Сайтқа кіру Тіркелу

Теңгенің шығу тарихы

Сабақтың тақырыбы: Теңгенің шығу тарихы
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға еліміздің экономикасы, ұлттық валютасы, оның шығу тарихы туралы мағлұмат беру арқылы білімдерін жетілдіру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Күнделікті өмірмен байланыстыра, ақпарат құралдарының мәліметтерін пайдалана отырып, оқушылардың ой - өрісін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосуға ықпал ету, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, талдау, жинақтау, иллюстрация, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд.
Сабақтың жабдығы: компьютер
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, дүние жүзілік тарихы, география
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Мемлекеттің экономикадағы рөлі
Үй тапсырмасын пысықтау үшін бүгін 2 ақпан дүние жүзіндегі мемлекеттерде қандай айтулы мерекелер болып жатқанынан хабардар болайық. Ол үшін «Әлемдегі айтулы мерекелер» атты ойынын ұйымдастырайық. Үй тапсырмасының сұрақтарына жауап берейік. Сұрақтар:
- Мемлекет экономикада қандай қызметтер атқарады?
- Дж Мейнард Кейнстің теориясының мәні неде?
- Нарықтық экономиканы қорғау үшін мемлекет қандай заңдар қабылдайды?
- Экономика саласындағы үкіметтің әрекеті қандай?
- Адам Смиттің теориясының мәні неде?
- Үкіметтің бәсекені қолдау және қорғау жолдары қандай?
ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру
Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін жариялаған соң еліміздегі экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени салаларын дамытуда жұмыстар жасай бастады. Экономикалық саласына тоқталсақ: экономикалық реформа қабылданды. Жоспарлы - әміршілдік экономикалық даму жолынан нарықтық экономикалық даму жолына бет алдық. Тәуелсіз мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі - оның ұлттық валютасы болып табылады. Сондықтан 1992 жылдың 12 қаңтарында Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен ұлттық валютаны дайындауға кірісті. Төмендегі тақырыптар бойынша түсініктеме жұмыстары жүргізілді:
 Ұлттық валютаның «Теңге» деп аталуы;
 Теңге дизайнын жасау;
 ҚР Ұлттық банкі;
 15 қараша 1993жыл (әрбір номиналға жеке тоқталу);
 15 қараша 2006 жыл;
 Мерейтойлық, ескерткіш банкноттар;
Теңге тәуелсіз, егемен Қазақстанның рәмізі екендігінің, еліміздің кешегі күнінің айғағы сенімді бүгініміздің дәлелі және жарқын болашағымыздың кепілі болып табылады. Алдағы уақытта Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы теңге әлемдік рынокта құны жоғарлап, доллар, еуро, иена сияқты дүниежүзілік валюталар қатарына айналуына сенім білдірейік.
ІV. Жаңа сабақты бекіту
Жаңа сабақты бекіту мақсатында «Қазақстан аумағындағы ақшалар» атты ойын ұйымдастыру. Оқушылар жаңа сабақтың сұрақтарына жауап беру арқылы тақтадан ұлттық валютамыз теңге айналымға енгенге дейін Қазақстан аумағында қолданыста болған ескі ақшалардың суреттерін толық көре алады.
Сұрақтар:
- Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңге тұңғыш рет айналымға қашан енгізілді?
- Ұлттық валюта теңгенің дизайнын кімдер жасады?
- Не себепті теңге атауы таңдалды?
- Теңгенің алғашқы айналымында қандай номиналды банкноттар шықты? Кімдер бейнеленді?
- Теңгенің алғашқы айналымында қандай номиналды банкноттар шықты? Кімдер бейнеленді?
- Қазіргі айналымдағы ақшалар қашан енгізілді? Ерекшелігі неде?
- Қандай мерейтойлық және ескерткіш ақшаларын білесіңдер?
V. Қорытындылау: Сабаққа белсене араласқан оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқталу, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма:
• Теңгенің шығу тарихы (конспект бойынша)
• “Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңге” мәнжазба жазу.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ұлттық теңге

Ұлттық теңге

Әр елдің өзінің төл ақшасы болады. Қазақстанның да «теңге» деп аталатын өзінің ұлттық ақшасы бар. Сонымен қатар көрші елдердің де өз ақшаларының өз...
20 тг, 50 тг, 100 тг монеталар

20 тг, 50 тг, 100 тг монеталар

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Айтиев селосы, Айтиев бастауыш мектебінің мұғалімі Танатарова Шолпан Каратаевна...
Алтын теңге

Алтын теңге

Мақсаты: ақша түрлері және оның тарихы туралы түсінік беру. Оқушылардың сөйлеу тілін, мәдениетін дамыту. Өз Отаны - Қазақстанға деген мақтаныш...
Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы

Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы

Мұғалім сөзі: Еліміздің ұлттық валютасы теңгенің шығу тарихын әрбір қазақстан азаматы білуі тиіс. Себебі халықаралық экономикада, еліміздің қаржы...
Тәуелсіздік символы – ұлттық теңге

Тәуелсіздік символы – ұлттық теңге

Тақырыбы: Тәуелсіздік символы – ұлттық теңге Зерттеу жұмысының мақсаты: Тәуелсіздігіміздің символы – ұлттық теңгеміздің тарихын дәріптеу Жоспары:...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×