Сайтқа кіру Тіркелу

Қытайдағы діндер

Сабақтың мақсаты
1. Оқушыларға көне қытайдағы діндер, көне қытайдағы діни ғұрыптар туралы терең білім беру.
2. Конфуций, дао діндері туралы тың мәліметтер бере отырып білімдерін тереңдету.
3. Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие беру, діни - саяси сауаттылыққа баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, баяндау
Негізгі ұғымдар:
«Да - Сюэ»– ұлы ілім.
«Чжун - юн»– тепе - теңдік туралы.
«Лун - юй»– әңгімелер мен ойлар.
«Дао»– жол.
9 сынып Дінтану
Тақырыбы: Қытайдағы діндер.
Сабақтың мақсаты
1. Оқушыларға көне қытайдағы діндер, көне қытайдағы діни ғұрыптар туралы терең білім беру.
2. Конфуций, дао діндері туралы тың мәліметтер бере отырып білімдерін тереңдету.
3. Оқушыларға патриоттық, толеранттық, эстетикалық тәрбие беру, діни - саяси сауаттылыққа баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, баяндау
Негізгі ұғымдар:
«Да - Сюэ»– ұлы ілім.
«Чжун - юн»– тепе - теңдік туралы.
«Лун - юй»– әңгімелер мен ойлар.
«Дао»– жол.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Идуизімнің негізгі постулаттары не? Оның брахмнизмнен айырмасы не?
2. Сикхтар деген кімдер және олардың ілімі нені уағыздайды.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.
1. Конфуций ілімінің пайда болуы.
2. Діни ғұрыптары мен рәсімдері.
3. Дао дінінің пайда болуы.
4. Дао дінінің ерекшелігі.
1. Конфуций ілімінің пайда болуы.
Біздің жыл санауымызға дейінгі VI ғасырды Қытайда жаңа философиялық - дүниетанымдық ілім пайда болды. Ол бертін келе дін дәрежесінде орнықты. Бұл ілімнің негізін салушы Кун - Цзы немесе Күн - ұстаз (европалық транскрипцияда – Конфуций) болды. Конфуций б. э. дейінгі 551 жылы туып, 407 жылы дүниеден қайтты.
Конфуцийлік тоғыз кітап аталатын жинақ осы Конфуций қаламынан туған шығармалардан құралған деп саналады:
1. –«Өзгерістер кітабы». Бұл кітапқа құлшылық және тылсым дұғалары, өсиет сөздер топтастырылған. Ол алғашқы қауымдық құрылыстан бергіні сөз етеді, барлық кітаптардың ішіндегі көнесі болып табылады. Осыған қарағанда ол бір адамның қаламынан шыққан дүние емес, құрастырылған еңбек болуы ықтимал.
2. –«Көне тарих кітабы». Ол көне уақыттарда жасаған императорлардың аңызбен астасқан тарихынан мәлімет береді.
3. –«Діни өлеңдер кітабы». Жинаққа әлемнің жаратылуы мен құрылуы туралы мифтер, діни мадақ өлеңдері енгізілген.
4. –«Салтанатты рәсімдер кітабы».
5. –«Көктем мен күз кітабы». Даусыз Кун - Цзының төл туындысы деп танылатын бұл кітапта Лу князьдығының тарихы баяндалады.
6. –«Да - Сюэ» (Ұлы ілім).
7. –«Чжун - юн» (Тепе - теңдік туралы).
8. –«Лун - юй» (Әңгімелер мен ойлар).
9. – Кун - Цзының шәкірті және оның ісін алға апарушы Мэн - Цзының атымен аталған еңбек – екінші серияны құрайтың төрт кітап, зерттеуші ғалымдардың пікірінше, Кун - Цзының шәкірттерінің қаламдарынан туған дүниелер.
Кун - Цзы тұрмыста мейлінше талғампаз, кінамшыл болған. Ол, мәселен, уақыты келмей ешқашан асқа отырмаған, дұрыс дайындалмаған, тіптен дұрыс туралмаған тамақты ешқашан татпаған. Үлкендермен, өзінен жасы кішімен амандасу, дұрыс отырып - тұру, төсекке дұрыс жату, үйге табалдырықтан дұрыс ену, дұрыс киініп, тарану, дастарқан басында өзін өзі ұстай білу сияқтылардың бәрі айырықша маңызды саналды.
2. Кун - Цзы ізгіліктің бес түрлі жолын уағыздады, олар: 1) даналық жолы, 2) қайырымдылық жолы, 3) адалдық, 4) үлкендерді құрметтеу, 5) қайраттылық жолдары. Осы жолдармен жүрген жағдайда ғана тұрмыс ретті әрі үйлесімді болмақ. Соның ішінде борышқа адалдық (и), ел билеушісіне берілгендік (чжун), баланың ата - ананы сыйлауы (сяо) және үлкенді сыйлау (ли) ерекше талап етілді.
Конфуций ілімі ата - бабаларды, олардың өмір жолын қастерлеуді уағыздайды.
