Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Иық бұйымдары, түрлері. Ұлттық камзол түрлері

Сабақ тақырыбы: Иық бұйымдары, түрлері. Ұлттық камзол түрлері.
Сабақтың мақсаты: Иық бұйымдары түрлерімен таныстыру, киімге қойылатын талаптармен таныстыру, қазақ ұлттық киімін дайындаудың ерекшеліктерін ашып көрсету. Конструкторлық ойлай білуді, дербестікті, моторлық біліктерді, байқағыштықты дамытуға жағдай жасау. Зейіндікке, жұмыс атқару кезінде жауапкершілікке, мұқияттылыққа, дәлдікке, сенімділікке, жұмыс мәдениетіне тәрбиелеу
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, кестелер, сыр сандық.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. "Сыр сандық" сұрақтарына жауап беру.
а) Қандай киім түрлерін білесіңдер?
ә) Белдік бұйымдар дегеніміз не?
б) Белдік бұйымдарға қажетті негізгі өлшем?
в) Белдік бұйымдарды ата?
Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Дәптермен жұмыс.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Иық бұйымдары деп, аты айтып тұрғандай, иыққа киілетін барлық бұйымдарды айтады. Оларға көйлек, халат, шапан, камзол, тон жейде, костюм т. б жатады. Өткен жылы белдемшелі бұйымдармен, олардың тігілу тәсілдерімен таныстыңдар. Иық бұйымдарының айырмашылығы - мұнда мойын ойындысы, қолтық ойындысы, жаға, өңір болады. Сонымен қатар иық бұйымдары қолдану орнына, сәніне қарай ұзын, қысқа, жеңі жоқ, жағасы да әртүрлі пішінде тігіледі. Ер және әйел киімдерінің өзіндік конструкциялық ерекшеліктері болады.
Киімнің конструкциялық ерекшеліктері
Әйелдер киімі:
Кеуде, бел, иық бүкпелері болады
Ерлер киімі
Иығы кең, түймелік орны солдан оңға қарай бағытталған
Адамның жас ерекшелігіне қарай:
- Мектепке дейінгі балалар киімі
- Мектеп жасындағы балалар киімі
- Ересектер киімі
Силуэт бойынша:
- Қынамалы - Жартылай қынамалы - Тік
Пішімі бойынша:
Тұтас пішілген, бел сызығы бойынша кесілген, қысқа немесе ұзын жеңді, қондырма жеңді, реглан жеңді, құрастырмалы пішілген, қысқа немесе ұзын жеңді, жеңсіз, жағасыз, тік жағалы, шәл жағалы.
Көйлек көбінесе белдемшеден және үстіңгі бөліктен құралады. үстіңгі бөлік артқы - алдыңғы бөліктерден, жең, жағадан тұрады. Белдемше тұтас пішілген немесе бірнеше бөліктен тұруы мүмкін.
Белдемшелердің сынасының санына қарай көйлектер бір, екі, көп тігісті болады. Сонымен, қатар тік, кең етекті, қатпарлы, бүрмелі, ши бүрмелі, гофре, бедерлі түрінде кездеседі. Белдемше мен лиф бел сызығы арқылы біріктіріледі немесе біртұтас пішіледі.
Жеңнің аузы пішіміне, ұзындығы мен кеңдігіне қарай қайырылады, түймеленеді, тік және өрнектеліп, қималанады.
Иық бұйымдарын өңдеп - әшекейлеу олардың түрі мен қолдану орнына байланысты.
Киім қолданылуына қарай: тұрмыстық, күнделікті, салтанатты болып бөлінеді.
Иық бұйымдарына жататын қазақтың ұлттық киімдерінің бір түрі - камзолға тоқталайық. Камзол жеңді, жеңсіз, жеңі иықтан сәл түсіңкі түрінде тігіледі. Камзолдың материалы - көбіне түкті пүліш, барқыт, шұғадан тігеді. Ол міндетті түрде бір түсті матадан тігіледі. Әйелдердің жасына қарай камзолдың түсі өзгеріп отырады. Қыздар көбіне алқызыл түсті, орта және үлкен жастағы әйелдер негізінен көк, жасыл, сарғыш түсті камзолдар киеді. Камзолға жаға салынбаған. Камзолдың өңіріне, етегіне ою - өрнек жүргізілген. Жылтыр матадан немесе сәнді жіптермен әр түрлі оюлар жасаған. Камзолға түйме салынбаған, оның орнына ұсталар соққан қарсы ілгектер тағылған.
IV. Өзіндік жұмыс.
Камзолды қағаздан қиып, ою - өрнек жапсыру.
Құралдар: ақ қағаз, түсті қағаз, желім, қайшы, шаблон.
Жұмыстың орындалу реті:
а) Қағаздан камзолдың үлгісін бастырып қиып алу.
ә) Ою - өрнек қиып жапсыру.
б) Сипаттама беру.
в) Жұмыс орнын жинастыру. V. Жаңа сабақты бекіту.
а) Иық бұйымдарына не жатады?
ә) Көйлек қандай бөліктерден тұрады?
б) Қолданылуына қарай бұйымдар қандай түрге бөлінеді?
в) Әйел, ер киімдерінің конструкциялық ерекшеліктері?
г) Силуэт бойынша қандай түрге бөлінеді?
ғ) Камзол қандай маталардан тігіледі?
е) Камзолға түйме орнына қадалатын әшекей бұйым?
д) Киім өңірін сәндеуге арналған тігіс?
VІ. Қортынды Оқушыларды бағалау
VIІ. Үйге тапсырма.
№1 - 2. Иық бұйымдары. Камзол.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету