Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Ұлт-азаттық қозғалыстың барысы

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалысының тарихы мәнін, барысын, нәтижесін түсіндіру.
2. Оқушыларды ерлікке, елін, жерін, туған Отанын сүюге тәрбиелеу.
3. Қозғалыстың тарихи маңызын, қорытындыларын ашып көрсету.

Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың формасы: ұжымдық, топтық
Сабақтың тәсілі: мазмұндау, түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: карта, бүктеме, топтамалар

1. Ұйымдастыру:
Оқушылармен амандасу және түгендеу.
Сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру: 1 - тақырып бойынша сұрақтар қою.
3. Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.
4. Жаңа материалды түсіндіру:
Сабақтың жоспары:
1. Қозғалыстың Жетісудағы орталығы
2. Торғайдағы көтеріліс орталығы
3. Қозғалыстың қорытындылары, жеңілу себептері, тарихи маңызы
1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың ірі орталықтарының бірі Жетісу болды. Орасан зор өңірді түгелдей халықтық қозғалыстың жалыны шарпыды. Көтеріліске шыққан халықтың қалауымен көтерілісшілер болыс Бекболат Әшекеев, Тоқаш Бокин (Верный уезі), Жәмеңке Мәмбетов, Ұзақ Саурықов ( Қарқара ), Ақкөз Қосанов (Меркі ауданындағы Құрақты болысы ) және т. б. басқарды.
1916 жылғы қозғалыстың ең ірі оқиғаларының бірі торғай облысында орын алды. Мұнда қазақ шаруаларының күресі мейлінше табанды болып, ұзаққа созылды. Онда билік көтерлісшілер қолына көшті. Көтерлісшілер Нияз бидің немересі Әбділғафар Жанбосыновты хан етіп сайлап, Амангелдіні сардарбегі етіп сайлады. Көтеріліске жалпы саны 20 000 дейін жеткен.
1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс империализмге, отаршылдыққа қарсы сипатта болды.
Көтерілістің жеңіліс табуының басты себептері, оның бытыраңқылығынан, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігінен, арақатынастың тұрақты болмауынан еді. Ұлттық - демократиялық зиялылар қатарында да бірлік болмады. Көтеріліс қазақ халқының таптық сана - сезімінің өскендігін көрсетті. Халық қозғалыс барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару апаратын құрды. Шын мәнінде, 1916 жылға көтеріліс – ХХ ғасырдың соңындағы қазақ халқының қолы жеткен саяси тәуелсіздігі мен ұлттық мемлекеттілігі үшін күрестің бір белесі болып, тарихта өз орнын алды.

5. Жаңа білімді тексеру:
1. Ұлт – азаттық қозғалысының Жетісу және Торғай орталықтарында болған оқиғаларын салыстыра отырып сипатта.
2. Патша отаршылдарының көтерілісшілерге қарсы күрес тәсілдері мен жазалау шараларына баға бер.
3. 1916 жылғы қозғалыстың тарихи маңызы неде?
4. Көтеріліс жетекшілері туралы не білесіңдер?

6. Сабақты бекіту:
1. негізгі ұғымдар мен даталарды жазу.
2. Картамен жұмыс істеу.
3. Тарауға берілген қорытындыны оқып, талдау,
1. Кестені толтыр:
Қозғалыстың Жетісудағы орталығының басшылары
Негізгі оқиғалар
Патша өкіметінің қозғалысты басу үшін қолданған шаралары
Қозғалыстың нәтижесі
Қозғалыстың Торғайдағы орталығының басшылары
Негізгі оқиғалар
Патша өкіметінің қозғалысты басу үшін қолданған шаралары
Қозғалыстың нәтижесі

2. Кестемен жұмыс:
1916 жылға ұлт - азаттық қозғалыстың қорытындылары жеңілу себептері тарихи маңызы
3. 1916 жылғы ұл - азаттық қозғалыстың тарихи қазақ - кеңес әдебиеті классиктерінің қай шығармаларында суреттелді?
Реті Шығарманың авторы Шығарманың аты Жылы
4. Анаграмма шешу.
7. Үйге тапсырма беру: 2 - тақырыпты оқу, 3, 4 сұраққа жауап беру.

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,
"Казатком орталау мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
тарих-құқық және экономика негіздері пәнінің мұғалімі
Сабдалиева Назгүл Сламжановна
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы

Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы

Оқушыларға механикалық қозғалыс, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырмалылығы туралы түсінік Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға...
Сырым Датұлы бастаған көтерілісі

Сырым Датұлы бастаған көтерілісі

СҚО, Ғ.Мүсірепов атындағы аудан, Мұқыр ауылы Жеңіс негізгі мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Құлмағанбетов Елеусіз Елтайұлы...
Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс

Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс

Қызылорда қаласы №211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Батракова Лаура Майдановна....
Қазақстандағы 1916 ұлт- азаттық көтерілістің басталуы

Қазақстандағы 1916 ұлт- азаттық көтерілістің басталуы

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы Қызылбұлақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Жарқынбаев Нұржан Бейсенбекұлы...
Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі

Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылы, Жаңабұлақ ОЖББМ тарих пәні мұғалімі Молдашев Сансызбай Пауетденұлы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету