Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Византия империясының құрылуы

Пәні: Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: Византия империясының құрылуы
Сабақтың мақсаты: Ежелгі мемлекеттердің бірі Византия тарихымен танысу.
Білімділік: Шығыс Рим империясының ұзақ өмір сүру себептерін ашып көрсету. Бұл мемлекеттің ертедегі орта ғасырдағы және дамыған орта ғасырдағы аумағын көрсете отырып, Юстиниан билігі туралы толық айту.
Дамытушылық: Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Белсенді, білімді, тарихи санасы қалыптасқан тұлға қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: карта, суреттер, сызба - нұсқалар, кітап
Пәнаралық байланыс: география, математика, биология

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын өз еріктерімен айтып бергісі келген 1 - 2 баладан сабақ сұрап, қалған балалардан сұраққа жауап беру арқылы бақылаймын.
 Рим империясының құлауының басты себебі неде?
 Франк мемлекеті қашан құрылды?
 Француз тілінің негізін ежелгі қай халықтардың тілі құрады?

Жаңа сабақ

Жоспары:
1. Рим империясының екіге бөлінуі.
2. Өкімет билігі.
3. Юстиниан және оның заңдары.
4. Славияндардың шапқыншылығы.
5. Арабтар шапқыншылығы.

Рим империясының шығыс аймақтары экономикасының даму деңгейі жағынан варварлар шапқыншылығынан зардап шеккен батыс аймақтардан әлдеқайда алда болды. Сол себепті император Константин 324 жылы астананы Рим қаласынан Босфор бұғазындағы Византий деген шағын қалаға көшірді. 330 жылы ол қаланың аты Константинополь деп өзгертілді. 395 жылы Рим империясы ресми түрде Батыс және Шығыс болып екіге бөлініп кетті. Византия империясы Еуропаға, Азия мен Африкаға дейін созылып жатты. Оның құрамына Балқан түбегі, Кіші Азия, Сирия, Палестина, Египет, Месопатамия мен Арменияның біраз бөлігі, Жерорта теңізінің шығысындағы аралдар мен Қырымдағы, Кавказдағы иеліктер кірді.

Византия қоғамында «димдер» деп аталған саяси партиялардың ықпалы зор болды. Олардың ішінде, әсіресе («жасылдар») мен прасиндер («көктер») партиялары ерекше оқшауланатын. 532 жылы осы партиялардың басшылығымен болған Ника («жеңу») көтерілісі әрең дегенде басылды.
Мемлекеттігі жағынан Византия империясы бір адамның шексіз билігіне бағындырылған монархия болды.
Империяның дәуірлеу кезеңі(527 - 565 жылдар)
Себептері
Варварлардың жойқын шапқыншылық - тарына ұшырамады Құнарлы жері мен қолайлы табиғи жағдайы Ауыл шаруашылығы жоғары қарқында дамыды. Ерікті жер иеленушілер мен шаруалар қауымы басым болды.

Сабақты бекіту: «Византия» деген атпен белгілі болған Шығыс Рим империясы қашан құрылды?
 Юстиниан қандай басшы болды? Ол алдына қандай мақсат қойды?
 Юстинианның заңдары қандай маңызға ие болды?
 Неліктен Шығыс Рим империясы славяндардан жеңіле берді?
 Византия қашан феодалдық мемлекетке айнала бастады?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §3 параграфты оқып келу.

Ақтөбе облыы, Әйтеке би ауданы,
Ақкөл ауылы Абай атындағы орта мектептің
тарих пәнінің оқытушысы Далеуова Зауреш Асауовна
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету