Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс

Тақырыбы: «Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс».
Сабақтың типі: жаңа білімді игеру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың отаршылдыққа қарсы сипатын түсіндіріп, оның ұлт - азаттық соғысқа ұласқанын фактілермен көрсету, қазақ қоғамының түрлі топтары назарының жалпыұлттық идеяға ұласқанын ашып көрсету, тест әдісінің түрлерін қолдану арқылы тақырыпты тереңірек қайталап, бекіту.
Тәрбиелік: Ұлт зиялыларының ұстанған бағытын түсіндіріп, алаш зиялыларының ұстанған бағыты халықтың аман қалуы, оның этникалық тұтастығын сақтау идеясы болғанын түсіндіру арқылы оқушылар бойында елжандылық, отаншылдық қасиеттерін шыңдау.
Дамытушылық: Оқушылардың азаттық күреске басшылық еткен тарихи қайраткерлерге байланысты өз пікірлерін, көзқарастарын айта білу дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекі және дидактикалық құралдар: «Қазақстандағы 1916 ж. ұлт - азаттық қозғалыс» картасы. Көтеріліс басшыларының суреттері мен деректері. Интерактивті тақта.
А. Байтұрсыновтың сөзі: «Қазак ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды».
Тарихи және әдеби кітаптар: С. Асфендияров. «1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс», М. Әуезов. «Қилы заман», С. Мұқанов. «Ботакөз», Ж. Аймауытов. «Қартқожа», С. Сейфуллин. «Тар жол тайғақ кешу», т. б.
Сабақтың түрі: Түрлендірілген сабақ.
Сабақтың әдісі: Интерактивті оқыту, тест әдісі.
Сабақтың нәтижесі:
а) оқушы Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың тарихи мәнін түсінеді;
ә) дүниежүзілік ұлт - азаттық қозғалыстармен салыстырып талдау жасай алады;
б) ұлт - зиялыларының ұстанған бағытымен танысып, пікір қалыптастырады;
в) патша өкіметінің отаршылдық саясаты туралы түсінік қалыптасады;
г) қозғалыс басшылары, көтерілістің барысы жөнінде кестелер мен тест әдісінің түрлерін қолдану арқылы мағлұматтарды терңірек есте сақтау қабілетіне ие болады.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй жұмысын тексеру: $8. «XIX ғасырдың 50 - 70 ж. және XX ғасырдың басындағы ұлт - азаттық қозғалыстар».
а) Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісі.
б). 1968 - 1969 ж. Орал және Торғай облыстарындағы көтерілістер.
в) 1810 жылғы Маңғыстаудағы көтеріліс.
1. Толықтыруды қажет ететін тест.
2. Қазақстан тарихынан тест жұмысын алу.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру: «1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалыс».
1. Қозғалыстың себептері.
2. Қозғалыстың мақсаты, сипаты мен қозғаушы күштері.
3. Қозғалыстың басталуы мен басшылары. Қозғалыс туралы қазақ қоғамындағы сол кездегі көзқарастар.
4. Қозғалыстың Жетісу мен Торғайдағы орталығы.
5.. Қозғалыстың жеңілу себеептері, жеңілістің зардаптары, тарихи маңызы.
IV. Сабақты бекіту.
V. Қорытындылау.
VI I. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, түгендеу, зейінін сабаққа аударту.
II. Үй жұмысын тексеру: $8. «XIX ғасырдың 50 - 70 ж. және XX ғасырдың басындағы ұлт - азаттық қозғалыстар».
а) Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісі.
б). 1968 - 1969 ж. Орал және Торғай облыстарындағы көтерілістер.
в) 1810 жылғы Маңғыстаудағы көтеріліс.
