Сайтқа кіру Тіркелу

Ілмек бізбен түрлі бұйымдар тоқу

Сабақтың тақырыбы: Ілмек бізбен бұйымдар тоқу технологиясы Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Ілмек бізбен тоқудың шартты белгілерімен жұмыс жасау жолдарын үйретіп, өзіндік жұмыстар арқылы меңгеруіне көмектесу. Оқушыға өз бетімен жұмыс істеуге, эстетикалық талғамда орындауға үйрету
Дамытушылық мақсаты: әрбір оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке құзырлығын дамыту
Тәрбиелік мақсаты: өз бетімен жұмыс жасауға, оқушыны жауапкершілікке, оны сезіне білуге, алған өнерін нәтижеге жетуге ұмтылдыру, өзіндік шығармашылық ізденімпаздыққа, ерінбей еңбек етуге және ұлттық ерекшеліктердің құндылығын күнделікті өмірде қолдауға тапсырмалар беру арқылы тәрбиелеу.
Сабақтың мазмұны: І, ІІ, ІІІ кезеңдік тапсырмалар (Оқушының жұмыс дәптері)
Сабақтың әдіс - тәсілі: І кезеңде сұрақ - жауап ІІ кезеңде
а) оқулықпен өз бетімен ізденіс. Ізденіс әдісі: дискуссия. ә) практика: бекіту әдісі ІІІ кезеңде үш деңгейлік тапсырмаларды өз бетімен орындауға үйрету, бағалау әдісі.
І кезең ұйымдастыру кезеңі
“Көпір” тапсырма
Жаңа тақырыпқа қажет болатын өткен материалдарды үйден орындап келу
Сұрақтарға жауап бер.
1. Қолөнер туралы не білесіңдер? Жауабы: Қолөнер ежелден келе жатқан кәсіп.
2. Қолөнердің тіршіліктегі пайдасы қандай? Жауабы: Қолөнердің ең көп қолданылатын орны үй интерьерінде, киім сәндеу кезінде, бас киім сәндеу кезінде көп қолданылып жүр.
3. Қолөнерде тоқудың ерекшелігі қандай?
Ұлттық ерекшеліктерге байланысты тоқу технология әдістерімен орындалады. (орамал, шалғы, ойыншық, шұлық, қалпақ, т. б. жіптің түрлерін қолдану арқылы жасалады)
4. Қандай қолөнер қайраткерлерін білесіңдер? Атын ата.
(Дәркембай Шоқпарұлы т. б. ұстаздар)
ІІ кезең жаңа тақырыпты өз бетіңмен меңгеріп көр
Теориясы.
1. Бос орынға қажетті сөздерді жазып сөйлемді толықтыр
Жауабы:
А) Қолөнер – өз халқыңның дәстүрлі көркемдік мұрасы.
Ә) Қолөнердің ерекшелігінің бірі – тоқу.
Б) Қолөнер дегеніміз – қазақ қолөнері, өз халқыңның дәстүрлі көркемдік мұрасы.
В) Қолөнердің орындау технологиясында түрлі жіптермен тоқу түрлерін орындау.
2. Саған мына тоқу түрлері таныс па? Тоқып көр
3. “Қарлы кесек” ойыны
Оқушылар кезектесіп қолөнер түрлерін айтады. Әр келесі оқушы алғашқы оқушыға айтқан ақпаратты қайталайды. Сосын өзі қайталайды. Соңғысы жинақтап барлық қолөнер ерекшеліктерін айтады
1. Егер қолөнер болмаса жер бетінде көркемдік мұрасы бола ма?
2. Қолөнерде тоқу өнері қашан тараған?
3. Тоқыма киімдер ең ірі көлемде қашан тараған?
Венн диаграммасы: Қолөнердегі ерекшелік
1.“Қолөнер жүйесі” туралы білгеніңді жинақта.
Орталығы – қолөнер.
Панно, жіптің, ілмек біздің суреті, сувенир ойыншық, әшекейлі тоқыма киімдер мен заттар.
Теориясын жинақтау (қорытынды)
Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кесте, сызба, сөзжұмбақ, ребус, т. б. құрастыр.
2. Сөзжұмбақ ойлап тап.
«Жас қолөнер» сөздігінен тақырыпқа қатысты ұғындыру анықтамаларын тауып ал.
А) Қолөнердің атқару қызметі.
Ә) Тоқу өнеріндегі қолданылатын заттар.
Б) Жіптермен тоқу әдісі.
В) Ілмек біз түрлері.
ІІІ кезең
Практикасы
(қолдану қарапайым тапсырмалар)
Практикасы
(баға беру)
Сен қалай ойлайсың?
Не істер едің?
Қолөнердің табиғаттағы әсем көріністердің бірі және қолөнер бұйымдарының өзара ұқсастығы
1. Панно.
2. Тоқыма киімдер
3. Тоқыма бұйымдар
4. Жібек жіп арқылы тоқу.
Халық өнері. Сен қалай ойлайсың?
Басқа қолөнер туралы не білесің?
Оқушылардың өзіндік шығармашылық жұмыстарға қарай өзіндік орындау ерекшеліктерін бағалау. Жұмыс жасау кезеңінде эстетикалық талғамды, таза орындауын, мәдени көзқарасын көрсете білу.
V. Деңгейлік тапсырма. Компьютер арқылы орындау.
Жұмыс дәптері
Оқушының аты - жөні
І. Деңгейлік тапсырма (5ұпай)
Сұрақтарға жауап бер.
1. Қолөнер туралы не білесіңдер?
Жауабы:
2. Қолөнердің тіршіліктегі пайдасы қандай?
Жауабы:
3. Қолөнерде тоқудың ерекшелігі қандай?
Жауабы:
4. Қандай қолөнер қайраткерлерін білесіңдер? Атын ата.
Жауабы:
ІІ. Деңгейлік тапсырма (4 ұпай)
1. Бос орынға қажетті сөздерді жазып сөйлемді толықтыр
Жауабы: Қолөнер, тоқу, қолөнері, тоқу
А) -------------- – өз халқыңның дәстүрлі көркемдік мұрасы.
Ә) Қолөнердің ерекшелігінің бірі – ------------
Б) Қолөнер дегеніміз – қазақ ------------------, өз халқыңның дәстүрлі көркемдік мұрасы.
В) Қолөнердің орындау технологиясында түрлі жіптермен ------------- түрлерін орындау.
2. Саған мына тоқу түрлері таныс па? Тоқып көр
Әр тоқудың атын жаз. Компьютер арқылы орындау.
3.“Қарлы кесек” ойыны
Оқушылар кезектесіп қолөнер түрлерін айтады. Әр келесі оқушы алғашқы оқушыға айтқан ақпаратты қайталайды. Сосын өзі қайталайды. Соңғысы жинақтап барлық қолөнер ерекшеліктерін айтады
1. Егер қолөнер болмаса жер бетінде көркемдік мұрасы бола ма?
2. Қолөнерде тоқу өнері қашан тараған?
3. Тоқыма киімдер ең ірі көлемде қашан тараған?
Венн диаграммасы: Қолөнердегі ерекшелік
ІІІ. Деңгейлік тапсырма (3 ұпай)
Еркін тақырыпта ілмек бізбен бұйым тоқу
Қолөнердің табиғаттағы әсем көріністердің бірі және қолөнер бұйымдарының өзара ұқсастығы
1. Панно.
2. Тоқыма киімдер
3. Тоқыма бұйымдар
4. Жібек жіп арқылы тоқу.
Халық өнері. Сен қалай ойлайсың?
Басқа қолөнер туралы не білесің?
Оқушылардың өзіндік шығармашылық жұмыстарға қарай өзіндік орындау ерекшеліктерін бағалау. Жұмыс жасау кезеңінде эстетикалық талғамды, таза орындауын, мәдени көзқарасын көрсете білу.
VІ. Бағалау. Бағалау парағы (+ сыныпта орындалған тапсырмалардың, V – үйде орындалған тапсырмалардың белгісі)
VІ. Үйге тапсырма беру Ілмек бізбен бұйым тоқу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Күнтізбелік жоспар еңбекке баулу 3 сынып

