Сайтқа кіру Тіркелу

Қарлұқ қағанаты

Қарлұқ қағанаты
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан жерінде өмір сүрген қарлұқ қағанатының құрылу тарихын баяндай отырып, қағанаттың жер аумағы, халқы, саяси жағдайы мен әлеуметтік құрылымдарын түсіндіру;
Дамытушылық: Оқушыларға тарихи оқиғалар мен құбылыстарды талдай білуге, салыстыра білуге, өзіндік ой қорыту дағдысын қалыптастыру;
Тәрбиелік: Өз елінің, жерінің тарихын білумен қатар, оны құрметтеуге, ұлтжандылық пен адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, тест тапсырмалары, тірек - сызба, кестемен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, карта, тірек - сызбалар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Сәлемдесу, түгелдеу, оқушы назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
І тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беру.
1. Түргеш қағанатының құрылған жылы:
А. 741 ж
В. 704 ж
С. 756 ж
Д. 751 ж
2. Түргештер туралы алғашқы деректер кездесетін еңбек:
А. “Авеста” кітабы
В. Парсы жазбалары
С. «Күлтегін» ескерткіші
Д. Рузбиханның еңбегі
3. Түргеш қағанатының Үлкен ордасы:
А. Суяб
В. Йасы
С. Күңгіт
Д. Тараз
4. Түргеш қағанатының Кіші ордасы:
А. Суяб
В. Баласағұн
С. Күңгіт
Д. Тараз
5. Арабтар “сүзеген” деп атаған Түргеш қағаны:
А. Сұлу
В. Білге
С. Бумын
Д. Мұқан
6. Сұлу қаған орданы қай қалаға көшірді
А. Суяб қаласына
В. Талас (Тараз) қаласына
С. Күнгіт қаласына
Д. Баласағұн қаласына
7. Арабтар мен қытайлар арасында 751ж. шайқас өткен жер:
А. Имақия қаласы
В. Атлах
С. Құлан
Д. Суяб қаласы
8. “Түргеш қағанының теңгесі”деген соғды жазумен жазылған теңгелер табылған қала:
А. Тараз
В. Суяб
С. Испиджаб
Д. Отырар
9. Ежелден Орта Азияда өмір сүрген иран тілдес халық:
А. Соғдылар
В. Қимақтар
С. Нушебилер
Д. Қарақытайлар
10. “Суяб қаласының батыс жағында бірнеше қала бар. Олар басқаларға тәуелсіз, бірақ түріктерге бағынышты өз билеушісі бар ” деп жазған кім?
А. Махмуд Қашқари В. Сюань Цзянь С. В. В. Бартольд Д. «Күлтегін» жазуында
11. “Соғдылардың ішінде түрікше сөйлемейтіндері жоқ” деп айтқан кім?
А. Махмуд Қашқари
В. Сюань Цзянь
С. В. В. Бартольд
Д. «Күлтегін» жазуында
12. Соғдылардың Түркістан мен Жетісуға қоныс аударуы саудаға байланысты деп айтқан кім?
А. Махмуд Қашқари
В. Сюань Цзянь
С. В. В. Бартольд
Д. «Күлтегін» жазуында

ІІ тапсырма. Жылдар шежіресі
1. 704 - 756 жж -
2. VIғ –
3. 20 -
4. 7 мың –
5. 715 - 738жж -
6. 737ж –
7. 720 - 721жж -
8. 20ж –
9. 751ж –
10. 756ж -
Жауаптары: 1. Түргеш қағанаты хронологиясы 2. Шу, Іле өзендері аймағын мекендеді 3. әкімшілік аймақ 4. әскер саны 5. Сұлу қаған ел биледі 6. қарлұқтармен бірлесіп арабтарды жеңді 7. Күли Шор Соғды жерінен арабтарды қуды 8. сары және қара түргештер арасындағы күрес 9. Атлах шайқасы 10. Түргеш қағанаты құлады

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Қарлұқ қағанатының құрамы және олардың орналасқан жерлері.
2. Қағанаттың саяси жағдайы.
3. Шаруашылығы.
4. Мәдениеті.