1. Толықтыруды қажет ететін тест. «Қазақтардың Ресей империясының үстемдігіне карсы ұлт - азаттық қозғалысы» (XVIII – XX ғ. ғ.).
№ Уақыты Жетекшісі Қай жерлерді қамтыды
Нәтижесі Сипаты
1. Емельян Пугачев Кіші жүз, Орта жүз
2. 1783 - 1797жж. С. Датұлы Жайықтың оң жағалауына өтуге рұқсат берді
3. 1836 - 1838жж. И. Тайманұлы М. Өтемісұлы
4. 1837 - 1847жж. Бүкіл Қазақстанды Ресейдің отарлау саясатына қарсы
5. ХІХғ. 20 - 30жж. Жоламан Тілекұлы Саржан Қасымұлы Кіші жүз Патша үкім - ң отарлау саясатына. қарсы
6. 1825 - 1836жж. Саржан Қасымұлы
7. 1856 - 1857 жж. Жанқожа Нұрмұхамедұлы Ресейдің отарлау саяс, қазақ бай - феод - на қарсы
8. 1847 - 1858жж.
9. 1868 - 1870жж. Бөкей Тәжіұлы, Иса Толыбайұлы Орал, Торғай, Маңғыстау
10. 1916ж. Амангелды. Иманов Бекболат. Әшекеев Бүкіл Қазақстанды
2. Қазақстан тарихынан тест.
11 сынып
1. Ордабасы тауына жиналған қазақ жүздерінің шешімі бойынша жоңғарларға қарсы күресте қазақ жасақтарының бас қолбасшысы болып сайланган хан:
А) Абылай
В) Әбілқайыр
С) Сәмеке
D) Тәуекел
E) Тәуке
2. XVII ғасырдың ортасында жоңғар мемлекетінің күш - қуатын біршама арттырған қоңтайшы.
А) Батыр.
В) Болат.
С) Әмірсана.
D) Цеван - Рабтан.
Е) Қалдан - Серен.
3.«Қалмақ қырылған» шайқасының маңызы:
А) Қазақстанның солтүстік - батысы азат етілді
В) Қазақ жері түбегейлі азат етілді
С) Жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінді
D) Жетісу өңірі толық азат етілді
Е) Кіші, Орта жүз жерлері азат етілді
4."«Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысқан билер:
А) Қазыбек, Әйтеке, Майқы би
В) Төле би, Балқы би
С) Қазыбек би, Әйтеке би, Балқы би
D) Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би
Е) Әйтеке би, Балқы би, Бала би
5. Кенесары көтерілісі кезіндегі орыс патшасы:
А) I Александр
В) I Николай.
С) II Александр.
D) I Павел.
Е) II Екатерина
6. Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу туралы ұсынысын қабылдаған патша:
А) I Екатерина
B) Анна Иоанновна
С) I Елизавета
D) II Анна
Е) II Екатерина.
7. XVIII ғ. 20 - шы жылд - да қазақ жасақтарының жоңғарларды талкандауының басы болған оқиға:
А) «Аңырақай» шайқасы
В) «Қалмақ кырылған» шайқасы
С) «Аякөз» шайқасы
D) «Орбұлақ» шайкасы
Е) «Ойрантөбе» шайқасы
8. 1710 жылы казақ жерінің Қарақұм маңында бас қосу себебі:
А) Тәукені хан сайлау
В) Хан сайлау
С) Заңдар жинағын шығару
D) Жоңғарларға қарсы тойтарыс беру
Е) Руаралық тартыстарды шешу
9. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына әсер еткен дарынды жырау:
А) Тәтіқара
B) Бұқар жырау
C) Доспамбет жырау
D) Асан қайғы
Е) Үмбетей
10. Тәуке ханның құқық нормалары жинағы.
А) "Дала заңы".
В) Қазақ хандығы заңдары.
С) Адат
D) "ЖетІ жарғы"
Е) "Бес жарлық"
11. Тәукенің кезіндегі Кіші жүздің биі
А) Майқы би.
В) Төле би.
С) Қазыбек би.
D) Әйтеке би.
E) Алшынбай би.
12.«Сабалақ» атанған Абылай келіп қосылған әкесімен ағайындас Орта жүздің ханы:
А) Әбілмансұр.
В) Әбілмембет.
С) Уәли.
D) Әбілқайыр.
Е) Күшік.
13. Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысы кезінде Кіші жүз қазақтары қатысқан ұрыстар:
А) Звериноголовск бекінісін алуға.
В) Жайықты қоршау, Кулагинді алу.
С) Гагарьевскіні қоршап, Петропавлды алуға.
D) Пресногорьковскіні, Орынборды алуға.
