Сайтқа кіру Тіркелу

Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы

Сабақтың тақырыбы: Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқының мақтанышы, Қазақ хандығының тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау жолындағы Абылай ханның күрескерлік қасиеттерін ашу арқылы қалыптасқан білімдерін жүйелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау белсенділігін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды патриоттық сезімге, Отан тарихына деген қызығушылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, Абылай хан портреті, Абылай хан туралы айтылған сөздер, т. б
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, жылдар сөйлейді, деректер арқылы ұғыну, топтастыру, салыстыру т. б.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныппен сәлемдесу, түгендеу, оқушылар назарын аудару
2. Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақтары:
1. Қалмақ хандығы орналасқан аймақ
2. Қалмақтардың негізгі көшіп - қонып жүретін аумағы?
3. Қалмақ хандығының күш - қуаты артып, шырқау биікке көтерілген шағы
4. І Петр қалмақ ханына не сыйлады?
5. Қазақ - қалмақ қатынастары туралы не білесіңдер?
6. «Шаңды жорық» оқиғасы қашан болды?
7. Туған елін жаудан қорғауда ерлігімен аты шыққан қазақ жауынгерлері
8. Ш. Уәлиханов Елшібек батыр туралы суреттеп қалай жазған?
9. Қазақ - қалмақ қақтығысын Орынбор губернаторы Неплюев қалай пайдаланды?
10. Қазақтардың қалмақтарды жеңуінің тарихи маңызы қандай?

3. Жаңа сабақ жоспары:
1. Абылай – қазақ хандығының аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері
2. Абылайдың ішкі саясаты
3. Абылайдың Ресеймен қарым - қатынасы
4. Жоңғар хандығының әлсіреуі
5. Абылайдың қазақ жерлерін біріктіру жолындағы күресі
6. Қазақ - қырғыз қатынастары
7. Абылайдың қазақ тарихындағы алатын орны

Абылай хан (1711 - 1781жж.) Түркістан қаласында дүниеге келген.
1771ж Түркістан қаласында бүкіл үш жүздің ханы болып жарияланды.
1741ж. Абылай жоңғарлардың тұтқынына түседі.
1758ж Жоңғарияны Қытай армиясы түгелдей бағындырып алды.
1756ж көктемде Қытай әскерлері 2 жақтан (оңтүстік және шығыс ) шабуылдап, шығыстан келген әскерге Әмірсана мен Қожаберген, ал оңтүстікке Абылай мен Бөгенбай қарсы тұрды.
1761ж Қытай боғдыханы қазақтардың Аягөз өзенінің оңтүстік жағына көшіп - қонуына тыйым салған жарлық шығарды.
1765ж, 1770ж, 1779ж қырғыздарға шабуыл жасап, Көкшетау аумағына атығай руы арасына Жаңақырғыз, Байқырғыз 2 болысын құрып қазақ - қырғыз арасына тыныштық орнауына үлкен себеп болды.
4. Терминдермен жұмыс
Боғдыхан – қытай императорының монғол тіліндегі атауы.
Стелла – ескерткіш, құлпытас.
Шежіре – қазақтардың генеалогиялық кестесі, тарихи жылнама.
Деректер:
Абылай 1761ж ІІ Екатеринаға жолдаған хатында – үй тұрғызу үшін ұста және 200 - 300пұт астық жіберуді сұраған.
Абылай «Жеті жарғы»заңдарында хан билігіне қойылған шектеулерді мойындамады.
Абылайдың қыстары Ертіс өңірінде орналасты.
Абылайдың дамытуды қолдаған шаруашылығы – егіншілік.
Абылайдың өте бір ұнатқан ақыны – Тәтіқара.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Абылай хан билігі тұсындағы қазақ хандығы

Абылай хан билігі тұсындағы қазақ хандығы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын көрсету....
Абылай хан

Абылай хан

Қазақ Ордасының ханы, Қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. 1743 жылға дейін Орта жүздің сұлтаны болған. Әбілмәмбет хан...
Қазақ хандығының құрылуы

Қазақ хандығының құрылуы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Саламатова Алтынгүл...
Қазақ-қалмақ қатынастары

Қазақ-қалмақ қатынастары

• Қалмақ хандығы, оның күшейген уақыты, қазақ-қалмақ қарым-қатынастары, «Шаңды жорық», қазақтардың қалмақтарды жеңудегі тарихи маңызы; • Құжаттармен,...
Абылай  хан билігі тұсындағы қазақ хандығы.

Абылай хан билігі тұсындағы қазақ хандығы.

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы Қалалық классикалық гимназиясының тарих және құқық пәндерінің мұғалімі: Бакеева Гульшат Кайржанқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×