Сайтқа кіру Тіркелу

Ақбұлақ шайқасындағы Махамбет ерлігі

Ақбұлақ шайқасындағы Махамбет ерлігі
Махамбет Өтемісов 1804 жылы, Қазіргі Батыс Қазақстан, Орда ауданы, Нарын құмы, Бекетай деген жерде туған. ол кезде ол Ішкі Бөкей Ордасы деп аталды.
Нарын – Еділ мен жайықтың арасындағы жалпақ құм. Бұл жерді бұрын қалмақтар жайлаған. Олар басқа жаққа көшіп кеткеннен кейін елсіз, көп жылдар бос болатын. міне, осы қонысқа, 1801 жылы, Жайықтың бергі бетінен Нұралыханов Бөкей сұлтан бастаған бір топ қазақтар келіп орналасты. Бұл кезде Павел патшалық құрды. Бөкейге ресми түрде рұқсат беруші де Павел болды.
Ішкі Бөкей ордасына орналасушы рулардың көпшілігі Байұлы руынан. Қазақ шежіресі бойынша Байұлы он екі атаға бөлінеді. Соның бір бұтағы Беріш. Исатай Тайманов сол Беріштердің ішіндегі «Жайық - Беріш» - атанатын бұтағынан шыққан.

Махамбет те осы Жайық - Берішке жатады. Махамбеттің өз әкесі Өтеміс, арғы атасы Құлмәлі делінеді. Бүгінгі таңда Махамбет туралы жазылған зерттеу еңбектерде Өтеміс балаларының тек кейбіреулері ғана таныс. Батыс Қазақстан обылысы Тайпақ ауданы, Кальмыков поселкасының тұрғыны Ерғалиев Құлабайдың айтуынша Өтемісовтер: Бекмағамбет, Махамбет, Исмайыл, Досмайыл, Қожахмет, Уса, Иса, Хасен, Мұса, ИбрайымҮлкен Ұлы Бемахамбеттен басқасы көтеріліске қатысқан еді. Ерғалиев Құлабай Шыбынтайдың бесінші ұрпағы (Шыбынтай – Құлмәлінің баласы, Өтемістің бауыры). Өтемістің көп ұлдарының ішінде әрі ақындық талантымен, әрі ел үшін еткен істерімен аты ерте шығып, халық жүрегінің ең жылы жерінен орын алған – Махамбет. Оның ардақты аты мен асыл сөздерін халық күні бүгінге шейін өзінің санасында сақтап келді. Қазіргі кездің өзінде де жиналушылар ескінің жұрнағындай бірен - саран жаңа өлеңдерін ел аузынан жазып алып жүр.

Махамбет қай жағынан болсын ерте оянып, ел ісіне ерте араласқан және керекті кезеңдерде ел басын қосуға шебер ұйымдастырғыш, қабілеті мейлінше күшті жастардың бірі саналады. Махамбет жас болса да жалынды ақын, жарқ еткен талант екендігін ел тез таниды, оның даңқы жастан - ақ шығады. Махамбеттің осы қабілетін өз керегіне пайдаланбақ болған Жәңгір хан оны «Сарай ақыны» етуге әрекеттенеді. Жастау кезінде Махамбет ордада болғанда Жәңгір хан өзінің Зұлқарнайын деген жас баласын Орынборға жібергенде, соның қасында болады.
Хан ордасының ішінде болып жатқан сан алуан әділетсіздіктерді өз көзімен көріп, ел көрген зорлық зомбылықтардың айғағы болушылық - ақынның езушілерге деген өшпенділігін күшейтіп, оның ой - сезім, жылы жүрегін халыққа бейімдеген, жалынды сөздерін ханды мақтауға емес, даттауға жұмсауға көмектескен жайттың бірі тәрізді. Сондықтанда «түзелмейтін» ақынды хан Жәңгір сарайынан қуып жібереді.

