Сайтқа кіру Тіркелу

Салат даярлау

Тақырыбы: Салат даярлау
Мақсаты:
Білімділігі: көкөністер туралы біліктілігін арттыру, салат түрлерімен таныстыру, салаттардың қалай даярланантынын түсіндіру
Дамытушылығы: ойлау қабілетін дамыта отырып, көкөністерді турау әдістерін үйрету;
Тәрбиелігі: ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Типі: Сайыс сабақ
Әдісі: Топтық жұмыс, венн диаграммасы, «екі бетті күнделік»
Көрнекілігі: Интерактивтік тақта, буклет, суреттер
Сабақ барысы
I Ұйымдастыру кезеңі
А) Сәлемдесіп, журнал бойынша түгелдеу
Ә) Екі топқа бөлу
Б) Сабаққа назарын аудару
II Үй тапсырмасын сұрау
1 - топ
2 - топ
Қарапайым түрлері
Күрделі түрлері
III Бекіту
Венн диаграммасы
Қарапайым түрлері
Күрделі түрлері
IV Жаңа сабақ
Салат – бір немесе бірнеше көкөніс түрлерінен дайындалатын салқын тағам, ол қаймақпен, майонезбен, тұздықпен қатталады. Құрамына қарай салаттың жай және құрама түрлері болады. Жай салатты жасағанда, көкөністерді дөңгелектеп, тілімдеп, шыбықша етіп, ал құрама салатқа текше пішіндеп, майда тілімдеп турайды.
(Суреттер және видеоролик көрсету)
Техника қауіпсіздік ережесі:
1. Техника қауіпсіздік ережесін мұқият сақтауды естен шығарма;
2. Сулы қолмен электр тоғын ұстама;
3. Пышақ, шанышқы, қасықтармен ойнама;
4. Пышақты екінші адамға ұсынғанда сабын қаратып бер;
5. Пышақпен жұмыс істегенде абай бол;
Тазалық талаптары:
1. Отырған орнымызды таза, жинақы ұстау;
2. Әрбір оқушының өзінің алжапқышы, бас ормалы болуы керек;
3. Салат жасар алдында қолымыз жуылып, тырнақ болмауы керек;
4. Жасайтын салаттың көкеністері және ыдыстары, құрал - жабдықтар таза болуы керек;
5. Столда дастарқан болуы керек;
6. Қажетті заттарымыз дастарқан үстіне қойылып, мұғалімнің рұқсатымен басталып жасалады;
Шығармашылық жұмыс (Топтық жұмыс)
2 топ екі түрлі салат түрін жасап, қалай жасалғандығын, салаттың атын айтып береді. Салат жасалып жатқан уақытта екі топтан бір - бір оқушы шығып пайдалы кеңестер айтып береді.
І - топ
1. Сүтті пісіргенде азырақ қант қосса, ыстық күндері ашымай, бірнеше күн сақталады.
2. Шайды тым ыстық күйінде ішкен организм үшін өте зиян.
3. Жұмсақ ыстық нанды пышақты 1 - 2 мин ыстық суға батырып алып тураса, әдемілеп кесіледі.
ІІ - топ
1. Картоптың қабығын аршып, оны үккіштен өткізіп, бетіңізге маска жасап жағасыз. 15мин. кейін жуып тастасаңыз бетіңіз ағарды, әрі әжім түспейді. Күніне 1рет.
2. Сәбіз, картоп, пияз аршығанда қол сарғайып кетеді. Сондықтан да жұмысқа кіріспес бұрын қолды асханалық сірке суына батырылған шүберекпен сүртіп алу керек.
3. Пияз, әсіресе, сарымсақ аршығанда қолда иісі қалып көпке дейін кетпей қояды. Сондықтан әуелі құрғақ тұзбен ысқылап, содан кейіе жылы сумен жуу керек.
Әр топтан өздері жасаған салатқа ат қойып, қорғайды:
1. Салат құрамы.
2. Дайындау әдісі.
V Бекіту
«Екі бетті күнделік»
1. таңқалдырған нәрсе
2. несімен таңқалдырды?
VI Қорытындылау
VII Бағалау
VIII Үйге тапсырма: «Салат түрлері» реферат
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×