Күнтізбелік жоспар еңбекке баулу 3 сынып

Күнтізбелік жоспар. Еңбекке баулу 3-сынып. Барлығы – 68 сағат, аптасына 2 сағаттан...
Халқымның ұлттық өнері

Халқымның ұлттық өнері

Бабаларымыздан қалған асыл қазынамыздың бірі – ұлттық қолөнер. Ұлттық қолөнеріміздің өзі бірнеше түрге бөлінеді: киіз басу, тігін тігу, тоқыма өнері,...
Ілмек бізбен бұйымдар тоқу технологиясы

Ілмек бізбен бұйымдар тоқу технологиясы

Қызылорда қаласы, №173 Ә. Молдағұлова атындағы орта мектебінің технология пән мұғалімі: Абдрахманова Айгүл Абсадыққызы...
Қазақтың қолөнері. Тоқыма өнері

Қазақтың қолөнері. Тоқыма өнері

ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы Крупская атындағы орта мектеп-балабақшасының технология пәнінің мұғалімі Ғылыми жетекшісі: Саябаева Гүлғайша Жакеновна...
Өрнектеп тоқу түрлері

Өрнектеп тоқу түрлері

Абилхайрова Толқын Бисенбіқызы. Атырау обл, Исатай ауданы , Жанбай селосы. Х. Наубетов атындағы орта мектеп. Технология пәні мұғалімі....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×