Сайтқа кіру Тіркелу

Су моншақтан жасалған бұйымдар

Сабақтың мақсаты: Моншақтармен жұмыс жасауда түрліше композициялық шешім жасауды және әсем сәндік жұмыстар тігуді үйрену. Шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, нәзіктікке тәрбиелеу. Әсемдікті өз қолымен жасауға деген ықыластығын арттыру.

Білімділігі: оқушыларға бисердің шығу тарихы туралы мағлұмат беру, тоқу әдісін үйрету. Дамытушылығы: сәндік қолөнерге қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын дамыту. Тәрбиелігі: өз бетімен жұмыс жасауға, өнерді бағалауға, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сарамандық.
Пәнаралық байланыс: биология, бейнелеу өнері
Көрнекіліктер: моншақтан жасалған панно, схема, журналдар.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа қажетті материалдарды тексеру.
II. Оқушыларға білімдерін тексеру мақсатында қайталау сұрақтары беріледі.
1. Су моншақ дегеніміз не?
2. Су моншақтың қандай түрлерін білесіңдер ме?
3. Су моншақтың отаны?

III. Жаңа сабақ. Су моншақтың аты араб сөзінен“ бусер ” жасанды моншақ дегенді білдіреді. Су моншақ б. з. б IV ғасырда шыны зерттеген кезде пайда болған. Осы кезде әр түрлі формадағы моншақтар әшекейлеу үшін қолданыла бастады. Бірте - бірте моншақтар ұсақталып, біркелкі болып, ертедегі египеттіктердің киімдері әшекейлеуге айналды. Бисер - ұсақ түрлі түсті моншақтар. Моншақ мойынға тағылатын сәндік бұйым. Оның формасы ірі және ұсақ болады. Шыныдан жасалатын қазіргі біз пайдаланып жүрген моншақтардың өзіндік тарихы бар. Аңыз бойынша өте ерте уақытта бай саудагер Жерорта теңізінен Африкаға табиғи сода әкеле жатып құмды жағалауға түнеп түнде от жағады. Оттың қасына үлкен кесек содаларын түсіріп қояды. Таңертең, оттың қолаң тасынан ғажайып тас сияқты, қатты су сияқты мөлдір, таза күн сәулесіне қызған тасты – кристалды көреді. Бұл қазіргі әйнек еді. Осыдан бастап әйнектен түрлі формадағы моншақтар жасала басталады. Ортасынан жіп өткізілетін дөңгелек, сопақша, қырлы моншақтарды әр түрлі халықтар сәндік бұйым ғана емес, оны қаржы орнына (ақша) да пайдаланады.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Эмиль Галле және Тифанни секілді модерн стилінің суретшілері шынының су моншаққа көңіл бөлген болатын. Өткен ғасырдың 20 - жылдары су моншақ әйел адамдардың киімдерін әшекейлеуде сәнгерлерде үлкен қолданысқа ие болды. XX ғасыр бойы су моншақпен сауда тоқтаған жоқ. Жақында су моншаққа деген қызығушылық бүкіл әлемде болды. Су моншақпен тігу шығармашылықтың бір түріне айналды. Қазіргі күнде нағыз үлкен су моншақ шығаратын жер – Жапония, Тайвань, Чехия. Тайвандық су моншақ – сапасыз, өз түрін, түсін де тез жоғалтады да, тез сынады, тесігі инеге кірмейді.. Чехиялық су моншағы өте қажет, бағасы да, сапасы да көңілден шығады. Чех су моншағын әр түрлі нәрсеге қолданады. Өте сапалы саналатын су моншақ – Жапон су моншағы. Жапон су моншағы Чех су моншағынан үлкендеу, ортасының тесігі де үлкен, бағасы да, сапасы да адамдарға қажет.

