Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақ хандары, билері, батырлары

Қазақ хандары, билері, батырлары

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы,
№6 орта мектептің тарих пәні мұғалімі
Мәмбетова Асылай Пернебайқызы

Сабақтың мақсаты: Оқушылар ханның атқаратын қызметі және билердің тарихтағы алатын орны мен қызметі, сонымен қатар жоңғарларға қарсы шыққан қазақтың хас батырлары жайлы кеңінен мәлімет алады; Мәтінді оқи отырып талдайды, бағалайды; Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері артып, өзіндік пікірлерін ортаға салуға үйренеді.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар хандар мен билерді және батырларды бір - бірінен ажырата алады. Қосымша ақпараттарды пайдалана отырып берілген тапсырмаларды орындай алады. Тарихи тілде сөйлеу қабілеттері дамиды.
Сабақтағы іс – әрекет: Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс.
Тарихи тұлғалармен жұмыс, терминмен жұмыс, хронологиямен жұмыс, мәтінмен жұмыс, тестпен жұмыс
Ақпарат көздері Оқулық, Қазақстан тарихынан әңгімелер 5 - сынып, Ж. О. Артықбаев, Ә. Ә. Сабданбекова, Е. А. Әбіл, Алматы «Атамұра» 2015 ж. «Аңыз адам» журналы, ғаламтор, т. б.

Деңгейі Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Блум таксономиясы бойынша І. Ұйымдас тыру
(5 мин) Сәлемдесу, түгелдеу, сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: «Ризамын»
Мақсаты: сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру. Саламатсыздар ма, балалар, мен сіздердей оқушыларға білім беріп жатқаныма ризамын! Әрі қарай оқушылар да өз ризашылықтарын білдіреді...
Сыныпта жағымды ахуал қалыптастырған соң, оқушыларға хандардың, билердің, батырлардың аттары жазылған үлестірме қағаз қималары ұсынылады. Әр оқушы бір қағаз қимасын алады. Барлық оқушы алып болған соң, өз қималарынан ханның, бидің, батырдың аттарын көріп, үш топқа бөлінеді:
1. Қазақ хандары;
2. Қазақ билері;
3. Қазақ батырлары.
Мақсаты: оқушыларды ынтымақтаса отырып, жұмыс жасауға үйрету. Сәлемдеседі,

Оқушылар
3 топқа бөлінеді
суреттің көмегімен сабақтың тақырыбын ашып, мақсатын анықтайды
Білу Тарихи тұлғалар
мен жұмыс.
топтық жұмыс
(10 мин)
«Мен білемін» 3 топқа тарихи тұлғалар жайлы тапсырма беріледі:
І. Қазақ хандары
(Керей мен Жәнібек – 1465 жылы құрылған хандықтың іргесін қалаған қазақтың алғашқы хандары. ХҮ ғасырдың ортасында сұлтандар Әбілқайыр хандығынан бөлініп, «алаш мыңы» аталған тайпаларды ертіп, Жетісу жеріне келеді.
Қасым – қазақтың ұлы хандарының бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі — Әз - Жәнібек ханның ортаншы баласы. Тарихта Қасым ханның есімі Қазақ хандығының күшеюі және нығаюымен тікелей байланысты.

Тәуке - Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы. Мұрагерлік жолмен Қазақ хандығының билік тізгінін қолға алған кезде (1680ж.) Тәуке ел ағасы жасына келіп ақыл тоқтатқан, мемлекет ісіне араласып, мол тәжірибе жинақтаған білікті жан болатын. Сондықтан да ол таққа отырып, әке ісін алға жалғап, оның саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тәукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын мәнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танытатын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде.
2. Қазақ билері
(Төле – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер!
Қазыбек - Қазақ хандығының аса көрнекті мемлекет қайраткері, мәмілегер, Орта жүздің бас биі. Төле және Әйтеке билермен «Жеті жарғыны жасауға» қатысқан Әйтеке – Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың әйгілі биі. Қазақ хандығының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. )
3. Қазақ батырлары
(Бөгенбай – Қанжығалы Бөгенбай батыр 1680 жылдары Түркістан өңірінде Бөген өзенінің жағасында дүниеге келген. 1778 жылы қайтыс болып, Қ. А. Йасауи кесенесінде жерленген.
Қабанбай – Қаракерей Қабанбайдың шын есімі Ерасыл. Әкесі Қожағұлда өз заманында батыр болған. Оның ерекше тұлғасына қарап, жеңгелері Нарбала деп атаған. 1750 жылдары қазақ жерін жоңғарлардан босату үшін болған ірі соғыста ерекше ерлік көрсетеді. Абылай ханның жарлығымен «Дарабоз батыр» атанған.
Наурызбай – Шапырашты Наурызбай 20 жасынан жоңғарлармен болған шайқастарға қатысады. Оның есімі әсіресе жоңғардың батырларымен болған жекпе - жектерден кейін қазақ даласында кең тарады. ) оқушылар топ болып тапсырманы орындайды