Бұл оқиғадан кейін тарихта мәлім дата - 1834 жыл. Бұл кезде Исатай Таймановпен тізе біріктіріп, хан - сұлтандарға халық наразылығын күшейте түсу бағытында іс істеді. Соны аңғарған хан, ханды жақтаушылар Махамбетті старшина етуге ұсынады. Ал Махамбет бұрынғысынша ханға, оны жақтаушыларға қарсы үгіттерін жүргізе береді. Сондықтан жоғарғы органдар Махамбетті старшиналыққа өткізбей тастады. Хан Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісін бесігінен тұншықтырмақ болып, оны басқарушыларды тез ұстатып, айдатпақ болса да ол ойын іс жүзіне асыра қою оңай болмады. Ғасырлар бойы қайнаған кек пен бойды кернеген ыза, ханға деген халық өшпенділігі өрши түсті. 1936 ж июнь айында Исатай мен Махамбет қалың қолмен хан ордасына келеді. Бұл хабарды естіген хан қатты сасып Исатайға хат жазады, қоятын талаптарын ауызша емес жазбаша түрде беруін сұрайды және оны тез қарап, тексеруге уәде береді, өздерінің ордаға келмей - ақ сол жерден қайта беруін өтініп елші жібереді. Исатай талабын жазбаша қалдырып, кейін кете береді. Хан уәдесінде тұрмай Исатайдың қарасы үзілмей – ақ Хан Орынборға олар туралы мәлімдеме жолдайды. ол мәлімдемеде хан Махамбеттің ролін айрықша көрсетіп, нысанаға алдымен Махамбетті байламақшы болады. Осы уақиғадан кейін Исатай, Махамбеттердің маңына езілуші халық бұрынғыдан гөрі де топтала түседі. Ендігі жерде Исатай, Махамбет ханның сөзін сөйлеп, таяғын соғушыларға және олардың елге жасаған жәбірлеріне қарсы қарулы күш көрсетуге даярланады. Алғашқы қимылын Қарауылқожаның ауылына шабуыл жасаудан бастады. 1937 ж 17 ақпанда Исатай, Махамбет бастаған 35 адам Қарауылқожаның шауып алады. Осы жылдың 15 октябрінде Исатай, Махамбет бас болып көтерілген халық орданың ірі феодалдарының бірі, халықты көп жылдар қан қақсатқан Құдайбергенұлы Балқыны, осыдан аз күннен кейін тағы да Қарауылқожаны шабады. Махамбет батыл қимылдап, не болса да келген бетте ақ көпшіліктің дегенін істеп шығу, халыққа тынышсыз ханды өзінің байлығымен бірге құртып жіберу мақсаттарын қояды.

Сонымен қатар 1838 ж 12 июльде Исатай Махамбеттер күтпеген жерден бұларға қарсы аттанып келе жатқан Гекке мен Баймағамбет сұлтанның отрядтарына душар келе кетеді. «кезенген оқ, керсадаққа»күтпеген жерден кез келсе де, қашуды ар көрген батырлар, сол жерде бас салып соғыс ашады. Жақсы қаруланған және соғыстың айла амалын жақсы білетін Геккенің әскері бұларды қамап алады. Қамауды бұзып шығуға мүмкіндігі болса да, жолдастары қамауда қолға түсіп қалғандықтан, батыр оларды тастап кетуді өзіне ар көріп қамалға қайта кіреді. Сол кіргенде оның атын атып жаяу қалдырады. Махамбет, Үбі тәрізді жан жолдастары өздерінің аттарын ұсынса да, Исатай қашпайды. Батыр енді жаяу соғысады. Ақыры тірі қолға түспейтінін білген соң Исатайды атып өлтіреді. Исатайды қоршаудан құтқаруға Махамбет қаншама күш салса да алып шыға алмайды. Сондықтан Махамбет басқа жолдастарын қоршаудан шығаруға әрекет жасап, кейінде қалған көп қолға тез жетуді ойлайды. Соларға бас болып, қайта серпуді мақсат етеді. Бірақ бұның бұл ойы сәтсіздікке ұшырайды. Бұдан кейін Махамбет Назар, Шүрен елдерінде 1839 ж шейін болады. Барған жылдары ел - елден адам көмегін сұрап, қарулы күш жимақшы болып әрекеттенеді.

Хива ханы Аллақұлдан да әскери көмек сұрайды. Махамбет елдегі достарына да хат жазып олардың да қамдала беру керектігін аңғартады. Оның сол достарына жазған хаты
«Ардақты батырларымыз: Бабайға, Надырқұлға, Сәлиге, Жармұқанбет және Жамантайға – барлығына сәлем! Өздерің сықылды достардың дұғасымен аллаға шүкір сенемін. Мен Хивадан аман – есен қайттым. Сіздерді сағындым, осынша – ақ көргім келді. Бірақ, бару қиыншылыққа түсіп тұр. Әскер шығардың алдында ханға (Хива ханы) тағы бір жолығып шығам. Әрілегенде әскер осы алдымыздағы жаз шығады. Егер, жағдай көтерсе, қалайда старшина Сәлиді жіберіңдер. Ол жаққа барардың алдында мен сіздің қандай халде екендіктеріңді білуім керек қой...»- деп жазды.
Бірақ хива ханының «әскер беремін»деуі не алдау, не басқа бір саясат тәрізді. Өйткені сол жылдың (39 жыл) аяқ кезінде - ақ Махамбеттің әскерсіз, өзінің қасына ерген аз адамдарымен ғана жүргендігі мәлім.

Егор Петрович Ковалевский 1839жыл ноябрь айында Хива шекарасында Махамбет Өтемісовпен кездескен, оның қалайда болса, отрядыңа қоса алып кет, орыс үкіметінің алдында кінам болса, іс жүзінде ақтаймын дегенді айтқандығын және бірнеше жылдар бойы Бөкей Ордасында қалған әйел, бала шағаларын көрмей, оларды қатты сағынғандықтарын тағы басқа мәселелерді айтқандығын және онымен қалай танысқандығын жазады.
Сол жолыққанда айтқан сөзі бар «Мен қайғы – қасіретті өз басынан көп кешірген адаммын. Жүрекке ең жақын үй - іші, қатын, балам, туған ел, өскен жер - бәрі де менен алыс, бәрінен айырылып ел кезгелі бірнеше жыл
болды, басқа пана, жанға азық жоқ, ырыздықты жұрт үстінен теріп жеп жүрген жай бар. Тек осыны ойлап көріңіз.» Мұана кейін Ковалевский Махамбеттің оларға еріп шыққанын, біраз жүргесін қастарына ертіп жүрген тілмашты ат алып қашып кеткенін, Махамбетті соның ізімен тауып алып келуге жұмсағанын, Махамбет бір рет барып, таба алмай қайтқанын, оның екіншісі қайта жібергенін, ол іздеп кеткеннен кейін тілмаштың өзі келіп орыс отрядына қосылғанын, күн боран, панасыз, елсіз құмда бұлар Махамбетті көп күте алмай жүріп кеткендігін, сонан кейін, Махамбетті өзінің көре алмағандығын айтады. Сонымен қатар, осы1838 жылдың аяқ кезінде Бөкей ордасының шегінде Махамбет жасырын өтіпті деген хабар1840 ж бас кезінде Жәңгір ханға жетеді. Хабарды алысымен – ақ хан Балқы Құдайбергенов пен тағы бір сұлтанға Махамбетті ұстаңдар деп бұйрық береді. осындай бұйрық Жайықтың бергі бетіндегі Балмағамбет сұлтанға да тапсырылады.
1840 жыл декабрьдің ішінде Махамбет Жайықтың батыс бетіне өтіп, кешегі көтеріліс кезінде ханды жақтаушылардың бірі, старшин ақтай Мұңаевтың 35 жылқысын айдап әкетеді.
Махамбеттің бұл тәрізді ашық қимылы хан сұлтандардың үрейін алып, оны қалайда ұстау керек деп, тағы да әртүрлі адамдарға тапсырыстар беріліп, осы істі ұйымдастыру, тұжырымды шаралар қолдану ісі Каспий теңізінің жағасын жағалаушы Аспандияр Сайдалин мен Махамбеттің белгілі жауы Тәукеге тапсырады. Бұлар Махамбеттің ізіне бір жылдай түсіп ұстай алмайды. ел үшін күресіп қуғын көрген аяулы ұл, ардақты ақынын іздеушілерден халық жасырып, қайда жүргенін айтпайды. Өстіп жүргенде 1841 жыл болды. Бұл жылы Махамбет Ембі мен Жайық арасындағы елдерде жүреді. Хан Жәңгірдің мәлімдемесі бойынша, Орынбор губернаторы Орал қаласының әскери атаманына Махамбетті ұстауға тиісті шараны тез қолданыңдар деп 1841 ж январь айында тығыз бұйрық береді.