Қарлұқ қағанатының құрамы және олардың орналасқан жерлері. Жазба деректерде қарлұқтар біздің заманымыздың V ғасырындағы тирек тайпаларының құрамында кездеседі. Қытай деректерінде қарлұқтардың бұлақ руы Алтай тауының баурайын мекендейтіні хабарланады. VІІ ғасырдың басында Қытайдың «Таншу» әулетінің хроникасында қарлұқтардың түрік тілдес тайпалардың бір тармағы екендігі, олардың құрамында бұлақ, жікіл, ташлық деген тайпалардың бар екендігі көрсетілген.
Араб тарихшысы әл - Марвазидің хабарына қарағанда, қарлұқтардың құрамында 9 тайпа: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін және тухси кірген. Сондай - ақ лазана мен фаракия рулары да аталған.
«Күлтегін» жазуындағы «Қарлұқтарды қырып, басып алдық» деген хабар қарлұқтардың Шығыс Түрік қағанатының құрамында да болғандығын білдіреді. Шамасы осы жеңістен кейін қарлұқтардың бір толқыны Жетісуға қарай жылжиды. Қарлұқтардың Жетісуға жылжудағы және бір себебі Ұйғыр қағанатынан жеңілуі еді.
 Қарлұқ тайпаларының негізгі жерлері: Алтай тауынан – Балқаш көліне дейінгі аралық.
 Алтай тауынан Сырдарияның орталық ағысына дейінгі аймақты алып жатқан ірі тайпалар одағы – қарлұқтар.
 756 жылы Түргеш қағанатының әлсіреген жағдайын пайдаланып, билікті өз қолдарына алып, өздерінің мемлекетін құрды.
Астанасы:
 Қағанаттың орталығы - Суяб қаласы.
 Екінші астанасы - Баласағұн
Қарлұқ қағанатының орналасқан жері. Картамен жұмыс.

2. Қағанаттың саяси жағдайы.
766 - 775 жылдары Қашғарияны жаулап алып, шығыстағы шекарасын кеңейтеді.
Әл - Марвази өзінің еңбегінде: «Қарлұқтар бұрын Тулис тауында тұрды және тоғыз – оғыздарға құл болды», - деп жазады.
Қарлұқтардың ұйғыр қағанатымен күресі: ІХ ғасырдың басында өздерінің шығыстағы жауы Ұйғыр қанатынан жеңіліс табады. Оларға қарсы күрес 20 жылға созылған. Қарлұқтар қырғыздармен біріге отырып, 840 жылы Ұйғыр қағанатын тас - талқан етіп жеңеді.

Қарлұқтардың саманилермен күресі: Самани әулеті мұсылман дінінің шекарасын кеңейту сылтауымен «ғазауат соғыс» жариялап, Испиджабты басып алады. Қала билеушісі Саманилер сарайына алым - салық төлеп тұруды мойнына алады. Саманилер Тараз қаласын басып алып, қалада мешіт салдырады. Тараз қаласы жартылай вассалдық тәуелділікте болады. Ал қаланың билеушісі болып отырған Оғұлшақ қаған уақытша Қашғар қаласына кетуге мәжбүр болған. Қарлұқ қағанатының көпшілік ақсүйек – шонжарлары екінші астана – Баласағұн қаласында тұрды.

Қарлұқтардың арабтармен күресі: Қарлұқтардың арабтарға қарсы соғысы екі ғасырға жуық мерзімге созылған. Бұл мезгілді екі үлкен кезеңге бөліп қарастыруға болады.
1) Қарлұқтардың 712 - 713 ж. ж Соғды, Шаш, ферғаналықтармен бірігіп жүргізген күрес кезеңі. Бұл кезең қарлұқтардың 756 ж билікті өз қолдарына алған кезге дейін созылады.
2) Қарлұқтар күресі ҮІІІ ғ екінші жартысынан ІХ ғ аяғына дейін қарлұқтар жеңіліске ұшырады. Себебі бұл кезде арабтар ислам дінін идеялық қару ретінде қолданды.
Қағандықтың әлсіреуі.
 Қағанатты ішкі талас - тартыстар мен билік үшін күрес әлсіретеді.
 Қарлұқтардың қиын жағдайын пайдаланып, Қашқардың түрік билеушілері 940 жылы Баласағұн қаласын басып алып қарлұқ қағанатын талқандайды.
3. Шаруашылығы. Қағанаттың шаруашылығының дамуы негізінен екі бағытта жүргендігін байқауға болады.

Батыс Қазақстан облысы,
Жаңақала ауданы, Е. Ш. Орақбаев атындағы мектептің
тарих пәні мұғалімі Т. А. Дюсегалиева

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×