Сайтқа кіру Тіркелу

1916 жылғы көтеріліс

Тақырыбы: 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістің алғышарты, сипаты, мақсаты, барысы мен нәтижелері.
Мақсаты:
Біліктілік: 1916 жылғы ұлт - азаттық көтерілістің себептері, сипаты, барысы, басшылары, жеңілу себептері мен тарихи маңызын түсіндіру.
Дамытушылық: Қосымша деректерді, құжаттарды және көркем әдебиеттерді пайдалана отырып, оқушыларды еркін ойлануға, пікір таластыруға, пікір алмастыруға, өз көзқарасын ерікті түрде жеткізуде тез ойлануға, жылдам әрі нақты жауап беруге дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың ұлтжандылыққа, намысшылдыққа, ерлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар: тарих, әдебиет
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: жұппен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Карта, оқулық, С. Мұқановтың «Ботакөз»романынан үзінді, қосымша деректер, А3 маркер
І. Ұйымдастыру кезеңі. (5 минут)
Оқушы назарын сабаққа аудару мақсатында С. Мұқановтың «Ботакөз»романынан үзінді оқып беру.
«Ой қозғау»
- Бұл үзіндіде қандай тарихи оқиға суреттелген? (Оқушылардың жауабын тыңдау)
Патша үкіметінің Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақ даласында болған ұлт - азаттық көтерілісі туралы айтып кету. Сабағымыз бастамас бұрын сыныпты 2 жұпқа бөлеміз. (түстер бойынша )
ІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа тақырыпты өздігінен ашу. (15 минут)
Жұптар жаңа сабақтың мазмұнын ашу, түсіну мақсатында тапсырма беру.
1 - жұп: Көтерілістің болу себебі, мақсаты, сипаты, негізгі ошақтарын анықтау.
Оқулықпен жұмыс жасайды.
2 - жұп: Қосымша материалдарын пайдаланып көтерілістің басшылары, көтеріліс барысындағы ірі шайқастар, олардың нәтижелері мен тарихи маңызы жайлы деректермен жұмыс.
Қосымша деректерге сүйеніп жұмыс жасайды.
Түсініктерін ашу:
А) Постер жасап қорғау.
Ә) Тақырып мазмұнын «дөңгелек үстел» әдісі арқылы ашу.
ІІІ. Сабақты бекіту.
Кесте толтыру.
№ Аумағы Көтеріліс басшылары Себебі Сипаты Қозғаушы күші Жеңілу себептері Тарихи маңызы

«Жедел жауап» сайысы. (5 минут)
1. 1916 ж. ұлт - азаттық қозғалысының басталуына қандай оқиға түрткі болды?
2. Патша жарлығы бойынша Дала өлкесі мен Түркістаннан қара жұмысқа қанша адам алу көзделді?
3. Жетісудағы көтеріліс жетекшісі?
4. 1916 ж. ұлт - азаттық қозғалыста Қазақстандағы ең белсенді болған облысы?
5. Торғайдағы көтеріліс басшысы?
6. 1916 ж. Түркістан өлкесінің генерал - губернаторы кім болды?
7. Патша өкіметінің «Маусым жарлығы» шыққан күнің ата?
8. 1916 ж. көтеріліс тарихы қай шығармадан жазылған?
9. 1916 ж. патша өкіметі қазақ жерін отарлауда қандай тактика қолданды?
10. Көтерілістің жеңілу сипаты, жеңілу себептері, тарихи маңызын атаңдар?
IV. Қорытындылау.
Жұптар сабақ барысындағы іс - әрекетіне «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.
V. Үйге тапсырма беру.
1. А. Иманов туралы қосымша мәліметтер дайындау.
2. «Төңкеріс» сөзжұмбақ құрастыру.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
1916 жылғы ұлт азаттық қозғалысқа 100 жыл толуына орай

1916 жылғы ұлт азаттық қозғалысқа 100 жыл толуына орай

Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке,...
Сырым Датұлы бастаған ұлт - азаттық көтерілісі

Сырым Датұлы бастаған ұлт - азаттық көтерілісі

1783 - 1797 жылдардағы көтерілістің негізгі алғышарттары, қол бастаған көсем, сөз бастаған шешен, халық батыры - Сырым Датұлының өмірі, көтеріліс...
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс

1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс

Қазақстан аумағындағы отаршылдыққа қарсы ең ірі көтерілістің мақсатын, барысын, негізгі кезеңдерін, тарихи маңызын аша отырып, оны Ресей халықтарының...
Ұлт-азаттық қозғалыстың барысы

Ұлт-азаттық қозғалыстың барысы

Оқушыларға 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалысының тарихы мәнін, барысын, нәтижесін түсіндіру....
Қазақстандағы 1916 ұлт- азаттық көтерілістің басталуы

Қазақстандағы 1916 ұлт- азаттық көтерілістің басталуы

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы Қызылбұлақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Жарқынбаев Нұржан Бейсенбекұлы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×