Сайтқа кіру Тіркелу

Батыйдың орыс жеріне жорығы

Сабақтың тақырыбы: §37. Батыйдың орыс жеріне жорығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 1236 - 1242 жылдары Батысқа жүргізген жорығы, одан кейінгі құрған Батудың Алтын Орда мемлекеті туралы толық мағлұмат беру;
Дамытушылық: Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Орыс қалаларының монғол - татар шапқыншылығынан қалай қорғанғаны туралы білім бере отырып, оқушыларды адамгершілікке, елін, туған жерін сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдісі: интерактивті, белсенді оқыту әдістері.
Көрнекілік интерактивты тақта, карта, суреттер, сызба
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Оқушыларды 4 топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: әр топқа сұрақтар беру.
Шыңғысхан империясының құрылуының алғышарттары қандай болды?
Монғол тайпаларының қонысы, олардың шаруашылығы мен кәсібі туралы айтып беріңдер.
Шыңғысханның қазақ даласына шабуылы қашан басталды, оның себебі неде? Отырар қаласын қорғаудағы халық ерлігі, Отырар қаласы туралы не білесіңдер?
Монғол - татар әскерлерінің Орта Азия мен Кавказды жаулап алуы туралы не білесіңдер?
Ұғымдармен жұмысты тақтада орындау.
Құрылтай –
«Яса», «Жасақ»-
Баһадүр -
Татар -
«Той»-
Ұлыс -
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Батудың орыс жеріне жорығы. Жаңа жерлерді бағындыру.
2. Батыйдың Киевті алуы.
3. Алтын Орда мемлекетінің құрылуы
4. Мемлекеттік құрылымы.
Интерактивті тақтадан Батый ( Бату хан) хан туралы қосымша материал көрсету, оқушыларды қатыстыра отырып, әңгімелеу.
Батый хан (Сайын хан), Алтын Орданың негізін қалаушы, қолбасшы. Шыңғыс ханның немересі, Жошының екінші ұлы. 1208 ж. дүниеге келіп, 1255 ж. қайтыс болған.
1227 - 1255 ж. ж. Алтын орданы биледі. Шешесі Кочун қатын, қоңырат Елші Ноянның қызы.
1227 ж. Батый әкесі Жошы өлген соң, Шыңғыс хан ұйғарымымен таққа отырады.
1229 ж. Үгедейді империяның ұлы ханы сайлаған Қарақорымдағы Құрылтай жиналысына қатысады.
1236 - 1242 ж. ж. біріккен түркі - монғол әскерінің Русь пен Шығыс Европаға жорығына қолбасшылық етеді.
Батудан Сартақ, Тоқан, Ұлақшы атты 4 ұл тараған.
Бату Сарай қаласында жерленген.
(интерактивті тақтадан «Бату» атты Қытай минриатюрасы мен Бату әскерінің шайқас кезі бейнеленген сурет көрсетіледі.).
Сұрақ:- Батый ханның неліктен «Сайын хан» атанғанын білесіңдер ме?
Берілген мәліметтерді пайдаланып, Батый ханның сөздік портретін жасауға тапсырма беру.
Жаңа жерді бағындыру:
Даталармен жұмыс: үлестірмелі карточкалар арқылы:
- 1236 ж.- Батый әскері Еділ өзеніне келіп, бұлғарларды жаулап алды.
- 1237 ж.- Еділ - Дон аралығындағы қыпшақтарды тізе бүктірді.
- 1237 ж. Қысы - Еділден өтіп, Рязань қаласын алды. Владимир - Суздаль княздығына жетіп, Коломна түбінде кінәз Юрийді жеңеді. Мәскеуді алады.
- 1238 ж. 4 ақпанда - Батый Владимир кінәздігін қоршап, 3 күннен соң алады. Содан соң, Ростов, Суздаль, Ярославль, Кострома, Углич, Тверь сияқты 14 қаланы бағындырды. Новгород жеріне бағыт алды, алайда бағытын оңтүстікке өзгертуге мәжбүр болды. (оқушылардан не себепті екені сұралады.) Картамен жұмыс.
- 1240 ж. Киев қаласына жетеді. Оны алған соң, Галич - Волынь ға аттанады.
- 1241 - 1242 ж. ж. - Польшаға, Венгрияға, Чехияға баса - көктеп кіреді.
- 1243 ж. Сарай – Бату қаласын салғызады. Алтын Орда мемлекетінің негізін құрады.
- 1240 - 1480 ж. ж. орыс жеріне монғол - татар үстемдігі орнады.
Ұжымдық жұмыс үшін проблемалық сұрақ:
- Орыс жерлерінің монғол - татар шапқыншылығына тосқауыл бола алмау себептері неде деп ойлайсыңдар? Бірнеше себептерін атаңдар.
2. Мұғалім сөзі:
- Оқушылар, бізге қазір орта ғасырдан қонақ келеді, сол кісінің Батый ханның Киевті алуы туралы әңгімесін тыңдайық: (тақтадан Батудың Руське жорығы» атты миниатюрасы шығып тұрады).