Е) Троицк бекінісін алуға.
14. XVIII ғасырдың аяғында Кіші жүздегі көтеріліс басшыларынын бірі, Байбақты руынан шыққан батыр:
А) Жантөре.
В) Қаражан.
С) Сырым Датұлы.
D) Кенесары Қасымұлы.
Е) Жоламан Тіленшіұлы
15. 1773 жылы 17 - 18 қарашада Усиха өзені жағалауында Е. Пугачевтің ставкасына келген Нұралы ханның арнайы өкілі:
А) Старшын Құдайменді.
B) Зәбір молда.
C) Батыр Сырым Датұлы.
D) Старшын Тайнаров.
Е) Сұлтан Айшуақов.
16. Саржан Қасымұлының қаза болуының себептері:
А) 1836 ж. Патша үкіметі ұстап өлтіртті.
В) Қоқандықтармен шайқаста тиген оқтан жараланып, қаза тапты.
С) Жазалаушылармен шайқаста өлді.
D) 1836 ж. Қокан ханының бұйрығымен өлтірілді.
Е) Қартайып қаза тапты
17. XIX ғ. 20 - 30 жылдарында Сыр өзені бойында бекініс тұрғызған мемлекет:
А) Хиуа хандығы
В) Бұхар әмірі
С) Қоқан хандығы
D) Ташкент билеушісі
Е) Ресей
18 Жәңгір хан 600 жауынгерімен жоңғардың 50 мың жауынгеріне қарсы тұрған шайқас:
А) Аңыракай
В) Аягөз
С) Қалмақ қырылған
D) Орбұлақ
Е) Бұланты
19. Жоңғардың қалың қолы Қазақстанға тұтқиылдан басып кірген жыл:
А) 1729 ж.
В) 1724 ж.
С) 1726 ж.
D) 1723 ж.
Е) 1727 ж.
20. Кенесары Қасымұлы қай жылы хандық билікті қолына алды?
А) 1837ж.
В) 1841ж
С) 1847ж.
D) 1845ж.
Е) 1840 ж.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру: «1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалыс». 1 кесте
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру: «1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалыс».
1. Қозғалыстың себептері және басталуы.
Эпиграф: А. Байтұрсынов: «Қазак ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды».
20 ғ. Қазақстан үшін Ресей империясына тұтастай бодандыққа көшуімен ерекшеленеді. Осы ғасырда ол шикізат өндіретін ірі сауда рыногы болды. Бұл ұлт - азаттық козғалыс қазақ чалқының бостандық, тәуелсіздік үшін бірнеше ғасырға созылған отаршылдыққа қарсы жүргізген азаттық күресірің жалғасы. 1914 ж. басталған Біріінші дүниежүзілік соғыс мемл - ң, әсіресе Ресей еңьекші халықтарының жағдайын нашарлатты. 1916 ж. соғыстың қызған кезі еді. Ол соғыс қаруларын айтпағанның өзінде шикізатты, азық - түлікті, материалдық байлықты қажет етті. Ресей шенеуніктерінің қазақ халқын ын құқығын корлау, басып — жаныштау, түрлі зорлық - зомбылық жасау күшейді.
Көтерілістің негізгі себептері:
Патшаның отарлау саясатының тиімсіздігі, орыстандыру саясаты, алым - салықтың артуы, қазақтардың қөп жерлерінен айрылуы, 1916 ж. 25 маусымдағы Қаз - ң, Орталық Азияның, және ішінара Сібірдің 19 - 43 жас аралығындағы «бұратана» ер азаматтарын тыл жұмысына «реквизициялау туралы» Жарлығы көтеріліс оқиғаларының басталуына себеп, сылтау болды.
1. Қозғалыстың мақсаты:
қазақ халқына ұлттық және саяси бостандық әперу. Қозғ - ң қозғаушы күші: қазақ шаруалары, жұмысшы лар, кедейлер, қолөнершілер. Қатысты: байлар, болыс басқарушылар, билер. Демократияшыл зиялылардың өкілдері.
Сипаты: ұлт - азаттық.
2. Қозғалыстың басталуы мен басшылары. Қозғалыс туралы қазақ қоғамындағы сол кездегі көзқарастар.
Қазақ зиялыларының әкі турлі көзқарасы болды көтеріліске:
1 топ: Қазақ зиялылырының батыл өкілдері - Тоқаш Бокин, Ж. Ниязбеков, Т. Рысқұлов, Ә Жангелдин, С. Меңдешев, Б, Алманов, т. б. патша жарлығына батыл қарсы шықты және халықты қолға қару алып, қарсылық жасауға шақырды.
