Сайтқа кіру Тіркелу

Ақ Орда

Сабақтың тақырыбы: Ақ Орда ( ХІҮ - ХҮ ғасырдың басы)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты:
А) Ақ Орда 14 - 15ғғ. арасында Шығыс Дешті Қыпшақта өмір сүрген, орта ғасырларда Қазақстан аумағында құрылған алғашқы мемлекеті екенін түсіндіру; Ақ Орданың тарихы, жүргізген ішкі - сыртқы саясаты, экономикалық жағдайы туралы толық мағлұмат беру, 14 - 15ғғ. өмір сүрген Ақ Орда мемлекетінің тарихын қазіргі Қазақстан тарихымен байланыстыру.
Дамытушылық мақсаты:
Оқушыларды тарихи оқиғаларға өз бетінше баға беріп, қорытынды жасауға дағдыландыру, топпен жұмыс істеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:
Өз Отанына деген патриоттық сезімді тәрбиелеу. Тарих пәніне деген қызығушылықтарын арттырып, оқушылардың белсенділігін көтеріп, өз бетінше сараптама жасай алатын тұлғаларды тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Пәнаралық байланыс: география, қазақ тілі пәндері.
Әдісі: Блум таксономиясы, деңгейлеп - саралап оқыту, СТО, Серпілген сауал, Ойлан, Бірік, Жұптас, Аристотель әдісі, Тақырыптың түйінді сөздер.
Көрнекілігі: карта, слайд, топшамалар, плакаттар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар қазір қай мезгіл?
– Қыс мезгілі.
- Олай болса, осы мезгілге байланысты «Қарлы кесек» ойыны арқылы үй тапсырмасын қаншалықты кім жақсы дайындалып келген екен соны анықтайық?
1. Алтын Орданың бірінші орталығы (Сарай - Бату)
2. 1227 - 1255 жылдары Алтын Орданы билеген хан (Батый хан)
3. Батый хан кім? (Алтын Орданы құрушы монғол ханы)
4. Әзірбайжан жерінде мешіт салдырған хан. (Берке хан)
5. Қай ханның тұсында мұсылман діні мемлекеттік дін болып жарияланды? (Өзбек хан)
6. Тоқтамыс қай жылы Мәскеуге басып кіріп, қаланы өртеп жібереді? (1382 жылы)
7. Алтын Орданың соңғы ханы (Шейх - Ахмед)
8. Алтын Ордада салық жинауға жауап беретін адамдар? (Даруға)
9. 1342 - 1357 жылдары Алтын Орданы билеген хан? (Жәнібек хан)
10. Не себепті Алтын Орда деп аталды? (Алтын босағалы «Ақ Ордаға» байланысты)
1. Қызығушылықты ояту(2 мин)

1. Суреттегі ғимарат таныс па?
2. Қайда орналасқан?
3. Қалай аталады?
4. Не себепті резиденция «Ақорда» деп аталған?

