату – тағамға май, қаймақ қосуды айтады
Айну – тамақ дәмінің бұзылуы
Адал – таза, жейтін тамақ
3. Тапсырманы орындау
1. Баяндаңыз
Сүт жайында
2. Салыстырыңыз
Айран мен қатықты
3. Тест сұрақтарын орындау
1. Уыз неден жасалады?
а) ашыған сүттен ә ) сүттен б) төлдеген малдың алғашқы күнгі сүтінен
2. «Лактоза» деген не?
а ) сүттің қанты ә) сүттің майы б ) сүттің минералды тұздары
3. Шұбатты қай түліктің сүтінен әзірлейді?
а ) сиыр сүтінен ә) түйе сүтінен б) бие сүтінен
4. Стафиллококтардың тіршілік ететін орындары
а) ет өнімдерінде ә) жабайы өсімдіктерде
5. Тағамды дайындамас бұрын ең алдымен нені сақтау керек?
а) техника қауіпсіздігін ә) тамақтану мәдениетін б) тазалық – гигиеналық талабын
6. Май түсіруге арналған піспегі бар ыдыс
а) күбі ә) мес б) саба
4. Сүт тағамдарына байланысты ырымдар мен тыйымдар
5. Кестемен жұмыс
Әр топ кестені алып, бағананың оң жағына тапсырма жазылады да бағананың сол жағына топтағы оқушылармен ақылдасып, жинақтап, пікірлерін жазады.

1 - кесте.
Ақ алып шығу салты Оқушының пікірі:
2 - кесте.
Ақ құйып шығару салты Оқушының пікірі:

IV Сарамандық жұмыс
Жұмысты бастамас бұрын техникалық қауіпсіздік ережесін еске түсіру
Сүзбе тұзсыз және тұзды болып екіге бөлінеді.
«Балқаймақ» тобына тұзсыз сүзбе, ал «Кілегей» тобына тұзды сүзбе дайындау және дайындау технологиясын айту
V Жаңа сабақты пысықтау
2 топтың топ басшылары тобындағы оқушылардың үйден дайындап әкелген сүт тағамдарын сатушы ретінде өз өнімдерін өткізу үшін жоғары деңгейде жарнамалайды.
VI Қорытынды
Қорыта келе, қазақтың ұлттық сүт тағамдарының маңызы зор, денсаулыққа пайдалы. Олардың түрлері көп. Бүгін олардың бірнеше түрлерімен таныстық. Осы үйренгенімізді күнделікті тұрмыста қолдана жүрейік.
VII Бағалау кезеңі.
Сабақтың әрбір кезеңінде өз білімін толық көрсетіп отырған оқушыларды бағалау
VIII Үйге тапсырма
«Сүт және сүт тағамдарын» оқып келу. Реферат жазу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ халқының десерттік тәтті тағамдары

Қазақ халқының десерттік тәтті тағамдары

Қай халықтың болмасын дастарқаны, сол халықтың тұрмыс салтына, әдет - ғұрпына, тіршілік тынысына орай қалыптасары белгілі. Ғасырлар бойы көшпелі...
Қазақтың ұлттық дастарқаны

Қазақтың ұлттық дастарқаны

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың...
Сүт өнімдері

Сүт өнімдері

Жезқазған қаласы, «№ 21 жалпы білім беретін» КММ Ғылыми - зерттеу жұмысымен айналысушы 1 «Б» сынып оқушысы Джакетаева Фатима Ғылыми – зерттеу...
Қазақтың ұлттық тағамдары

Қазақтың ұлттық тағамдары

Сабақтың мақсаты: Ұлттық тағамдар туралы тереңірек мағлұматтар беру, «ой-қозғау» тәсілдері арқылы оқушылардың танымдылықтарын, өз бетімен әрекеттену...
Қазақтың ұлттық тағамы – құрттың адам ағзасына пайдасы

Қазақтың ұлттық тағамы – құрттың адам ағзасына пайдасы

Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Бұл тағам ақуыздарға өте бай,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×