Сайтқа кіру Тіркелу

Ақ Орда

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ақ Орда мемлекетінің құрылуын, этикалық құрамын талдай отырып, саяси жағдайы мен шаруашылығы туралы жан жақты түсінік қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушылардың танымдылық қабілетін дамыта отырып, тарихи оқиғаларға өз бетінше баға беріп, қорытынды жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтжандылыққа, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстанның саяси - әкімшілік картасы, интерактивтік тақта, «Жұлдыз»журналы.
Әдісі: диалогтік оқыту
Сабақтың түрі: топтық жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқу құралын тексеріп түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару,
сыныпты топқа бөлу.
1 - топ Жошы ұлысы
2 - топ Шағатай ұлысы
3 - топ Үгедей ұлысы
4 - топ Төле ұлысы
Топтар жер телімдерімен бағаланады
Алаштың атаулы күні Осыдан 1928 жылы ақпанның 6 - сы күні «Жаңа әдебиет» (қазіргі «Жұлдыз») журналының алғашқы саны жарыққа шықты.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Таза тақта» ойыны.
Мақсаты: Негізгі термин сөздермен жылдарды ажырата айта алу, түсінік беру.
1155 жыл – Шыңғыс хан дүниеге келді.
«Жасақ» - Яса заңы
«Жеңісхан» - Монғолша «Шыңғыс хан»
1206 ж. - Монғол империясы құрылып, оның ұлы ханы болып Шыңғысхан сайланды.
«Құрылтай» - Өкімет билігінің жоғарғы органы жаз айында бір рет жиналатын жиын
6 ай – Отырар қаласы бой беріспеген
15 күн - Ашнас қаласы бой беріспеді
1227 - 1255ж. – Батый хан билік жасауы
«бекілер бек» - Әскери істерді басқарушы
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Ақ Орданың құрылуы, жер аумағы.
2. Орданың ішкі - сыртқы саяси жағдайы.
3. Шаруашылығы.
Топтарға «Мені түсін» ойын әдісі бойынша тапсырма беру.
Мақсаты: Әр топ өздеріне берілген тақырыптың мазмұнын ашып түсіну, қорғау.
1 - топ Жошы ұлысы: Ақ Орданың құрылуы, жер аумағы
2 - топ Шағатай ұлысы: Орданың ішкі - сыртқы саяси жағдайы
3 - топ Үгедей ұлысы: Шаруашылығы.
4 - топ Төле ұлысы: Әр топқа сұрақ – жауаптарын дайындайды Топтар жасаған жұмыстарын қорғайды
ІV. Сабақтың бекіту: /Төле ұлысы дайындаған сұрақтарын қояды/
1. Ақ Орда тарихында ерекше рөл атқарған хандарды атаңдар?
2. Ақ Орданың орнына қандай мемлекет құрылды?
V. Бағалау: Топтар жиналған жер телімдерінен бірлесіп «Қазақ хандығы» картасын құрастырады, «Ақ орданың» қазақ халқының қалыптасып мемлекет болып құрылуына зор үлесін қосқандығын анықтайды.
VI. Үйге тапсырма.
1. 23 тақырып «Ақ Орда» оқу, эссе жазу.
2. Атластан 11 беттегі «XIV - XVғ. I жартысындағы Қазақстан» кескін картаға түсіру.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×