Сайтқа кіру Тіркелу

Энеолит дәуірі

Сабақтың мақсаты: Энеолит дәуірінің ерекшелігі туралы толық мағлұмат беру.
Дамытушылық: Тас дәуірінің ерекшеліктеріне тоқтала отырып, еңбек құралдарының жетіле түсуін анықтауда өз бетімен ізденуге баулу.
Тәрбиелік: Еңбек сүйгіштікке, ата - баба тарихын құрметтеуге, мәдени ескерткіштерді сақтай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, сызбалар

Пәнаралық байланыс: сурет, қазақ тілі
І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу
Сабақты бастамас бұрын, сыныпты топқа бөлу. Топты карточка арқылы бөлу. Сыныпты үш топқа бөлу. Содан соң сыныппен келісе отырып, әр топқа ат қою.
І топ - «Палеолит», ІІ топ - «Мезолит», ІІІ топ - «Неолит»
Әр топтан өз атауы туралы қысқаша мағлұмат алу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.
(топтық тапсырма бойынша)
№1 тапсырма:
3 топқа:«еңбек құралдарының жетілуі» сызбасын толтыр
Палеолит
Еңбек құралдары
Мезолит
неолит
№ 2 тапсырма:
3 топқа: суретке қарап әңгімеле
Ойлан, бұл еңбек құралдары қандай кәсіптің таралғанын білдіреді
№ 3 тапсырма.
Коп нүктенің орнына тиісті сөзді қой.
1 топқа.
Неолиттің басты ерекшелігі................. пайда болды. Адамның өнім өндіріп, құрал - сайман жасауда жеткен жетістіктері тарихта......................... деп аталды.
2 топқа.
жаңа тас дәуірі - неолит дәуірін де орасан зор жаңалықтар орын алды. Ең алдымен тас өңдеу әдістері жетіліп, жоғары дәрежеге жетті. Соның нәтижесінде тастан жасалған құралдардың түрі -................,.....................,............... тағы басқа саны бұрынғыдан да көбейді.
3 топқа
Неолиттік тұрақтардан сәндік әшекей бұйымдар өте көп кездеседі. Балқаштың оңтүстік - шығысындағы неолиттік тұрақтан табылған заттардың көбі............... пен............... жасалған.
№ 4 тапсырма. Тиісті орнына қой.
1 топқа
Шығыс Қазақстан - Зеленая Балка(Усть - Нарым)
Орталық Қазақстан - Пеньки (Зеленая Балка)
Солтүстік Қазақстан - Усть - Нарым (Пеньки)
2 топқа
800 - неолит кезеңі (Қазақстан аумағында неолиттік тұрақтар табылды)
5 мың жыл - Жезқазған өңір тұрақтарынан көне кен жерлеу тұрақтары табылды (қараүңгір тұрағы)
150 - қараүңгір тұрағы (Жезқазған өңір тұрақтарынан көне кен жерлеу тұрақтары)
5 - 3 мың жылдық - Қазақстан аумағында неолиттік тұрақтар табылды(неолит кезеңі)
3 топқа
Аналық ру ------- тайпалық одақ ---------- аталық ру
Өзендік, көлдік - көбіне кезбе аңшылардың уақытша маусымда тұрған жерлері(бұл жерде адамның ұзақ немесе тұрақты тұрғанын көрсетеді)
Бұлақтық - бұл жерде адамның ұзақ немесе тұрақты тұрғанын көрсетеді(көбіне кезбе аңшылардың уақытша маусымда тұрған жерлері)
(сергіту сәті)

ІІІ. Жаңа тақырып түсіндіру.
§13 мыс - тас дәуірі (энеолит)
Жаңа сабақ жоспары
1. Мыс - тас дәуірінің ерекшелігі
2. Алғашқы металл өндіру, мыс және қалайы
3. Орталық Қазақстандағы ежелгі металлургия
Тас дәуірі туралы қайталап өту.
Бұл кезең б. з. б 3000 - 2800 жылдары өткен мыс - тас дәуірінде мыстан жасалған құралдар өндіріске енгізілді. Адамның жасағаны, тапқаны бәрі еңбек өнімі деп аталады. Ең бірінші қолданылған металл - мыс. Бұдан 7мың жыл бұрын адамдар мыс өңдеуді үйренді.

Әйелдер сәнді бұйымдарын ж/е т. б. заттар жасады
Энеолит сөзі - мыс - тас ғасыр дегенді білдіреді. Бірақ металл тасты қолданыстан мүлдем шығарып тастаған жоқ.
Мыс - тас ғасыры қоғамда дегенді білдіреді. Бірақ металл тасты қолданыстан мүлдем шығарып тастаған жоқ.
мыс өңдеу тарихта ең алдымен Қазақстан аумағында басталған болуы мүмкін. Себебі бұл өңірде полиметалл кендері өте көп кездеседі.
Ертеде металл рудасы жер бетінде жатқан. Сол кезеңдерде металдың кейбір түрлері: алтын, күміс, мыс табиғатта дайын күйінде ұшыраған. Б. з. б 3 мыңжылдықтың соңына қараймысқа қажетті мөлшерде қалайы қосылды. сөйтіп металлургияның ең көне қара дүрсін технологиясы мысқа қалайыны қосып қола алу тәсілін ойлап табуға жеткізді.
Сабақты әрі қарай жалғастыру. Мыс игеру Орталық Қазақстан мен Шығыс өңірлерінде қалыптасты. Себебін түсіндіру.
Ескерткіштері туралы қысқаша мағлұмат беру.
Сабақты әрі қарай ойынмен жалғастыру. Жаңа тақырыппен өткен тақырыпты байланыстыру.
Жолға дайындалу ойыны.(оқушылар мағлұмат береді)
1 сұрақ. мезолит
2 сұрақ. неолит
3 сұрақ. энеолит
4 сұрақ. қараүңгір
5 сұрақ. бағыштау.
6 сүрақ. микролит
(Сергіту сәті.)

Сабақты бекіту дискуссиялық тапсырма арқылы
Бағалау: топ бойынша
Үй жұмысы:§13
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×