Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақстанның XIV – XV ғасырлардағы сәулет өнері

Тарих 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның XIV – XV ғасырлардағы сәулет өнері
Сабақтың мақсаты.
Білімдік: Орта ғасырлардағы қазақ жеріндегі білімді, ғылымды меңгеріп, артына өшпес із қалдырған ғұламалармен таныстыру, XIV – XV ғасырлардағы сәулет өнерінің тамаша үлгілері – ескерткіштер, қолданбалы өнер туындыларын, қазақ жерінде қандай мәдени орындар бар екенін түсіндіру, кесенелерді, құрылыс, материалының жоғары сапалы болғаны жөнінде түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Кесенелердің, ғимараттардың ою - өрнектермен безендірілуіндегі ерекшеліктерді салыстыра отырып, оқушыларды өз халқының бай мәдениетімен таныстыру, оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін арттыру, ойын еркін айтып, жеткізе білуге үйрету. Рухани байлығын көтеру.
Тәрбиелік: Өз елінің, жерінің, басқа ұлттардың тарихи ескерткіштерін қорғауға, өнер ескерткіштерін түсініп, бағалай білуге, өз ұлтының мәдениетін жоғары деңгейде өркендеуіне үлес қосуға, Отанымыздың байлығын қастерлеп, тарихты бағалай білуге, патриоттық сезімін қалыптастыру, имандылыққа тәрбиелеу, Отанын сүюге үйрету.
Сабақтың түрі: Семинар, саяхат сабағы, сөзжұмбақ, ˝Көш ˝ ойыны.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, география, бейнелеу өнері.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ауызша әңгіме, көрініс, көрнекіліктер т. б.
Сабақтың көрнекілігі: Кесенелердің суреті, сөзжұмбақтар, кітаптары, Қазақстан мәдениеті туралы бейнефильмнен үзінді

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың оқу құралдарын түгендеу.
Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.
Оқушылардың ынта - зейінін, назарын сабаққа аудару, күннің атын, сабақтың тақырыбын тақтаға жазу.
Оқушыларды 3 топқа бөлу.
1 – топ. Алғырлар 2 – топ. Тапқырлар. 3 – топ. Болашақ.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
1 – тапсырма
Өткен параграф бойынша оқушылар бір - біріне сұрақ қойып, пікірталас ұйымдастырады.
1 – топ.
1. Материалдық мәдениет дегеніміз не?
2. Рухани мәдениет деп қандай мәдениетті айтамыз?
3. Ауыз әдебиетінің қандай жанрларын білесіңдер?

2 – топ.
1. Қандай аңыз әңгімелерді аспан денелері туралы баяндалады?
2. Авторы белгілі ауызша поэзияның өкілдері кімдер?
3. Жазбаша әдебиет өкілдері кімдер?

3 – топ.
1. Музыка қалай пайда болды?
2. Діни наным – сенімдердің қандай түрлерін білесіңдер? Ислам діні қай хандар кезінде кеңінен тарала бастады?
3. Шаманизмнің қандай наным – сенімдері сақталған?

2 – тапсырма. Тақырыпқа сәйкес өз беттерімен орындаған шығармашылық жұмыстарын өздеріне қорғату.
Рефераттар.
1 – топ."Отырар " рефератын қорғайды.
2 – топ. " Қожа Ахмет Йассауи сәулет ғимараты " рефератын қорғайды.
3 – топ. " Әбу Насыр әл – Фараби " рефератын қорғайды.

III. Жаңа сабақты түсіндіру.
" Сәулет өнері " (Топтастыру стратегиясы ).
Сәулет өнері дегеніміз не, қалай түсінесіңдер?
Балалар, сәулет өнері Қазақстанның X – XII ғ. Қарахан мемлекетінің кезінде өркендей бастады. XIII ғасырда Монғол шапқыншылығы сәулет өнерінің дамуына үлкен кесірін тигізді. XІV – XV ғасырдың басынан архитектуралық маңызы бар ірі құрылыс салына бастады, ол кезден бізге жеткен сәулет өнерінің тамаша үлгілері Арыстан баб, Қожа Ахмет Йассауи, Көккесене, Алаша хан, Дәуітбек, Тектұрмас сияқты кесенелер жатады.
Компьютерден осы кесенелерді көрсетіп, саяхат жасаймыз. Кесенелердің орналасқан жерін картадан оқушылар көрсетеді.
Ел аузындағы аңыз бойынша Арыстан баб, Қожа Ахмет Йассауи туралы айтып өту.
Неге көш деп аталады? "Көш " ойыны (Ұлы Жібек жолы туралы сұрақтар қою)
Тақтаға 9 түйенің суреті ілінеді, түйенің өркешінде сұрақтар берілген. Ойын барысында әр топтың басшысы 3 сұрақтан алып, тобымен ақылдаса отырып жауап береді.

1. Сәулет өнері деген қандай өнер?
2. Арыстан баб кесенесі қанша рет қайта салынды, неге?
3. Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің құрылысы жайлы не білесің? Кесенені кім салдырды, қандай мақсат көзделді? Аңызын білсең айт.
4. Рабиға Сұлтан Бегімнің кесенесі туралы не білесің?
5. Археологиялық зерттеу жұмыстарының барысында қандай сәулет өнерінің ескерткіштері белгілі болды?
6. Моншалар қай қаладан табылған?
7. Алаша хан кесенесі қай жерде орналасқан? Кесененің қандай ерекшелігі бар?
8. Қолданбалы өнер дегеніміз қандай өнер?
9. Шебер ғимарат сәнді болу үшін нелерге көңіл бөлді?

" Мені түсін " ойыны
1 - Сөзжұмбақ.
1. Қожа Ахмет Йассауи кесенесін салдырған ұлы адам. (Темір).
2. Отырардағы ерекше көңіл аударылған архитектуралық құрылыс. (Монша).
3. Оңтүстік Қазақстандағы Ұлы кітапхана қиратылған қала. (Отырар).
4. Қожа Ахметтің рухани ұстазы. (Арыстан баб).
5. Кесене сөзінің синонимі. (Күмбез).

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×