1841ж 4 мартта Мұртазағали Өзбекғалиев деген бір сұрқия үкімет орнына Махамбет Жайықтың Гурьев бетіндегі бір ауылда жасырынып жүр деген мәлімдеме түсіреді. Калмыков қаласында (бұрынғы Тайпақ ауданының орталығы) атаман бастаған 40 кісі хабар алысымен тез аттанып, Ғалиевтің көрсеткен ауылына барып, Тілекеев деген қазақтың үйінде жайбарақат отырған Махамбеттің үстінен түседі. Қару жарақсыз отырған Махамбетті отряд қамап алды да, үйге басып кіреді: Қолдағы бар қару жарағымен қарсылық көрсетіп, бірен саранын жаралайды. Бірақ көпке топырақ шаша алмай қолға түседі. Махамбетті де, ол қонақтап отырған ағайынды Тілекеевтерді де тұтқынға алып, Калмыковқа келтіреді. Махамбет Өтемісов халық көтерілісінің белгілі басшыларының бірі, қылмысы зор болғандықтан, оны Орынборға жіберуге тура келеді. Оның ісін Орынбордағы әскери іс қарауы тиісті болады. Сөйтіп 1841 жылы 17 мартта Махамбетті Орынборға айдайды. Орынборға жазған жолдау қағазда, оның түр - түсін жазады:«Жасы 37 - де, бойы екі аршын және 5 2/4 вершок, шашы, қастар, мұрты, сақалы қара, бетінде дағы жоқ, қараторы, қой көзді» делінген. Махамбетті Орынборға әкелгеннен кейін генерал губернатор оның ісін Орынбор әскери сотына тапсырады. ол Махамбетке тексеру жұмысын жүргізіп, тез сотқа тарту әрекетіне кіріседі. Тексеру кезінде Махамбет әртүрлі тәсіл қолданып, қалайда ақталып шығуды ойлайды. Тексерушінің алдында Махамбет өзінің көтеріліске қатысқаннан таңбаса да, басшылық еткенін мойындамады. Қайта, шекарада болған орыс отрядтарына қиын кезде талай рет жақсылық істегендіктерін, мысалы, Хрунжий Шустиковты тұтқыннан босатқандығын айтады, Хрунжий Шустиков бастаған аз ғана отрядтың Көтібаровтардың қолында тұтқында болуы, соны қолға түскен Исатайдың үй ішін босатып алу үшін, тұтқын айырбастау ретінде, Көтібаровтармен сөйлесуші, Махамбеттің болғаны, отрядтың босатылғаны рас болатын. Махамбеттің бұл айтқандарын растау үшін шақырылып, жауап алынған айғақ - подпоручик Айтов та растайды. Хрунжий Шустиков бастаған қазақтарды Көтібаровты тұтқыннан босатуға көмектесуші Махамбет Өтемісов болды деп ақтап жауап берді.
Нәтижесінде, генерал - губернатор:
«Орал сыртында ордада болған кезінде үкіметке жақсылық жасағанын ескеріп, сотқа тартылған Махамбет Өтемісұлы жазадан құтқарылып, шекарадан өткізіліп салынсын, бірақ оның мұнан бұлай шекараға жақындауына тиым салынсын, егер бұл тиымды бұзса немесе, ішкі ордаға өтсе, қатал жазаға тартылсын» - деп үкім шығарады.
Сөйтіп 1841 ж 7 июльде шекара комиссиясы «шекараға жақындамау үшін даланың алысырақтау ауданына жіберу»керек екенін аңғартатын жолдама жазып, Кіші жүздің орта аймағындағы билеуші сұлтан правитель Арыслан Жантуринге нұсқау беріп, шекарадан өткізіп салады. Тап осы тексерудің кезінде ежелгі жауы Жәңгір хан Баймағамбет сұлтандар қамсыз қалады. Өйткені, көптен ізіне түсіп жүрген, бұрын үстінен талай рет материал берілген Махамбет Өтемісовті генерал - губернатор оңайлықпен босатып жібереді деген ой мүлде естеріне келмеді. Хан, сұлтандар, жағдайдың өзгеріп кеткенін, үміт орындарының көтерісшілер жөніндегі қазіргі саясаты бұрынғыдан басқашалау екенін аңғармай қалған тәрізді. Үкімді естігеннен кейін Жәңгір өзінің наразылығын білдіріп, Махамбеттің үстінен тағы да материалдар жинай бастайды. Орынбор губернаторының алдына мәселе қойып, Махамбетті қайтадан соттауды талап етеді. Бірақ генерал губернатордың қарары шығып қалғаннан кейін шекара комиссиясы ешнәрсе істей алмайды да, Жәңгірге губернатордың үкімі туралы ресми түрде хабар етумен ғана тынады. Мұнан кейін Жәңгірдің де амалы құриды. 1841 - 1845 ж Махамбеттің қай жерде болғандығы жөнінде толық мәлімет жоқ1845ж февраль айында Махамбет Орынборға келеді. Мұндағы ойы Нұрсұлтан деген баласын оқуға кіргізу болатын. Бұл кез қазіргі Қазақстанның бірнеше қалаларында орыс - қырғыз мектебіне балар тарту мәселесі көтеріліп жатқан кез болатын. Содан хабардар болған Махамбет баласын сол оқуға не жаздырып қою, не не Орынборда оқытуды мақсат еткен. Бірақ бұл тілегі орындалмады. Баласын мектепке кіргізу үшін жазған Махамбеттің өтініш арызын қараумен байланысты комиссия оның бұрынғы істерін қайта көтерді де, баласын мектепке алу былай тұрсын, өзіне Орынбордан тез кетуің керек деп бұйырды. Осыны пайдаланған бұрынғы жауы Баймағамбет Айшуақов «Махамбеттің төңірегі ішкі Ордадан қашқандар паналап жүр, оларды үкімет бұрынғынан Махамбет құралдың күшімен қорғайды»,- деп мәлімдеген. Осылардың негізінде Орынбор шекара комиссиясы Махамбеттің ісін қайта көтеру мақсатымен, оның үстінен бірнеше ру басыларының қолдары қойылған приговорлар жасаудың керектігі жөнінде сұлтанға құпия нұсқау береді. Баймағамбет Айшуақовтың басшылығымен мұндай приговор - үкім ұйымдастырылды да, Баймағамбет сұлтанға қараған алаша руының бірнеше билері «әу» десіп, Махамбетті пәлелеп, өздерінше сыртынан үкім шығарады. «Бізідң келісімізден тыс, ішімізде көшіп қонып жүрген зиянды адам Махамбет Өтемісұлының шатағынан аулақ болу үшін, біздің арамызда оның болуын, көшіп жүруін тілемейміз»,- деп жазған. Бұл үкімге қол қоюшылар бай - феодал, ру басылар мен ауыл старшындар болды. Осы үкімге сүйеніп Махамбетті Орынборға ұстап тапсыруға шекара комиссиясы Айшуақовқа бұйрық жібереді. Бірақ бұл бұйрықты орындау оңайға соқпайды. Өйткені қара халық Махамбетті жасырып, Баймағамбеттің ұстауына бөгет жасайды. Мұны сезген қулығы мол сұлтан зұлымшылдыққа бел байлайды. Астыртын адамдар жіберіп ұстамақшы, оның реті келмесе өлтіртпекші болады. Махамбеттің басына мың сом бәйге тігеді. Осы ниетпен 1846 жылы октябрь айының ішінде елге шығады. Ел арасынан қара ниетті адамдар қарастырады. Ондай адамдарды сұлтан іздестіріп табады да, оларды сол октябрь айында Махамбетке аттандырады. Бұлардың ішінде бұрыннан осындай сұрқиялық істері үшін хорунжий атын алған Ықылас Төлеев, және сол сықылды құлқынның құлы Беріш руының биі Жаңаберген Боздақов, оның ықпалына түскен Төрежан Турумов, Жүсіп Өтеулиев тағы басқалар. Бұлар күндіз Махамбеттің үйіне келеді. Махамбет үйі басқа ауылдардан оңашарақ көшіп жалғыз үй отырады екен. Махамбет бұл отрядтың тегін келмегенін сезеді. Бірақ оның қашуына мүмкіншілік болмай қалады. Жүсіп Өтеулиев Махамбеттің басын қылышпен шауып түсіреді. Ал ел аузынан тараған аңыздарға сүйенсек мұнда Махамбет сол қанышер Ықыластың қолынан қаза табады. Ықылас Махамбетпен достасқан болып, әуелден сыр таратушы Баймағамбет пен патша үкіметінің ескі тыңшысы болды. Сондықтан да ол келіп кетіп жүреді екен. Бұл жолы ол жолдастарымен келіп қонақ болып отырып Махамбетке қанжар сілтейді. Сөйтіп елін сүйген ер, атышулы ақын абайсызда сұрқия жауының қолында қаза табады. Махамбет 42 жасында, 1846 жылы, октябрь айының ішінде қайтыс болады.

Ақбұлақ шайқасы. Қиыл қырғыны - 1836 - 38 ж Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс тарихындағы ең ірі әрі соңғы шешуші шайқас. 1837 ж қуғын көріп Тайсойған құмында кете руының батыры Көнсадақты Құдайберген атаман құпия түрінде қыстап шыққан Исатай қарап жатпай жаңа жорыққа әзірленеді. Қарабау, Қаракөл, бүйрек адырларын мекендеген ысық, шеркеш, таз руларының отаршыл патша үкіметіне жергілікті билеушілерге наразы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі

Туған жердің тарихын, соның ішінде Махамбет пен Исатай бастаған көтерілістің себеп - салдары, қозғаушы күші, нәтижесі, Тастөбе түбіндегі шайқас оның...
Махамбет Өтемісұлы. Өмірі мен шығармашылығы

Махамбет Өтемісұлы. Өмірі мен шығармашылығы

Оқушыларға ақынның кім екендігін, оның шығармаларының тақырыбын, мақсатын, тарихын аша отырып, ақынды тағы да жаңа қырынан таныту Оқулық пен қосымша...
Өр тұлғалы Махамбет

Өр тұлғалы Махамбет

Қазақ елі ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздікке қолымыз жетті. Осы Тәуелсіздікке жету жолында талай тарихи өр тұлғаларымыз өмірін қиды. Рухты...
М. Өтемісұлының

М. Өтемісұлының "Соғыс" өлеңі

Сабақтың мақсаты: білімділік - өлеңнің авторы туралы мәлімет беріп, өлеңнің айтайын деген ойын, Исатай - Махамбет бастаған көтерілістің мақсатын,...
Махамбеттің ақындық, азаматтық бейнесі

Махамбеттің ақындық, азаматтық бейнесі

Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп- гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Каримова Гульмира Сафиуллиевна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×