Сайтқа кіру Тіркелу

Ыстық өткізбеу үшін ыдыстың астына қоятын ағаштан жасалған бұйым жасау

Сарамандық жұмыс
Сабақтың тақырыбы: «Ыстық өткізбеу үшін ыдыстың астына қоятын ағаштан жасалған бұйым жасау»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ағаш және ағаштан жасалған бұйыдар туралы теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде көрсету.
Дамытушылық: Ойлау танымдылық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Жеке және топта жұмыс істей білуге, әдемілікті сезінуге тәрбиелеу және икемділік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Сарамандық жұмыс
Көрнекілігі: Рейка, ара, зімпара қағазы, сызғыш, қарындаш, желім, лак
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабақ
ІІІ. Сарамандық жұмыс
ІҮ. Жаңа материалды бекіту
Ү. Қорытынды
ҮІ. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу
ІІ. Жаңа сабақ: Жұмысқа кіріспес бұрын оқушыларға ағаш туралы, ағашқа байланысты аңыз - өсиеттер туралы мәтін беріп, ой қозғау. Оқушыларға қауіпсіздік ережесін ескертіп сарамандық жұмысты бастау.

ІІІ. Сарамандық жұмыс
ІҮ. Бұйымның жасалу технологиясы

№ Атқаратын жұмыстар График кескін Қажетті құрал - саймандар
1. Өңдеген рейканы 20 - 25 см - ден өлшеп кесу. 3 - 4 бөлік Ара, сызғыш, қарындаш, жұмыс үстелі
2. Қиылған бөлшектің екі шетіне 2 см өлшеп, қиғаштап немесе төрбұрыштап орналастыру Сызғыш, қарындаш
3. Екі рейканың беттесін жерін сызып, арамен жартысына дейін кесу.
Қашаумен ойып түсіру. Ара, қашау, балға, пышақ, сызғыш, қарындаш
4. Дайын бұйымды желімдеу, лактау Желім, лак, губка немесе қылқалам
Ү. Қорытынды
ВЕНН диограмасы
Білемін Үйрендім Білгім келеді
Міне, балалар «Шебердің қолы көпке ортақ» деген халқымыз өнерді қазына, байлық ретінде бағалаған. Сол өнердің бір бөлшегі қолөнерінен жаңа сабақта хабардар болып, сарамандық жұмыс үстінде өзіміз қолымыздан келген өнер туындысын жасап шығардық.
Ұстаздан үлгі алған ұста болар,
Ұстаз сөзі – шәкіртке нұсқа болар.
Асыл сөзін ұғынып алғыр шәкірт,
Екі айтқызбай есіне ұстап алар. – деп бүгінгі сабағымды аяқтаймын.
Жұмыс орнын жинақтап, үйге тапсырма беру.
Ағаштың қадір - қасиеттері туралы деректер жинау.
Ағаштың қасиеті туралы ата - бабаларымыздан келе жатқан аңыз - өсиет.
Ағаш жемісімен, жапырақтарымен, көлеңкесімен және отынымен бізге пайдалы. Бүкіл кітаптар, қағаздар, үйіміздің есігі, терезесі, үстелдер және тақталар, мектеп парталары т. б. көптеген заттар ағаштан жасалады.
Жаңадан өмірге келген сәбидің бесігі де, өміріміз біткеннен кейін қабірге апаратын табыт та сол ағаштан жасалады. Ағаштардың арқасында табиғат көз тартарлық жап - жасыл. Сол тамаша табиғаттың аясында, ағаштардың көлеңкесінде демаламыз. Ағаштар ауаны тазартып, суықта үйді жылытады.
Осы ағаштарды қалай пайдалансақ, оны солай қорғауға тиіспіз.
Ертеде бір патша нөкерлерімен аңға бара жатып, бір ақсақалдың ағаш егіп жатқанын көреді. Патша ақсақалға жақындап келіп сұрайды:
- Неге сонша қиналып жатырсыз? Бұл ағаш бірнеше жылдан кейін жемісін береді. Оған сіздің ғұмырыңыз жетпейді ғой,- дегенде ақсақал:
- Тақсыр, мен өмірімнің жетпейтінін білемін. Бірақ, мен аталарымның еккен ағаштарының жемісін жеген едім. Ертеңгі ұрпақ та менің еккен ағаштарымның жемісін жесін, - деп жауап беріпті. Патша қарияның айтқан жауабына аса риза болып, бір қалта алтын береді.
Сонда ақсақал: - Көрдіңіз бе? Менің еккен ағашым казірден жемісін бере бастады, - депті. Патша бұл сөзге де риза болып, тағы да алтын береді.
- Басқа ағаштар жылына бір рет жеміс берсе, менің еккен ағашым жылына екі рет жеміс береді, - деген екен ақсақал.
... Ертеде Қазан деген батырдың Ораз деген ұлын кәпірлер қолға түсіреді. Оның қол - аяғын байлап, дар түбіне әкеледі. Сонда Ораз: «О, кәпірлер, Тәңірден басқа сенерім жоқ, қасықтай қанымды қиыңдар. Мынау дар ағашымен тілдесуге рұқсат беріңдер», - деді. Сөйтіп ол қу ағашқа қарап, дауыстап сөйлей бастады.
- Мәдинаның есігі болған, ағаш!
Құдаймен тілдескенде, Мұсаның асасы болған, ағаш!
Үлкен дарияларға көпір болған, ағаш!
Қара теңізде қайық болған, ағаш!
Хазреті Әлидің дүлдүліне ер болған, ағаш!
Зұлпықарға сап болған, ағаш!
Хасан мен Хусейнге бесік болған, ағаш!
Ерге де, әйелге де қатер болған, ағаш!
Басың қарасам төбең көрінбес, ағаш!
Мені саған асар болса, құлап түс, ағаш!
Құлап түспесең, мен үшін жазаңды тартасың, ағаш!»

