Сайтқа кіру Тіркелу

Адам және отбасы. Отбасы қатынастарын құқықтық реттеу

Пәні: Құқықтану
Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы: §27. Адам және отбасы. Отбасы қатынастарын құқықтық реттеу
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Отбасы және неке ұғымы туралы түсінік беру.
2) Тәрбиелік: Отбасының қоғамдағы қызметі туралы түсінік бере отырып, бауырмалдыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
3) Дамытушылық: Отбасы қатынастары, неке құру тәртібін түсіндіру арқылы өзіндік көзқарастарын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі:
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Жауаптылық деген не?
2. Жаза деген не?
3. Жазалардың жүйесі қандай?
4. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы қандай?
ІІІ. Жаңа cабақ

отбасы сөзіне ассоциация құру

Шығармашылық тапсырма:
«Менің отбасым» тақырыбында эссе жазу.

Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені, адам баласы шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап, осы жанұяда ержетіп, тәрбиеленеді. Дүние жүзінің қай елінде болмасын мемлекет отбасын қорғайды, Қазақстан Республикасында да мемлекет отбасын өз қамқорлығына алады және отбасындағы қатынастарды арнайы қабылданған заңдар арқылы реттейді.
1998 жылы Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» заңына сәйкес, Отбасы дегеніміз - некеден, туыстықтан, дүниеге бала әкеліп оны тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын өзара жәрдемдесуге тиісті адамдардың тобы.
Неке дегеніміз – ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатында жасалған ер мен әйелдің тең құқықты одағы. Біздің елімізде неке ер мен әйелдің арасында пайда болады.
Некеге тұру шарты бойынша неке сарайларында салтанатты жағдайда екі азамат жаңа отбасының дүниеге келгенін жариялайды. Некені қию тілек білдірушілердің азаматтық хал актілерін тіркеу органына арыз берген күннен бастап 1 ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Неке жасы - он сегіз жас.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

1) Отбасы туралы берілген мақал – мәтелді толықтыру
1) Болар бала............... (босағадан)
2) Өз үйім.......... төсегім. (өлең)
3) Отан -........... басталады. (отбасынан)
4) Балапан ұяда не көрсе,......... соны ілерді ( ұшқанда)
5) Бала тәрбиесі -............ (бесіктен)
Ү. Қорытынды
ҮІ. Үйге: §27. оқу
2) «Отбасы – шағын мемлекет» тақырыбында эссе жазу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×