Су моншақпен сәнді жұмыстар көне заманнан да басталады. Бұны өнертанушы ғалымдарымыз қолданбалы сән өнері шеберлігінің әйгілі осы уақытқа дейін сақталып келген өте әдемі, сапалы орындалған жұмыстарын зерттеу арқылы дәлелдеген. Су моншақ ертеде тау хрустальі мен анық тастардан даярланған. Бағалы тастарға – алмас, лағыл, изумруд, сапфир, табиғи інжу, александрит, янтарь, маржан, жасқырауық тастап жатады. Шыны, моншақ жасайтын, шеберлерді, қатаң ұстап, оларды ешкіммен араластырмады. Басқа мемлекеттерде бәсекелестері болмауын қалады. Әйгілі саяхатшы Марко Полоның әкесі бисер жасау шебері болыпты. Марео Поло өзінің сапарынан оралғанда су моншақ жасау кәсібінен байыған мемлекетті көріп таңданған. Орта Азия мен қазақ халқының сәнді тұрмысында моншақ, маржандау әдісі ертеден белгілі болған. Өте әдемі, көздің жауын алатын, жылтыраған нәзік зат – моншақты барлық ұлттардың қолөнер іскер шеберлері тіккен. Онда маржандау әдісімен әйел баласының сырға, білезік, сақина, алқа, өңіржиек, сияқты заттарын толықтыру үшін, ұлттық киімдер, кимешек, жақтауы, қамзол, тақия, аяқкиімдерді, ат - әбзелдерін безендірген. Қазіргі сәнгерлерде су моншақтарды киімді және аксессуарларды әшекейлеу үшін қолданады. Валентин Юлдашкин көйлектерді тегіс аса керемет су моншақпен кестелейді. Эмануэль Унгаро және Бернара Перридің көптеген су моншақтық алқалары көйлекті су тасқыны және лаулаған от сияқты көрсетеді. Жан - Поль Готье сөмкелерді су моншақ және шыны моншақтармен әшекейлесе, Осимар Версалато белбеумен, жағаларды әшекейлейді. Кристиан Лакруа су моншақтардан жекеттер мен шалбарлардың жеке бөліктерін құрастырған, ал Пако Рабан – түгел көйлекті су моншақпен әшекейлеген.

Сумоншақпен кестелеу технологиясы: Айқас тігіс әдісімен суреттегі түстердің түріне лайық су моншақтарды санап жіпке тізіп бекіту. Бұрыннан белгілі бұл әдіспен бір шетінен бастап, ең соңына дейін қатарымен тізуге болады. Бұл еркін түрде түстердің бірінен кейін біріне ұласуын бере отырып, моншақты тізіп, матаға бекіту әдісі. Айқас тігіс әдісіне қарағанда күрделі жұмыс кескіндемеге қатты ұқсайды.. Оның қолданбалы сән өнері жемісі екенін су моншақтардың жылтырап көрінуінен аңғаруға болады. Берілген тақырып бойынша қағазға эскиз - жоба салынады. Дайын суретті матаға қарындашпен сызып көшіреміз. Моншақты матаға бекіту технологиясын пайдалана отырып, матаның ең оңай деген жерінен жұмысты бастауға болады.

