Сайтқа кіру Тіркелу

Индустрияландыруға бағыт алу

Сабақтың тақырыбы: Индустрияландыруға бағыт алу.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Оқушыларды Кеңес Одағының орнағанынан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы индустрияландыру барысымен таныстыру.
Дамытушылық: Қазақстанда индустрияландыру жүргізілген жылдардағы қазақ халқының тұрмыс - жағдайы, ауыртпалықтары мен кемшіліктері жайлы түсінік беру.
Тәрбиелік: Оқушылар бойында адамгершілік, ұлтжандылық сезімдерді қалыптастыру, одан әрі дамыту.
Сыныбы. 9 - сынып. (сынпта 5 оқушы бар)
Сабақтың түрі: әңгіме, диспут, ойын сабағы.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Қазақстанның және КСРО карталары, ойын өткізуге арналған арнайы айналып тұратын стрелкасы бар ілме плокат.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар сабақтың барысымен, өткізілу тәртібімен, мақсатымен таныстырылады.
Жаңа сабақ: Оқушыларға үйде хабарлама дайындауға және тақырыпты оқып келуге тапсырмалар берілген,.
Сабақтың басында оқушылар өздері даярлаған хабарламаларыменен қысқаша таныстырады және сол сұрақ көлемінде сыныптағы оқушыларға сұрақтар қойылып әңгіме - диспут өткізіледі.
І - хабарлама; Қазақстанда индустрияландырудың басталуы.
Қазақстандағы индустрияландыру ісі уақыты жағынан КСРО халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен тұстас келді және мейлінше қиын жағдайда өтті Қазақстанда халық шаруашылығын дамыту үшін төмендегідей жағдайлар жасау қажет еді: Ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларын дамыту, шахталар мен кеніштерді толық іске қосу, жергілікті өнеркәсіп орындарының ескілерін қалпына келтіру, жаңаларын салу. теміржолдар мен техникалық байланыс құралдарын орнықтыру қажет еді.
Осы жерде оқушыларға Ф. И. Голощекин Қазақстанда іс - әрекеттер жасады және оның салдары қандай болды? деген сұрақ қойлады.
Оқушылардың ой - пікірлері тыңдалғаннан соң сұрақты мұғалім толықтырады.
ІІ - хабарлама: Қазақстанда индустрияландырудың жүргізілуі.
1920ж соңы 1930ж басында КСРО ғылым академиясы табиғат байлықтарын зерттеуге экспидициялар ұйымдастырды олар мұнай, көмір, темір кен орындарын ашып жатты. Қ. И. Сәтбаевтің еңбегі зор болды. Түркістан - Сібір темір жолының құрылысы, жаңа кен орындар, комбинаттар, электр станциялары салынды.
Сұрақ: Қ. И. Сәтбаевтің еңбегі және индустрияландырудың ерекшеліктері қандай болды.
Оқушылар осы сұрақтар көлемінде өз білгендерін ортаға салады және мұғалім толықтырады.
Үй тапсырмасын қайталау:
Үй тапсырмасы "Не, Қашан, Қайда?" ойыны негізінде өткізіледі. Оқушылар сұрақтарды стрелканы бұрау арқылы таңдап жауаптарын береді.
1. Қазақстанда Кеңес билігі нешінші жылы және қалай орнады?
2. Қазақстан территориясындағы азамат соғысы жайлы айтып бер.
3. Азамат соғысының қорытындылары.
4.Қазақ АКСР інің құрылуы.
5. 1921 - 1922 ж Қазақстан территориясын жайлаған аштықтың себептері, салдары.
6. Қазақстанда болған жер су реформаларының барысы және нәтижесі.
7. Қазақстан комсомолдарының І - і сьезі нешінші жылы болды..
8. Қазақстанда1921ж құрылған әйелдер қозғалысының мақсаттары.
9. Қазақстанның астаналарын атаңдар.
10. Қазақ АКСР ін құру туралы құжатқа кім, қашан қол қойды.
11. Азамат соғысы жылдары
12. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары.
13. Көрермендер сұрағы. (Сабаққа қатысушы мұғалімдер сұрақ қойыды)
14. Көрермендер сұрағы.
15. Қазақстан экономикасын индустрияландыру саясаты нешінші жалдары басталды.
16. Қазақстан экономикасын индустрияландырудың қандай жетістіктері болды.
17. Экономиканы индустрияландырудың қандай кемшіліктері болды.
Сабақты қорытындылау: Қорытынды сұрақтары "Не, Қайда, Қашан" ойынының 15 - 17 сұрақтарында қоылады.
Бағалау: Баға оқушылардың әңгіме барысындағы белсенділіктеріне және ойын барысында берген жауаптары негізіндн қойылады.
Үйге тапсырма: Қазақстан экономикасын индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақстанның 1920 - 1940 жылдардағы қоғамдық - саяси жағдайы

Қазақстанның 1920 - 1940 жылдардағы қоғамдық - саяси жағдайы

Шаруаларға қарсы және кулактар мен байларды жоюдағы сталиндік жазалау, «Алаш» партиясының мүшелері мен ұлттық интеллигенцияға қарсы саяси жазалау,...
Қазақ халқының ерлік істері

Қазақ халқының ерлік істері

Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қосымбаева Қатира Жауынқызы...
Қазақстандағы «Кіші Қазан» бағыты

Қазақстандағы «Кіші Қазан» бағыты

Сабақтың мақсаты:  1920 - 1930 жылдары Қазақстанда жүргізілген индустриаландыру саясатының жетістіктері мен зардаптарын түсіндіру;  Республикадағы...
Орталық Қазақстанның шаруашылықтың аумақтық ұйымдастырылуы

Орталық Қазақстанның шаруашылықтың аумақтық ұйымдастырылуы

Сабақтың мақсаты: Орталық Қазақстанның өнеркәсіптері, көлік, ауыл шаруашылығы мен экологиялық проблемаларын жайлы білімдерін толықтыра түсу, алған...
ХХ ғасырдың 20жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық саяси өмірі

ХХ ғасырдың 20жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық саяси өмірі

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қоғамдық саяси өмірі....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×