Рөлдік ойын: бір оқушы орта ғасыр адамының бейнесінде келіп, оқиғаны өзі көргендей әсерлі етіп айтып береді: « 1240 ж. желтоқсаны болатын. Бату хан бастаған қыруар әскер « славян қалаларының анасы» саналатын Киев қаласын қоршады. Қорған бұзғыш қондырғы - қарулар күндіз - түні қабырғаны дамылсыз соққылаумен болды. Қала халқы қатты қарсыласты. Өлген адам көп болды, қан судай ақты.... Ақыры олар қорған бұзғыш қару арқылы қала қабырғасын бұзып, қалаға кірді. Қарша бораған садақтың оғынан күннің көзі көрінбей қалды. Түн болды.... Қала халқы түнде ескі қамал қабырғаларын жаңадан қалап үлгерді. Ал таңертең кескілескен ұрыс болды. Алайда, күш тең емес еді. Сөйтіп, 6 желтоқсан күні көшпелілердің шабуылына шыдамай, 8 күн бойы қорғанған қала берілуге мәжбүр болды.... Барлық жерде татарлар қаптап кетті.... Жаралы кінәз Дмитрийді Батудың алдына алып келді. Бату оның ерлігіне риза болып, өлтіртпеді. Міне, балалар, менің бұл оқиға туралы білетінім осы»- деп тағзым етіп иіліп, шығып кетеді.
3. – 1243 ж. Бату Еділ бойына қайта оралып, Сарай - Бату қаласын салдырады және «Алтын Орда» деп аталған мемлекетін құрады.
Интерактивті тақтаға «Алтын Орданың» картасы шығады. Мұғалім картаны пайдалана отырып, оқушыларға елдің аумағын атап, тақтаға жазуды тапсырады. (Ертістен – Дунайға дейінгі аймақ).
Қазақстан тарихынан алған білімдерін пайдаланып, Алтын Орданың ұлыстарға бөлінуін оқушылардан сұрау, сызбаға түсірту.
Ақ Орда – Сырдариядан - Балқашқа дейінгі жер - Алтын Орда Орда Еженге берілді.
Көк Орда - Арал теңізінің солтүстігі – Шайбанға қарады. (картамен жұмыс).
- Сарай – Бату қаласын сипаттаған тұсын тауып, оқыту.
Парсы тарихшысы Жувейни: «Оның ордасына саудагерлер барлық жерден келіп жатты. Олар түрлі тауарларды әкеледі. Ол (Батый хан) тауарлардың бәрін алғызып, оның үстіне бағаны артығымен төлетіп отырған» деген дерегін келтіру.
Тарихи сөйлемді аяқта:
Алтын Орда – (феодалдық мемлекет).
Алтын Орда мемлекетінде өмір (- сүрген халықтардың даму дәрежесі әркелкі болды).
Орыс жерінің халықтары -( Еділ алқабындағы отырықшы - егінші шаруашылықпен айналысты)
Алтын Орданың қол астындағы түрік -( тілдес халықтар көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданды).
Түрік тектес тайпалар -( құрамында қыпшақ, қаңлы, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ болды)
Мемлекеттік құрылымы - (әскери негізде болды).
Хан - (қарулы күштердің бас қолбасшысы болды)
Бектер құрылтайы - (мемлекет билігінің бір сатысы).
Бағынышты аймақтарды басқаратын -(дарғы бектер, тамғаш және басқақтар тағайындалды).
«Қалан»- (егіншілерден алынатын салық)
«қапшуыр»- (малшыларға салынатын салық)
Жарлық – ( орыс кінәздерін тағайындау туралы ханның арнайы құжаты).
Сабақты бекіту:
Тест сұрақтары:
1. Бату ханның орыс жеріне жорығы қашан басталды?
А) 1241ж.
В) 1242ж.
с) 1243 ж.
д) 1235 ж.
е) 1236 ж.
2. Алтын Орда мемлекеті кімнің басқаруымен құрылды?
а) Беркенің;
в) Төленің;
с) Батыйдың;
д) Жошының;
е) Шағатайдың.
3. Алтын Орда қай ұлыстың орнына құрылды?
а) Жошы ұлысының;
в) Шағатай ұлысының;
с) Үгедей ұлысының;
д) Төле ұлысының;
е) Берке ұлысының.
4. Бірінші қай кінәздіктің жері монғол - татар шапқыншылығына ұшырады?
А) Владимир – Суздаль;
В) Рязань;
с) Чернигов;
д) Псковь;
е) Новгород.
5. Қай кінәздікті ауа - райының қолайсыздығынан жаулап алу сәті түспеді?
А) Владимир – Суздаль;
в) Рязань;
с) Чернигов;
д) Псковь;
е) Новгород.
6. Бату ханның Шығыс Европаға жеті жылдық жорығы қашан болды?
А) 1241 - 1247;
В) 1158 - 1165;
С) 1236 - 1242;
Д) 1327 - 1334;
Е) 1235 - 1243.
Алтын Орданың Орыс жеріндегі билігі қанша уақытқа созылды?
А) 1243 - 1282;
В) 1245 - 1286;
С) 1240 - 1480;
Д) 1241 - 1280;
е) 1242 - 1280.
Бағалау:
Үйге тапсырма: § 37 – оқу.
-«Алтын Орда» энциклопедиясын оқып, қосымша мәліметтермен танысу.
- тақырып бойынша сөзжұмбақ, ребус құрастыру.
Кері қайту
Ілмек сөздер: батый хан, жорық, орыс жері.
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×