Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақ хандығының құрылуы

Сабақтың мақсаты: 1. Қазақ хандығының құрылу процесін талдау, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын анықтау;
2. Оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін шыңдау үшін ойындар ұйымдастыру;
3. Тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалауға патриотизмге, өз Отанын, елін - жерін қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, ойын элементтері, «Алтын қақпа» ойыны
Көрнекілігі: видеопроектр, карта, суреттер, сызба - нұсқалар
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сыныпты 3 топқа бөлу.
І топ. «Хандар»
ІІ топ. «Батырлар»
ІІІ топ. «Билер»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Алтын қақпа» ойыны
Тас қақпаның сұрағы:
Күміс қақпа
Алтын қақпа

«Хандар» тобына Рухани мәдениетке не жатады?
Қазақ халқының қалыптасуында үлкен рөл атқарған ру - тайпалар?
Әбілқайыр хандығының әлсіреу себебі?

«Батырлар» тобына
ХІҮ ғ сәулет өнерінің ескерткіштері?
«Қазақ» сөзі қай ғасырда этникалық мағынаға ие бола бастады? Қазақ хандығының құрылуына қандай факторлар әсер етті?

«Билер» тобына
Шыңғысханның ұлыстары?
Қожа Ахмет Йассауи кесенесін кім және қандай мақсатпен салдырды?
ХV ғасырда қандай мемлекеттер өмір сүрді?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Өткен сабақпен байланыстыру
Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14 - 15 ғғ. болған әлеуметтік - экономикалық және этникалық - саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды. Әбілхайырдың өз ұлысында қатал тәртіп шараларын орнатуы халық бұқарасының оған деген өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.
Қазақ хандығының құрылуына себеп болған тағы бір жағдай Қыпшақ Қобыланды батырдың Арғын биі Ақжолды өлтіруі болды.

1465 - 1466 жылдары Жәнібек пен Керей Қозыбасы жерінде Қазақ хандығының негізін қалады.
Қазақ хандығы
Ақсүйектер
Қарасүйектер
Видеопроектр арқылы суреттер көрсету.

Тапсырма:

1. Хандар тобына: Қазақ хандығының құрылу процесі
2. Батырлар тобына: Қазақ хандығының аумағы мен халқы
3. Билер тобына: Қазақ хандығының сыртқы саясаты
(Электронды оқулықтан картаны көрсету)

Математикалық ойын
4000/2 - 532= (Әбілқайыр ханның қайтыс болған жылы)
400х3+148= (Моғолстанның құрылған жылы)
2800+105 - 1500= (Әмір Темірдің қайтыс болған жылы)
728х2+0= (Қазақ хандығының құрылған жылы)
4000+221 - 3000= (Шыңғысханның Орта Азияны жаулауды аяқтауы)
500х2+395= (Тоқтамыс пен Темірдің шешуші шайқасы)
3800/2 - 91= (ҚР - ның Тәуелсіздік алған жылы)
ІV. Бекіту кезеңі: Венн диаграммасын толтыру арқылы жүргізіледі.
1. Хандар тобы: Керей мен Жәнібектің тұсындағы жүргізілген саясатты қазіргімен салыстырады
2. Батырлар тобы: Қазақ хандығын Қазақстан Республикасымен салыстырады
3. Билер тобы: Қазақ хандығының аумағын ҚР территориясымен салыстырады
V. Қорытындылау
Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті, әсіресе қазақ хандығының құрылуы тарихтағы маңызды оқиға. Қазір өзіміз өмір сүріп жатқан Отанымыздың іргетасы. «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай тарихты білу баршамыздың парызымыз.
VI. Үй тапсырмасы:
1. Қазақ хандығының құрылуы процесін сызбаға түсіру
2. Керей мен Жәнібек хандар туралы реферат жазу
VII. Бағалау:
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×