Сайтқа кіру Тіркелу

Пәтердегі электр жабдықтары 8-сынып

Сабақтың тақырыбы: Пәтер электр жабдықтары
8 - сынып (ұлдар)
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың теориялық білім жетілдіру. Электр жабдықтары жөнінде кеңірек түсінік беру. Электр энергиясын үнемдеуге, үнемшілдікке тәрбиелеу.
Тәрбиелік мақсаты: Еңбекке баулу. Қауіпсіздік ережелерін орындауда ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сақтық шараларды үнемі орындап жүру.
Дамытушылық мақсаты: Еңбекке қызығушылығын арттыру. Электр жабдықтарының шартты белгілерін білудің маңыздылығын ұғындыру. Оқушының ой - өрісін дамытуда ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Электр тоғын пайдаланушы құралдарды қолдану кезінде үнемшілдікке тәрбиелеу.
Сабақтың өтілуі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, баяндау, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кесте, суреттер, сызбанұсқа
Пән аралық байланыс: физика, химия, әдебиет, математика, сызу, биология, тарих, ағылшын.
Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру: а) оқушыларды түгендеу ә) сабаққа назарын аудару
2. Еске түсіру: Үй тапсырмасына қайталау сұрақтары:

Сөзжұмбақ «Панно»
1. Бір тышқанда екі құйрық. (жіп)
2. Басы екеу, аяғы екеу. (қайшы)
3. Киім тігетін құрал. (машина)
4. Жасанды гүлдер мен табиғи материалдан жасалған панно. (икебано)
5. Тігінші құралы. (оймақ)
П
А
Н
Н
о
1. Панно дегеніміз не? Үйлерде, кеңсе, қонақ үйлерде қабырғаларға іліп қоюға арналған, сән беретін өнер туындысы.
2. Панно түрлерін ата. Ағаш панно, икебано, матадан жасалған панно т. б түрлері көп.
3. Панноға қандай материалдар қолданылады? Ағаш, мата, қағаз, жасанды және табиғи материалдар.
Жаңа сабақ жоспары:
1. Электр тогы туралы түсінік.
2. Пәтердегі электр жабдықтары.
3. Электр тогын пайдаланушы көздер.
4. Электр тогын үнемдеу.
5. Қорытынды
Электр тоғын қайдан аламыз?
1. Жылу электр станциясы органикалық отынның химиялық байланысқан энергиясын пайдаланады.
2. Атом электр станциясы ауыр элементтер ядросын нейтрондық сәуле түсіру арқылы жарып ыдыратқанда туатын энергияны пайдаланады.
3. Су электр станциясы судың сарқырап аққан күшін пайдалану арқылы жұмыс жасайды.
4. Жел электр станциясы атмосферадағы ауа массасының қозғалыс энергиясын пайдаланады.
5. Геотермиялы электр станциясы жер астындағы энергияны пайдаланады.
6. Толқынды электр станциясы теңіз бен мұхит толқындарының тасқынын пайдаланады.
7. Күн электр станциясы гелиоқондырғылар арқылы тура түсіп тұрған күн сәулелерінен энергия шығарады.

Бұл электр станциялары электр энергияларын өндіреді. Оны трансформаторлар арқылы ауыл, аймақтарға таратылады.
Трансформатор дегеніміз – электр энергиясын аса қашықтыққа жеткізуге және сол энергияны тұтынушылардың арасына бөлшектеп тарату үшін қолданылады. Ауыл шетіне орналасқан электр желілері мен трансформаторлар қоршаулы арнайы «қауіпті» деген белгімен белгіленген. Ауыл арасына трансформаторлар орналасып тірек арқылы электр желілері жүргізіліп үйдің тұсынан үйге кіреді.
Осы арадан «Пәтер электр жабдықтары» басталады.
Қарапайым электр тізбегі неше элементтен тұрады?
4 элементтен тұрады. Оны шартты белгілермен көрсетеміз.

1. Тоқ көзі 2. Тоқ өткізгіш 3. Қосып - ажыратқыш 4. Қабылдағыш. Бұл қарапайым электр тізбегі.
Ток өлшегіш құрал, электр шамы, қосып - ажыратқыш, розетка, электр қоңыраулары үйдің электр жабдықтары.

