Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақ халқының Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: сабақ барысында оқушыларды қазақ хандығы төңірегінде қалыптасқан саяси оқиғалармен таныстыру, қазақ билеушілерінің басы бірікпеуінің салдары қандай болғанын көрсету, үш жүздің әскери күштерін біріктірудегі Әбілқайырдың рөлі және халықтың тәуелсіздік үшін күресінің маңызын әңгімелеу
Дамытушылық:оқушыларды материалды жүйелеуге оқиғалар арасын байланыстырып, одан қорытынды шығаруға машықтандыру
Тәрбиелік: оқушыларға отанның тәуелсіздігі мен азаттығы үшін күрескен батырлардың ерлігін айта отырып, жауаптылыққа, батылдыққа үйрету, патриоттық тәрбие беру
Мұғалім сөзі: Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақтардың күресі 150 жылдан астам уақытқа созылды, қазақ халқының тең жартысы қырылды. Халықтың тағдыры қыл үстінде тұрды. Олардың жоңғарларға бас иіп, оның құлдығына түсіп, тарихтан мүлде аты өшуі мүмкін еді, немесе тас - түйін болып ақырына дейін шапқыншылармен шайқасуы керек еді. Халық екінші жолды таңдады.
Тірек ұғымдар: Ұлт - азаттық қозғалыстың мақсаты, себебі
1) сабақтастығы
2) XVII – XVIII ғасырлардағы қазақ хандығы және жоңғар шапқыншылығы.
«Ақтабан шұбырынды», «Алқакөл сұлама», «Ордабасы жиыны»
Көрнекі және дидактикалық құралдар.
1) XVII - XVIII ғасырлардағы Қазақстан картасы
2) Көшпенділер бейнетаспа
3) Интерактивті тақта. (слайдтар. «Аңырақай шайқасы», «Жоңғардың жеті бағыты».)
4) Қазақ хандары, батырларының фото - суреті.
Сабақ түрі. Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі. Интерактивті әдіс (топпен жұмыс, рөлдік)
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын сұрау
1. XVIII ғасырдағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
2. XVIII ғасырдың I - ширегіндеРесей мемлекетінің қазақ хандығына қызығушылығының артуына не себеп болды
3. XVIII ғасырдың I - ширегіндегі қазақ хандығы төңірегіндегі сыртқы хал - ахуал өте күрделі болды. Осыған мысал келтір.
IV. Жаңа сабақтың жоспары.
1. Жоңғарияның күшеюі және оның қазақ халқына қарсы шапқыншылығы
2. Қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі
3. Жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылығының салдары.
№ 1 тапсырма
Кесте
«XVIII ғасырдың I жартысындағы қазақ хандығы»
Елдің ішкі жағдайы Қазақ - орыс қатынастары Қазақ - жоңғар қатынастары
№2 тапсырма
1. Мына тақырыпта жоспар құру
«Жоңғар шапқыншылығы және Жоңғарларға қарсы халық күресін ұйымдастыру»
2. «Халық құрылтайы»
- Қайда өтті?
- Қандай мәселелер көтерілді?
- Немен аяқталды?
- Тарихи маңызы.
V. Бекіту сұрақтары
1. Қазақ және жоңғар хандықтары қарым - қатынасының шиеленісуіне не себеп болды?
2. Картадан Қазақстан аумағына жоңғарлар шабуылының негізгі бағытын және шайқас болған жерлерді уақытын белгілеп көрсету.
3. Қазақ - жоңғар соғысы кезінде көзге түскен қазақ хандары, сұлтандары, билері мен батырлары жазылған қандай әдеби шығармаларды білесіңдер?
4. Жоңғар шапқыншылығын жеңіспен аяқтаудағы Абылайдың рөлі қандай?
5. Халық күресін ұйымдастырған билер мен батырлардың өмірбаяндары жөнінде мәліметтер жинау.
Мұғалім сөзі: Оқушылар, Жоңғар шапқыншылығының салдары қазақ қоғамына орасан зор болды Ш. Құдайбердіұлының келтірген деректері бойынша қазақтардың 3/2 бөлігі қырғынға ұшырады, далалықтардың көші - қон дәстүрі бұзылды. Шұрайлы мал
№1 Құжаттармен жұмыс.
Құжаттарды оқи отырып, қазақ жасақтары мен жоңғар әскерінің қарулары жөнінде салыстырмалы кесте құраймыз
Қару түрлері Қазақ жасақтары Жоңғар әскері
№2 Әскери іске үйрету қалай жүрді?
Құжаттарды оқи отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер
1. Әскери ту қандай міндет атқарды?
2. Әскери ұрандар жөнінде сендер не білдіңдер?
3. Қазақтар әскери өнерге қалай қарады?
4. Әскери жасақ жинау қалай жүрді?
5. Қазақ хандығында неге тұрақты әскер болмаған?
Театрландырылған көрініс.
Қазыбек би (Қазақ билері)
жайылымдарынан айырылды, сондықтан хан, сұлтандар, билер мен батырлар қазақ мемлекеттілігін қалай да сақтап қалуға күш - жігерін аямай жұмсады. Міне, бүгін де біз тәуелсіз еліміздің биігінде тұрып осы күнді армандаған бабаларымыздың биік мұраттары алдында, жан алысып, жан беріскен алмағайып замандарда азаттық үшін күрескен аталарымыздың өз аманаты алдында ел бостандығы жолында құрбан болған есіл ерлеріміздің мәңгі өшпес рухы алдында басымызды иіп, тағзым етеміз.
VI. Үйге тапсырма
VII. Бағалау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Абылай хан билігі тұсындағы қазақ хандығы

Абылай хан билігі тұсындағы қазақ хандығы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын көрсету....
Салқам Жәңгір

Салқам Жәңгір

Салқам Жәңгір – 1645 жылы туып, 1652 жылы қайтыс болған Есім ханның ұлы. Салқам Жәңгір хан тағына Есім хан өлген соң отырады. Жәңгір хан бойы аласа,...
Ақтамберді жырау

Ақтамберді жырау

Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі Қаратауда туған, 1768 жылы Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Жүрекжота деген жерде қайтыс болған. Жорық...
XVIII ғасырдың алғашқы үштен біріндегі қазақ-орыс қатынастары

XVIII ғасырдың алғашқы үштен біріндегі қазақ-орыс қатынастары

• Оқушылардың қазақ-орыс қарым-қатынастарының дамуы жайлы білім деңгейін ұлғайту. Патшалық Ресейдің Қазақстандағы отаршылдық саясатының мәнін ашып...
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күрес

Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күрес

Қазақ халқыны жоңғар басқыншыларына қарсы күресі туралы түсінік беру. Туған жерге, туған жердің табиғатына саяхат жасаумен және ел тарихына мағлұмат...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×