Сайтқа кіру Тіркелу

Жібeк жолы - сауда жолы, достық жолы, ғылым жолы

Мақсаты: Ұлы Жібек жолының Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына тигізген әcepi туралы, осы жол аркылы тауарлар тасумен қатар ғылым, мәдениет, өнердің дамығандығын оқушыларға түсіндіру
Көрнекілігі: Жібек жолының картасы, бүктемелер, суреттер
Сабақтың түрі: сайыс сабағы
Сабақ өту әдісі: ойын түрлері аркылы жұмыс
Оқушыларды eкі топқа бөлеміз. Сабақ eкі топтың арасында сайыс түрінде жүргізіледі
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу
ә) екі топты орындарына жайғастыру, топтың атымен көпшілікті таныстыру
I - топ - “Тараз”тобы
II - топ - “Отырар” тобы
Әр топ өздерінің эмблемасын дайындайды, ұранымен таныстырады.

Сайыстың бағдарламасы:
1. ”Бәйге”сайысы (Әр топқа 6 сұрақтан беріледі)
“Тараз” тобына қойылатын сұрақтар:
1/Жібек жолының басы қайдан басталады?
2. Ұлы Жібек жолы Қазақстанның қандай қалалары арқылы өттi?
3. Ұлы Жібек жолы арқылы Қазақстан далаларына қандай тауарлар әкелінді және қандай тауарлар шетке шығарылды?
4. Ұлы Жібек жолы қай аралықтарды байланыстырды?
5. Халықаралық сауда жолы арқылы Шығыс елдерінен нелер сатыла бастады?
6. Қытайдың жібегі бүкіл Еуразияға қай ғасырдан бастап әйгілі бола бастады?

“Отырар” тобына қойылатын сұрақтар:

1. Ұлы Жібек жолы арқылы қандай діндер таралды?
2. Халықаралық сауда жолы арқылы қандай жан - жануарлар сатыла бастады?
3. Жібек өндіруді қытайлар неге құпия сақтаған?
4. Қытайдың әдемі фарфордан жасалған бұйымдары Қазақстанның қандай қалаларынан табылды?
5. Ұлы Жібек жолының бойындағы қалалар қандай жағдайларға зор пайдасын тигізді?
6. Сауда кезіндегі қарым - қатынас, экономикалық байланыс шаруашылықтың қандай түрлерін үйренуге себепші болды?

II.”Кім жылдам?” ойыны.
Ойынның шарты: Әр топ Жібек жолының бойындағы eеi қаланың атын атап, сол қалаға тез шолу жасап шығады. Мысалы: Отырар, Тараз; Испиджаб, Шауғар. Бұл жерде уакыт есептелінеді. Берілетін уақыт 2 - З минут.

III. Жәрмеңке өткізу.(көрініс арқылы)
Ұлы Жібек жолының бойындағы ең көне, әpi бай Тараз қаласында өтiп жатқан жәрмеңкеден көpiнic:
1. 0рыс саудагерлерінің қатары. Сатылатын бұйымдар: аң терілері, қару - жарақ, етіктер, ағаштан жасалған ыдыстар. Үлкен самоварда шәй қайнап тұрады. Оның жанында ән салып, би билеп жатқан адамдар.(айқайлап өз тауарларын сатып тұрған саудагелер). Бұл жердегі ең қымбат тауарлар сілеусін мен ақ аюдың үлкен тepici. Сілеусіннің тepici, бес қоян тұрады.
2. Yнді саудагерлерінің қатары. Нағыз тipi пілдер, маймылдар, факир флейтасы даусына ырғатылған жыландар, билеп жүрген биші қыздар.(кыздар үнді биін билейді.)
2. Қытай саудагерлерінің қатары. Тауарлары ең көрнекті орында фарфор ыдыстары, неше түрлі дәрілік өсімдіктер, жібек маталары.(Бұл жерде кытай eмшіci ауруға ем - дом жасауды көрсетіп тұрады.)
3. Жергілікті тұрғындар базар қожайындары. Сатылатын тауарлары илeyi жеткен қой тepілерi, жастықтар, құлан тepiciмeн қапталған ерлер, куміс ат - тұрмандар, көрпелер, мақта тұкымын, малдарды кояды.

IV. ”Өз сыңарыңды тап” ойыны.
Ойынның шарты: Мұнда жұп карточкалар дайындалады. Біреуінде - сұрактар, екіншісінде - жауаптарға арналған тipeк сызбалар. Бір сұрақ пен оның жауабына арналған карточкалардың түcтepi бірдей болады. Оқушылар карточкаларды өздері таңдайды. Содан кeйін сыңарын тayып, бipre жұмыс істейді. Тапсырманы жылдам, әpi дұрыс орындағандар жеңімпаз атанады.
V. Toп жетекшілерінің сайысы.
Топ жетекшілеріне берілетін сұрақтар: жауапты нақты, әрі жылдам беру керек.

1. Ұлы Жібек жолының өміp сүруін тоқтату ceбeбi неде?
Ж: (теңіз сауда жолының пайда болуына байланысты)
2. Ұлы Жібек жолының гүлденген бағытын атаңдар.
Ж:(Қытайдан Жетісу және Оңтүстік арқылы батысқа)
3. Қытай жібек өндіру тәсілін кұпия сақтаған. Бірақ соған қарамастан оның құпиясын сыртқа алып шыққан кімдер?
Ж:(жібек құртын адамдар қуыс қурайдың ішінe салып, тіпті әйелдер шашының арасына тығып алып шыққан).

Қорытындылау.
Соңында жеңімпаздар анықталады. Жеңген топқа сыйлық тапсырылады
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ұлы Жібек жолы

Ұлы Жібек жолы

Байырғы заманда жердің түкпір - түкпірінде тұратын адамдар бір - бірімен сауда байланысын жүргізген. Алғашында бұл зәру заттармен айырбас ретінде...
Шырайлы Шымкент

Шырайлы Шымкент

Шымкент – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, қала б. з. д. II ғасырда салынған. Шымкент қаласы Ұлы Жібек Жолы...
Ұлы Жібек жолы

Ұлы Жібек жолы

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ұлы Жібек жолының пайда болуын және тек сауда мен шаруашылықты дамытушы ғана емес, халықаралық қатынастар мен...
Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы

Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының тарих пәні мұғалімі: Байдосова Айнұр...
Әл - Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы

Әл - Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы

Абжаппарқызы Мира Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы. Қ.Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығының тарих пәні мұғалімі...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×