Бұдан соң бала:
- Артымда үйірлі жылқыларым қалды,
Қаны бір жолдас - жорам қалды,
Қолға ұстаған сұңқарым қалды,
Жүйрік аяқтарымнан, мықты қолдарымнан айрылғалы тұрмын,
Бектікке жетпеген аманат басымнан айрылғалы тұрмын,
Жастық шәрбәтінен ішпеген жанымды қия алмай тұрмын, - деді де, еңіреп жылап, жанын жегідей жеген қайғысын ақтарды...
... Дәл осы кезде құтқарушылар да шауып келіп жеткен екен.
Олай болса айналамыздың көркі болған ағашты қорғау біздің парызымыз!

Ағаш
Ағаш – сабақтары мен тамырлары сүректеніп біткен, өте жақсы жетілген діңі бар, биіктігі 2 метрден кем болмайтын көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанда өсетін ағаштардың ең биігі 50 метрден аспайды (қарағай, шырша, емен, жөкеағаш, т. б
Ағаш - адамның күнкөріс қарекеті мен рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны.
Қазақ дәстүрінде жаңа шыққан көкті жұлмайды, ағаш бүрлерін үзбейді. Көк шыбықты, көк өркенді сындырмайды. Өйткені жас өркеннің бәрі бақыттың бастамасы, барлық тірліктің қайнар көзі деп біледі. Көк жұлсақ көктей соласың деп ырымдалады. Сондай - ақ қазақ дәстүрінде қосарланып өскен, қатар біткен ағашты кеспейді. Себебі қосағыңнан айырыласың, қанатыңнан қырқыласың деп тыйым еткен. Яғни, дүние түгел егізден жаралған, ал егіздің сыңарын құлатқан оңбайды, көңілі қапаланып, зарығып өтеді деп қатты ырымдайды.

Ертеде дәстүрлі ортада ағаштың тұрмыс пен шаруашылыққа жарамдылығына қарай отындық ағаш және кәделік ағаш деп екі топқа бөлген. Ал, Ағаштардың өсу, даму сатысына байланысты да екі түрге бөледі: жас ағаш және тіршілік циклы аяқталуы жақын кәрі ағаш. Балғын жас ағашты кесуге қазақтар «коктей соласың» деп тыйым салады. Сондықтан жас, толық өсіп жетілмеген ағашты қажетіне қарай ғана кеседі. Өсіп жетілген ағашты шірімей, құрт жемей тұрып қажетке жаратады. Кәрі қуарған ағашты жығып, шауып отынға пайдаланған.
ВЕНН диограмасы
Білемін Үйрендім Білгім келеді
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×