Электр өлшегіш құрал тұтынатын электр құралдарының айына қанша қуат пайдаланғанын көрсетеді. Тариф бағасы 5, 67 тиын, өткен айда 1000 кв көрсетіп тұрса, осы айда 1130 кв жаққанымыз көрініп тұр, 1130кВт - 1000кВт=130 содан біз бір ай ішінде 130 кВт жаққан болдық, осыдан есептейміз, 5, 67×130=737, 1тиын шығарамыз. Осы шыққан 737 тенге 1 тиын казпочтаға төлейміз. Бұл біздің 1 ай ішінде тоқ көзін пайдаланудағы төлеміміз.
Электр шамын тәжрибеге енгізуде көптеген ғалым, электротехник, электрофизиктер ізденіп жұмыс жасады. 1803 жылы орыстың ғалымы В. Петров алғаш рет электр шамын ойлап шығарды. Оны «Электр доғасы» деп атады.
1810 жылы ағылшын физигі Деви өз шамын ұсынған. 1873 жылы орыс электротехнигі Лодыгин, одан соң «Эдисон шамын» 1879 жылы Томас Эдисон ұсынған екен. Бүгінгі күнде электр шамын қолданамыз.

Құрылысы: 1. Вольфрам қылы 2. Металл өткізгіш 3. Шыны 4. Түтікше 5. Мойны 6. Оқшаулағышы бар контакті
Бүгінгі күнде қосып - ажыратқыштың көптеген жаңа түрлері қолданылады.
Корпусы пластмассадан, фарфордан жасалған өзек, түйіспелер мен түйіспе бұрауыштардан тұратын электр патрондары электр шамын электр тізбегіне қосу үшін қолданылады.
Пәтерлерде электр қоңыраулары қолданылады.

Электр тоғын пайдаланушы көздер. Жұмбақтарды шешу арқылы суреттер:
1. Кино менен концертті
Үйде қойып беремін.
Жаңалығын бар елдің
Өз көзіммен көремін. (теледидар)

2. Іші салқын, мұзы бар
Күннен қашқан қой сынды
Жылыда тез бұзылар
Барша тағам тығылар. (мұздатқыш)

3. Едендi кеп жаласа,
Қалдырмас ол түгiнде.
Аузына оның таласа
Бар қиқым жүгiндi,
Тазалауы тамаша,
Кiлем мен алаша,
Жайнайды қараса. (Шаңсорғыш)

4. Қызып кетсе табаны
Бар жалғыз - ақ алаңы
Бар жалғыз - ақ шатағы
Іздей бастар матаны. (үтік)
Электр тоғын пайдаланушылар телевизор, холодильник, компьютер, асханалық электр құралдары, фендер, үтіктер, шаң сорғыштар т. б заттар.
Электр энергиясын үнемдеу
Электр энергиясын үнемдеуде қазіргі кезде ықшам люминицентті шамдарды қолдану ұсынылуда.

Қарапайым қыздыру шамдарының орташа қызмет мерзімі – 1000 сағат, ЫЛШ - да ол 15000 сағатты құрайды! Жоғары құнына қарамастан, жалпы ЫЛШ қарапайым қыздыру шамынан үнемді.
Бұл шамдар егер жарамсыз болған жағдайда адам денсаулығына қауіпті екендігі дәлелденіп отыр. Шетелде оларды іске аспай қалған соң арнайы салатын жәшіктерге салып жөнелтеді екен, ал бізде ол жағы қарастырылмаған. Сондықтан бұл шамдардың қауіптілігін ескерген жөн.
• Қуат үнемдейтін шамдарды пайдаланыңыз. Қуат үнемдейтін шамдар дəстүрлі қызу шамдарына қарағанда, қуатты 80%- ға аз тұтынады əрі 8 - 10 есе ұзақ қызмет етеді.
• Табиғи жарықтандыруды ескеріңіз.
• Перделер, түсқағаз ашық түсті болса, терезе үлкен болса, бөлме іші жарық болатынына назар аудар.
• Қазіргі заманғы электр аспаптары аз қуат тұтынады. Жабдықты “stand by” режимінде (күту режимі) қалдырмаңыз, жабдықты “қосу\өшіру” түймешігі арқылы немесе розеткадан суырып өшіріңіз.
• Шаңсорғышты пайдаланған кезде оның қапшығының 1/3 толып тұрса, онда шаң сору қабілеті 40%- ға нашарлайды, осыдан жұмсалатын электр қуатының көлемі 40 %- ға жоғарлайды. Сондықтан қапшығын тазартып алу керек.
• Кір жуу машиналарын ұтымды пайдалану үшін киімдерді сұрыптап салу, кір жуу бағдарламасын дұрыс таңдау, электр қуатын үнемдеудің бірден - бір жолы.
• Электр плитаның мөлшеріне сәйкес емес ыдыстарды пайдаланған кезде 5 - 10% электр қуаты босқа шығындалады.
• Электрлі плиталарды пайдалануда электр қуатын үнемдеу үшін конфорканың диаметріне тең келетін ыдысты пайдалану керек.
Электрлік шайнектің қағын уақтылы тазалап отырған маңызды.
• Шайнектегі қақ, суды бірнеше рет жылытып, қайнатқаннан пайда болады, оның жылу өткізгіштігі төмен, сондықтан қақ тұрған ыдыстағы су баяу қызады.
• Тоңазытқышты ас үйдің ең салқын жеріне қойған жөн, бірақ қандай жағдайда да плитаның жанына қоймаңыз.
• Суықтың шығуын болдырмас үшін, тоңазытқышты мүмкіндігінше аз ашу қажет.
• Тоңазытқышқа жылы тамақтарды қоярдың алдында оларды бөлме температурасына дейін суытып алған жөн.
• Ұялы телефонның зарядтауға арналған құрылғысын розеткаға қосып қалдырған жағдайда, телефон қосылып тұрмаса да, құрылғы қызады, себебі қуат тұтына береді.
• Зарядтауға арналған құрылғы розеткаға үнемі қосылып тұрғанда 95% қуат босқа жұмсалады.