басбармақ арқылы топтар бір бірін бағалайды

Түсіну
2. Термин сөздермен жұмыс
(5 мин)
жұптық жұмыс
«Ойлан, жұптас, бөліс» жұпқа термин сөздер жайлы тапсырма беріледі:
І. Хан – орта ғасырлардағы Қазақ мемлекетінің билеушісі, хандықтың басшысы. Бұл билік атадан балаға мұра ретінде қалдырылып отырды. Ханның қолында мемлекеттік маңызы бар көптеген өкілеттік болған. Ол аса маңызды саяси – экономикалық мәселелерді шешу үшін өз атынан Жарлық шығарып отырған.

ІІ. Би – ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің де қызметін атқарған. Билер өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған.
ІІІ. Батыр – әскери өнерді жақсы меңгерген, жау түсірер ерлігімен аты шыққан, қаһармен адамға берілетін құрметті атақ. Батыр атағы мирасқорлық жолымен берілмейді, оған әрбір адам жеке басының ерлігімен ие болады. Батырларды қазақ халқы ежелден құрмет тұтқан.
Берілген тапсырмаларды жұп болып орындап, бірін - бірі толықтырады

бағалау үшін геометриялық фигуралар қолданылады
оқушылар өз өздерін бағалайды

Қолдану 3. Хронологиямен жұмыс
(5 мин)
«Ойлан, ізден» жеке оқушыларға хронология бойынша тапсырма беріледі:
І. 1465ж – қазақтың алғашқы хандары Керей мен Жәнібек хандықтың іргесін қалаған.
ХҮІғ – Жәнібектің баласы Қасым Қазақ хандығының аумағын кеңейтіп, хандықты іргелі мемлекетке айналдырған.
1680 - 1715(1718) жж – Тәуке хан билік етті.
ІІ. 1663 - 1756жж – Төле би өмір сүрген уақыт.
1667 - 1764жж – Қазыбек би өмір сүрген уақыт
1682 - 1766жж – Әйтеке би өмір сүрген уақыт
ІІІ. 1680 - 1778жж – Бөгенбай батырдың өмір сүрген уақыты
1691 - 1769жж – Қабанбай батырдың өмір сүрген уақыты
1706 - 1781жж – Наурызбай батырдың өмір сүрген уақыты Әр оқушы берілген тапсырмаларды орындап, жұмыстарын қорғайды

бағалау үшін бағдаршам қолданылады
оқушылар бір бірін бағалайды
Талдау 4. Мәтінмен жұмыс
(10 мин)
«Бірге ойлаймыз» 3 топқа мәтін беріледі. Мәтінге талдау жасау кесте, сызба арқылы жүргізіледі:
Қазақ хандары
Хандар Өмір сүрген уақыттары Ерлік істері
Қазақ билері
Әйгілі билер Өмір сүрген уақыты Нақыл сөздері
Қазақ батырлары
Қазақ батырлары өмір сүрген уақыты Шын есімі мен берілген аты
Топтар мәтін бойынша кестені толтырады
смайлик арқылы топтар бір бірін бағалайды
Жинақтау
5. Тестпен жұмыс (5 мин)

Тест тапсырмалары ұсынылады
1. Қазақ хандары әулетінің арғы атасы кім?
а) Бұрындық ә) Шағатай
б) Мөңке в) Жошы
2. Әйгілі қазақ билері жасауға қатысқан әдеттік - құқықтық заң жинағын атаңдар: а) Төре бітігі ә) «Жеті жарғы»
б) Қылмыстық заң в) Жарғы
3. Дана, әділдігімен атағы шыққан хан:
а) Бұрындық ә) Тәуке
б) Жошы в) Салқам Жәңгір
4. «Дарабоз» атанған батыр:
а) Бөгенбай ә) Наурызбай
б) Батыр Баян в) Қабанбай
5. Бөгенбай батырдың өмір сүрген уақыты:
а) 1691 - 1769 ә) 1706 - 1781
б) 1710 - 1757 в) 1680 - 1778

Әр оқушы тест тапсырмаларына жауап береді
Бағалау 5 мин Блум таксономиясы бойынша оқушыларға
Қазақ хандарының, билерінің, батырларының тарихтағы алатын орнына баға беру ұсынылады. Оқушылар Қазақ хандарының, билерінің, батырларының тарихи маңызын ашып баға береді. Оқушылар өзін - өзі және бірін - бір бағалайды
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×