Қытайлардың отбасындағы ең сыйлы адам – қарттар болып саналған. Әрбір қытайлық қызметке тұрудан бастап, үйленуге дейін ата - аналарының рұқсатын алуды парыз санаған. Олардың түсінігінде – аруақтар отбасымен әрдәйім бірге, тірі кезіндегідей қошемет - құрметті талап етеді. Осыдан әр үйде, отбасының тұрмыс ахуалына қарай, аруақтарға құрмет көрсететін арнаулы орындар болған.
Кун - Цзы алғашқы императорлар кезінде тамаша тәртіп болған, соны толық қалпына келтірген жөн, деп үйретті. Бұл ілімді ғалымдар «алтын ғасыр туралы ілім» деп атайды.
Бертін келе конфуцийлік ілім Қытайдың ресми діни - философиялық жүйесі болып орнықты. Ол даосизммен қатар қытай халқының бет - бейнесін, тұрмыс салты мен мемлекеттік құрылымын айқындаушы ілімге айналды.
3. Дао дінінің пайда болуы.
Бұл діни - философиялық бағыттың негізін салушы – Лао - Цзы. Оның еңбегі даналық сөздерден тұратын «Дао - дэ - цзин» (Дао туралы кітап) деген философиялық трактат.
Бұл кітапта насихатталатын ілімнің негізінде дао түсінігі жатыр. Дао – сөзбе – сөз жол дегенді білдіреді. Яғни ол әрі жол, әрі құдай, әрі ақыл, әрі сөз. Оның не түрі, не түсі, не аты жоқ. Өзі мәңгілік тұрақты, солай бола тұра барлық өзгеретін нәрселердің себебі.
Қандай ниетпен бастамаса да, адамның кез - келген әрекеті зұлымдыққа себепші болады, «кімде - кім әрекет етсе – қателікке ұрынады, кімде - кімнің қолында бір нәрсесі болса, ол жоғалады, сондықтан құдіретті данышпан еш әрекет жасамайды, ол ештемесін жоғалтпайды да; ол дүниенің ырқына бағынады, өз бетінше бірдемені жасаудан бой салады», «данышпанның жүрегі әрнемеге бейтарап, салқын болуы керек, сонда барлық заттар өздігінен өзгереді», «кімде - кім түрлі шаруадан халас болса, соның дені сау болады»– дао ілімінің табиғатын осы қағидалардан байқауға болады.
Адамның міндеті – айналадағының бәрін құлақ түріп, бәрінің мәнін ұғынып, табиғат ғажаптарын тамашалау, онымен үйлесім іздеу, табиғатты өз үйіңнің терезесінен көріп танып білуден артығы жоқ, алыс сапарға шықсаң, солғұрлым аз білесің, деп үйретті философ.
4. Дао ілімі зорлық пен қысастықтың кез - келген түріне қарсы. «Өзінің атын жеңіспен шығару – адамдардың өліміне шаттану» деген сөз. Орта ғасырда даосизм екіге бөлінді:
1. Философиялық мектеп;
2. Діни ілім.
Ұстаздың дүниеге келуі, жасаған кереметтері туралы түрлі аңыздар пайда болды. Ол құдай дағуасына көтерілді. Дао дінінің ортодоксалды кітаптары пайда болды. Солардың бірі –«Әрекеттер мен жазалар туралы» кітап. Ол екі жүз он екі нұсқау мен өсиеттен тұрады.
Дао дінінде тылсым мен сиқыр басым. Бес элемент – металл, ағаш, су, от, және топырақ киелі саналады. Жыланға, айдаһарға, кей ағаштарға құлшылық ұрылады. Дао ғұламалары ортағасырлық Европа сиқыршылары тәрізді алхимиямен шұғылданды, адамға мәңгілік ғұмыр беретін «сиқырлы элексир» іздеумен айналысты. Осы ізденістері барысында олар химия, металдар мен минералдардың қасиеттері туралы бірқатар жаңалық ашты, бағалы дәрі - дәрмектер жасады. Әсіресе, дәстүрлі қытай медицинасының басты элементіне айналған инемен емдеуде үлкен табыстарға жетті. Олар тамақты тоя жеуден сақтандырды, ауық - ауық ашығуды насихаттады, ет тағамдарынан бас тартты. Көптеген тыныс және дене жаттығулары, жекпе - жек өнері (мәселен, у - шу күресі) осы даосизмнен бастау алды.
1927 жылы Қызыл Армия дао тянь - шиінің ордасын талқандап, дінбасы шет елді паналады. «Мәдени революция» тұсында даосизм екінші рет қуғынға ұшырады.
IҮ Сабақты қорытындылау.
1. Конфуций туралы айтып беріңдер.
2. Конфуций дінінің мәні қандай?
3. Конфуцийлік не себепті дінге айналды?
4. Дао туралы түсініктің мәні неде?
V. Үйге тапсырма. оқу, талдау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×