Еліміз «Болашақтың энергиясы» тақырыбында энергия көздеріне баламалы энергия өндірудің жаңа үлгілерін ойлап табу мақсатында «ЭКСПО - 2017» көрмесін ұйымдастыруда. Онда әлемнің барлық компаниялары үлкен қызығушылықпен өз жобаларын ұсынуда. Бұған 50 - дей ірі жоба ұсынылып, оның 10 - ы іріктелді. Оның ішінде "Adrian Smith+Gordon Gill Architecture LLP" нұсқасын таңдау жөнінде шешім қабылданды. Бұл компанияның тек құрылыс ғана емес, "жасыл экономика" саласында да мол тәжірибесі бары ескерілді, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жеңімпаз компанияның жобасы "жасыл" энергетика саласында үлгі болатынын және алдағы құрылыстың осы тәжірибеге негізделетінін айтты.

– Бір мезгілде күн, жел энергиясын, сондай - ақ қоқысты қайта өңдеуден алынған энергияны өндіретін көрме кешені Қазақстан үшін және бүкіл өңір үшін жақсы үлгі болады. Іс жүзінде мұндай ауқымды кешен өзін - өзі электр энергиясымен қамтамасыз етеді, ал күн мен жел қуаты артқан кезде оны қалалық жүйеге беретін боламыз. Бұл – бірегей жоба, біз мұны бірінші рет жүзеге асырмақпыз, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті "EXPO - 2017" көрмесінің барлық орынжайы көрмені өткізгеннен кейін халықтың игілігіне пайдалануға тиіс екеніне тағы да назар аударды.
– Біз Назарбаев Университеті жағынан үсті толықтай жабық, ұзындығы 500 метр көше салу туралы уағдаласудамыз. Адамдар онда қыста да, жазда да емін - еркін серуендейтін болады. Ғимараттың бірінші қабатында сауда кешендері, қалған үш қабатында қонақ үйлер, сәулетті үй - жайлар мен кеңселер болады. Мен үсті жабық қала туралы бұған дейін де айтқанмын, сол ойым енді жүзеге асуда. Бұған қоса онда өтетін түрлі іс - шараларды үш мыңнан астам адам тамашалай алатын, көрермендерге арналған аумағы үлкен ашық алаңдар, сондай - ақ үш мың адамға лайықталған Конгресс - холл болады. Осының бәрі Астана мен Қазақстан тұрғындарының игілігіне айналады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бекіту сұрақтары:
1. Корпусы пластмассадан, фарфордан жасалған
өзек, түйіспелер, түйіспе бұрауыштардан тұрады. Бұл не?
2. Патрон не үшін қажет?
3. Электр бауы мен сымының айырмасы неде?
4. Мына құралдардың қайсысы монтер құралдары?
жұмыр қысқаш, пышақ, түтікше, шеге, тістеуік, бұрауыш, оқшаулағыш таспа, сым, балға.
Тест сұрақтары:
1. Табиғатта ток өткізбейтін материалдарды не деп атайды?
а) тұтынушылар ә) оқшаулағыштар б) электр материалдары
2. Электр тұтынушылар деп нені айтады?
а) эл. тоғын қабылдайтындар ә) электр тоғын ажырататындар б) электр тоғын пайдаланушылар
3. Электр құрал - саймандарының саптары неліктен пластмассадан жасалған?
а) Қорғау үшін ә) жөндеу үшін б) ұстау үшін в) қауіпсіз болу үшін
4. Электр бауы неше ток өткізгіштен тұрады?
а) бір ә) екі б) үш в) екі және одан да көп
Қорытынды:
Электр энергиясын үнемдеудің дайын әдістерін халық арасында насихаттау, елді үнемшілдікке шақыру.
Ата - бабаларымыздың, «судың да сұрауы бар» - деп тегін айтпағанын келер ұрпаққа жеткізу.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма. Электр жабдықтарын білу, құрылысын жатқа білу.
Түсінік айту.

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
Мұқыр ауылы, Мұқыр орта мектебінің
технология пән мұғалімі
Есенғалиева Алуа Ғабдошқызы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×