Суреттегі түстердің бір - біріне ауысуын ескере отырып бейнелеуді тігіп шығуға болады. Инені матадан өткізіп суреттегі түсіне лайықтап моншақтар тізіп, салынған сурет өте кіші болса, 1, 2 су моншақтан, сурет ірі, жарық жерге 3 су моншақтан бекітіледі тігілген моншақтар көлденеңінен жатуға тиіс. Жұмысты екі инемен немесе бір инемен де орындауға болады. І. Бір инемен тігу үшін қажетті түстегі су моншақты 4 - 5 см ұзындықта тізіп инені мата астына өткізіп, бастау етіп түйіндеу керек. Осы қатарды басынан бастап сол инемен 2, 3 моншақтың арасынан жіппен бекітіп матаға тігу керек. ІІ. Екі инемен тігу үшін бір инеге моншақ тізіп екі инемен 1, 2, 3 моншақтан кейін матаға бекітіп отыру керек. Моншақты матаға бұдан көп бекітуге болмайды. Егер моншақ көп болып кетсе матаның бетінде 1 салбырап бос қалады. Бисердің отаны - Ежелгі Египет. Міне солардан бисер деген атаумен жаңа ұғым пайда болды. Египеттен, Сириядан бисердің технологиясы Рим империясына дейін тарады. Бірте - бірте алғашқы біздің дәуірімізге дейін Италияда, Грецияда, Германияда, Испанияда, Францияда пайда болды. Уақыт өте келе Шығыс халқына Африка, Индия, Америкаға, Тынық мұхит аралдары мен Европаға, Азияға кенінен таралды. Су моншақтын атауы әр халықта әр қалай болған. Молдавияда - гарданы,

Ресейде - бисер, Қазақстан мен Қырғыстанда – моншақ, су моншақ деп аталады. Моншақпен сәнді жұмыстар жасау тарих өте ардан басталады. Бұны өнертанушы ғалымдарымыз қолданбалы сән өнері шеберлігінің әйгілі, осы уақытқа дейін сақталып келген өте әдемі, сапалы орындалған жұмыстарын зерттеу арқылы дәлелденген. Моншақ ертеде тау хрусталі мен анық тастардан даярлаған. Бағалы тастарға – алмас, лағыл, изумруд, сапфир, табиғи інжу, александрит, янтарь, маржан, жасқырауық тастары жатады. Мұсылман дінінде су моншақтарды тіл, көз, сұқ тимейтін сәнді зат ретінде қолданады. Ресей патшасы Екатеринаға Жәңгір хан бисерден және әсем асыл тастардан әшекейлеген керемет сәнді сәукелені сыйға тартқан екен. Осы кезге дейін сәукеле Ресейдегі мұражайда сақтаулы. Күннің көзінен сақтап, көрмеге көп шығарылмайды, өйткені күн сәулесінен тастар үгіліп қалуы мүмкін.

Бисермен тоқу технологиясы: Паралель тоқу; Дөңгелек тоқу; Инемен тоқу; Ілгекпен тоқу; Қауіпсіздік ережелері 1. Сымды, бисерді ауызға салуға болмайды 2. Сымды қайшымен қияды 3. Сымды көзге жақын ұстамайды.
Технологиялық карта 1. 3 сумоншақ өткізіп, 1 бисерді қалдырып, 2 бисерден сыммен қарсы өту. 2. Сымның басына 3 бисер тізіп, сымның келесі ұшын қарсы өткізу.. 3. Сымның басына 4 бисер тізіп, сымның келесі ұшын қарсы өткізу. 4. Сымның басына 5 бисер тізіп, сымның келесі ұшын қарсы өткізу. 5. Сымның басына 4 бисер тізіп, сымның келесі ұшын қарсы өткізу. /керісінше, кескін кішірейеді/ 6. Сымның басына 3 бисер тізіп, сымның келесі ұшын қарсы өткізу. IV. Сарамандық жұмыс. Бисердің түс ерекшелігіне көңіл бөлеміз, яғни гүлді қызыл түс қылып, ал гүлдің жапырақтарына жасыл түс алайық. Гүлдің өзі де, жапырағы да көрсетілген әдіспен орындалады. Оқушылар білімі тест арқылы тексіріледі. 1) Бисер қандай заттан жасалады? а) ағаштан б) шыныдан* 2) Шыны неден алынған? а) табиғи сода б) тас көмір 3) Бисер түрін тап? а) шыны б) стеклярус* 4) Египетте бисерді алғашқыда қалай атаған? а) бусер* б) бисер 5) Ресейде бисерді өз тәжірибесімен жасаған кім? а) Пушкин А. С. б) Ломоносов М.* V. Жаңа сабақты бекіту. VI. Сабақты қорытындылау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×