2. Мағынаны ашу
ІІІ. Жаңа сабақ. «Ақ Орда» (ХІҮ - ХҮ ғасырдың басы)
Ақорда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Ал, бүгінгі жаңа сабағымызға «Ақ Орда» сөзінің қатысы бар ма, жоқ па оның мағынасын сабақ барысында ашамыз.
Бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі:
1 - топ «Алтын Орда» жоғары деңгейлік тапсырмалар
2 - топ «Көк Орда» ортаңғы деңгейлік тапсырмалар
3 - топ «Боз Орда» қарапайым деңгейдегі тапсырманы орындайды. Әр оқушы тапсырманы жеке орындап межеге жетсе «5», «4», «3» бағасын алады.
ІҮ. «Мәтінмен жұмыс»
1 - тапсырма. Топпен жұмыс. Постер қорғау.
1 - топ (қызыл түс) Ақ Орданың ішкі - сыртқы саяси жағдайы.
2 - топ (көк түс) Ақ Орданың құрылуы, жер аумағы.
3 - топ (жасыл түс) Шаруашылығы.
Постер қорғау. (қима қағаздар беріледі, оқушылар сөздерді қажетінше құрап тақырыпшаның мағынасын ашады)
1 - топқа берілетін сөздер: Ерзен мен Мүбәрак, Ұрұс хан, 1327 - 1328жж, 1368 - 1369жж, 1374 - 1375жж, Түй - Қожа, Тоқтамыс, Әмір Темір, Темір - Мәлік, 1379ж, 1380ж, Барақ, 1428ж, Әбілқайыр хан, ХҮ ғасырда Ұрұс ханның ұрпақтары Ақ Орда жерінде қазақ мемлекетін құрды.
2 - топқа берілетін сөздер: қыпшақтар, қоңырат, арғын, алшын, қаңлы, керей, үйсін, найман., түркі тілдес тайпалардан құралған, Сығанақ қаласы, Орда Ежен мен Шайбан, ХІҮ - ХҮ ғ. ғ
3 - топқа суреттер берілді. (жер диқаншылық, көшпелі және жартылай мал шаруашылығы)
Әр топ плакатқа жұмыстарын талқылау, келесі топтарға баяндап түсіндіру, тыңдау.
Ү. Жеке жұмыс. Блум таксономиясы бойынша орындау.
Ойлау деңгейі Сұрақтар мен тапсырмалар
Білу І - топ Ақ Орданың ішкі – сыртқы саяси жағдайы қандай? Елді кімдер, қай жылдары басқарды? Тізбектеп ата.
ІІ - топ Ақ Орданың жер аумағы қайда орналасқан? Ақ Орданың құрылуы.
ІІІ - топ Шаруашылығы
Түсіну «Сұрақтар түймедағы»
І - топ Нақтылау сұрақтар
1. Елді басқарған хандарды нақтылап ата?
2. Ақ Орданың жер аумағын картадан көрсет?
3.«Ақ Орда» деп аталу себебі неде?
4. Қазақ хандығының құрылуына қай мемлекет басты себеп болды?
5. Ақ Орда тұрғындары жер өңдеу кәсібімен айналысқандығын дәлелде.
ІІ - топ Түсіндірмелі сұрақтар
1. Неге Тоқтамыс Әмір Темірге тәуелді болудан бас тартты?
2. Ақ Орданың этникалық құрамын нақтылап ата?
3. Қай ханның тұсында Ақ Орда Алтын Ордадан оқшаулана бастады?
4. Неге билікке келген хандар (Мүбәрак, Ұрыс хан) өз атынан теңге соқтырады? Қалай ойлайсың?
5. Ерзен хан қай қалаларда мешіт салғызды?
ІІІ - топ Қарапайым сұрақтар
1. Ақ Орда мемлекеті нешінші ғасырда өмір сүрді?
2. Орталығы қай қала?
3. Қай ханның тұсында Ақ Орданың қалалық мәдениеті дами түсті?
4. Халқы қандай шаруашылықпен айналысты?
5. Ақ Орданың алғашқы ханы?
Қолдану
І – топ
Математикалық есеп
1. (286+2368): 2= (1327ж)
Мүбәрак хан Сығанақ қаласында теңге соқтырды.
2. (1345 - 1003)*4=(1368ж)
Ұрұс хан Сығанақ қаласында теңге соқтырды.
3.(3966+318): 3= (1428ж)
Шығыс Дешті қыпшақтағы билік Жошының шайбани әулетінен ұрпағы Әбілқайыр ханға тиеді.
ІІ - топ
«Бос орынды толтыр»
Ақ Орда -.................. аумағында........... кейінгі құрылған алғашқы мемлекет. Орталығы................. өзенінің орта ағысы бойына орналасқан............... қаласы болды. Ақ Орда............... өзенінен.............. ойпатына дейінгі, Сырдарияның............ және............... ағысы аралығындағы кең - байтақ аумақты алып жатты.
............. жылдардың өзінде мемлекеттің астанасы................. бір жылдың ішінде............ хан ауысады. Осы талас - тартысты дер кезінде пайдаланған Орда Еженнің ұрпағы............. хан билігін өз қолына алып, мемлекеттің күш - қуатын нығайтады.
ІІІ - топ
«Ақ Орда» ассоциация құру
Талдау І - топ Алтын Орда мен Ақ Орда арасындағы айырмашылығын талдаңдар.

ІІ - топ Алтын Орда мен Ақ Орда арасындағы ұқсастығын талдаңдар.
ІІІ - топ Неге мемлекет «Ақ Орда» деп аталды?
Жинақтау І - топ Астана қаласындағы «Ақ Орда» резиденциясының атауы мен ХІҮ - ХҮ ғасырда құрылған «Ақ Орда» мемлекеті атауының арасында байланыс бар ма?
ІІ - топ Тақырыптық түйінді сөздер.
ІІІ - топ Ақ Орда мемлекетіндегі хандарды тізбектеп жинақта

Бағалау Бүгінгі сабақтың жетістіктерін атаңыз?
Оқыған материалдың құндылығы қандай? Өз ойыңыз?

ҮІ. Рефлексия «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», «Бағдаршам» арқылы сабақты бағалау.
Үйге тапсырма: «Ақ Орда» мемлекеті (эссе).
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×