2 топ: «Қазақ» газетінің төңірегіне біріккен либерал - демократияшыл зиялылардың жетекшілері - А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейханов, М. Дулатұлы, т. б. халықты Жарлықты орындауға қарсылық көрсетпеуге шақырды. Қарсы шыққан жағдайда қарусыз мыңдаған халық патша өкіметінің жазалау шаралапының құрбаны болады деп есептеді.
4. Қозғалыстың Жетісу мен Торғайдағы орталығы. Оқиғалардың барысы жөнінде айту.
Жетісуда – көтеріліс басшысы Бекболат Әшекеев, Т. Бокин.
Верный уезінің Үлкенсаз деген жерінде 11 болыстан 5 мыңдай адам қатысты. Шілденің 17 - сі онда әскери жағдай калыптасты. Сыдария обл. Әлие ата уезі, Мерке аймағы ошағы болды. Б. Әшекеевтің өмірімен таныстыру. Қозғалыстың Торғай уезіндегі көтеріліске Әбдіғаппар Жанбосынов, А. Иманов, Ә. Жангелдиндер басшылық етті. Олар көтерілісшілерді өскери тәртіпке үйретті, Азаматтық билік орнады. Өскери кеңес жанында арнайы адамдар көтер - ді азық - түлікпен, қару - жарақпен қамтамасыздандырып тұрды. Ұстаханаларда қылыш, қанжар, семсер, қарулар жасалды. Көтеріліс болған жерлер: Татыр, Ақшығанақ, Доғал - Үрпек, Күйік, Батпаққара ауданында болды.
5. Қозғалыстың жеңілу себептері, жеңілістің зардаптары, тарихи маңызы.
1916 ж. қозғалыс жеңілу себептері:
- ұйымшылдықтың нашарлығында, бас көтерудің бытыраңқылығында;
- шайқасушы жақтардың күшінің мүлде тең еместігінде;
- үстем тап өкілдерінің тұрақсыздығы, опасыздығы;
- патша өкіметінің қоныс аударып келгендердің ауқатты
топтарынан Жетісудағы қазақ, қырғыз көтерілісшілерін басу үшін қарулы отрядтар құрғаны да әсерін тигізді.
Зардаптары:
- Тек кедей жастары ғана алынды.
- Қазақ азматтары патшаның арзан жұмыс күшіне айналды.
- Билік басындағыларға, бай балаларына жеңілдік берілуі;
- Қазақ азаматтарының иығына ауыр хүк түсті.
- Ата - аналары балаларынан айрылғысы келмеді, Халық күйзелді.
Тарихи маңызы:
1916 ж. қозғалыс 19 ғ. 30 - 40 ж. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтерілістен кейінгі Қазақстанның барлық аймақтарын өамтыған букілқазақтық сипаты бар аса зар қөтеріліс болды. Оның сан ғасырға созылған бостандық, тәуелсіздік жолындағы азаттық үшін күресіндегі алар орны ерекше. Бұғн қазақтармен қатар қырғыздар, ұйғырлар, өзбектер қатысты. Жаңа батырлар есімдерімен толықтырылды.
IV. Сабақты бекіту.
Ашық тест
1. Патша жарлығы бойынша Дала өлкесі мен Түркістаннан:
А) 500 мың адам алу көзделді
В) 300 мың адам алу көзделді
Б) 400 мың адам алу көзделді
Д) 100 мың адам алу көзделді
2. Қазақ ақсүйектерін қара жұмысқа шақырудан босату туралы құпия бұйрығы:
А) 1916 жылы 23 тамызда;
В) 1916жылы 15 желтоқсанда;
Б) 1916 жылы 25 маусымда;
Д) 1917 жылы 27 ақпанда
3. XX басында зияльшар арасында ұлт - азаттық идеясын таратушы, Ресейдің либерал - демократиялық қозгалысының қайраткері.
А) А. Байтұрсынов.
В) Ә. Бөкейханов.
С) Т. Рысқұлов.
D) С. Смағүлов.
4. 1916 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс кезіндегі Шерубай - Нұра болысы ның ханы болып сайланған:
А) Оспан Шонов
В) Сәкен Сейфуллин
С) Нұрлан Қияшев
Е) Бекболат Әшекеев
5. Өзінің ұрыс жүргізу тактикасымен ерекшеленген ұлт - азаттық көтерілістің қолбасшысы:
А) А. Иманов.
В) А. Байтұрсынов.
С) Ә. Бөкейханов.
D) С. Меңдешев.
6. 1916 жылы тамызда 5 мыңнан астам көтерілісшілер жазалаушы отрядын талқандап, басып алған жәрмеңке:
А) Тоқмақ.
В) Бішкек.
C) Қарқара.
D) Үзынағаш.
7. Торғайдағы көтеріліс сардарбегі Амангелді Имановтың серігі, мерген:
А) Кейкі батыр.
В) Ә. Жанбосынов.
С) Е. Курев.
D) Ұ. Саурықов.
8. 1916 жылғы қазандағы Үндеу хатында «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар», - деп жазды:
А) Байтұрсынов, Бөкейханов, Сейфуллин.
B) Байтұрсынов, Бөкейханов, Дулатов.
C) Байтұрсынов, Бөкейханов, Бокин.
D) Байтұрсынов, Бөкейханов, Жангелдин
9. Торғайдағы көтерілісшілердің сардарбегі:
А) Ұзақ Саурықов.
В) Бекболат Әшекеев.
С) Жәмеңке Мәмбетов.
D) Амангелді Иманов.
V. Қорытындылау. Сәйкестендіру тесті
р/с Оқиғалар Жылдар
1. Әз Тәуке
г) 1723ж.
2. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдары д) 1726ж.
3. Қарақұм құрылтайы м) 1802ж.
4. Жоңғария мемлекеті 70 - 80 мың қолмен қазақ еліне басып кірді а) 1680 - 1715/18жж.
5. «Қалмаққырылған». Бұланты, Білеуті өзендерінің жағасындағы соғыс б) 1723 - 1727жж.
6. Балхаш көлінің оңтүстік жағасындағы соғыс. «Аңырақай» шайқасы к) 1711 - 1781жж.
7. Ордабасыдағы жиын в) 1710ж.
8. Кіші жүздің Ресейдің қол астына кіруі ж) 1726ж.
9. Кенесары Қасымұлының өмір сүрген уақыты п) 1870 ж.
Кесте №1. Патша жарлығына халықтың жауабы
Көтеріліс барысында
V. Қорытындылау.
1916 ж. қозғалыс 19 ғ. 30 - 40 ж. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтерілістен кейінгі Қазақстанның барлық аймақтарын өамтыған букілқазақтық сипаты бар аса зар қөтеріліс болды. Оның сан ғасырға созылған бостандық, тәуелсіздік жолындағы азаттық үшін күресіндегі алар орны ерекше. Бұғн қазақтармен қатар қырғыздар, ұйғырлар, өзбектер қатысты. Жаңа батырлар есімдерімен толықтырылды.
VI. Үйге тапсырма: Мәтінді меңгеріп «Тұлғаларды танып білейік» айдары бойынша көтеріліс қолбасшылары туралы мәлімет суреттер, деректер жинап келу.
VI I. Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
1916 жылғы көтеріліс

1916 жылғы көтеріліс

Біліктілік: 1916 жылғы ұлт - азаттық көтерілістің себептері, сипаты, барысы, басшылары, жеңілу себептері мен тарихи маңызын түсіндіру. Дамытушылық:...
1916 жылғы ұлт азаттық қозғалысқа 100 жыл толуына орай

1916 жылғы ұлт азаттық қозғалысқа 100 жыл толуына орай

Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке,...
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс

1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс

Қазақстан аумағындағы отаршылдыққа қарсы ең ірі көтерілістің мақсатын, барысын, негізгі кезеңдерін, тарихи маңызын аша отырып, оны Ресей халықтарының...
Ұлт-азаттық қозғалыстың барысы

Ұлт-азаттық қозғалыстың барысы

Оқушыларға 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалысының тарихы мәнін, барысын, нәтижесін түсіндіру....
Қазақстандағы 1916 ұлт- азаттық көтерілістің басталуы

Қазақстандағы 1916 ұлт- азаттық көтерілістің басталуы

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы Қызылбұлақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Жарқынбаев Нұржан Бейсенбекұлы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×