Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің басты бағыты

Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің басты бағыты
ХХІ ғасыр жаһандану ғасыры. Осы дүниежүзілік үрдісте кей елдің мәдениеті басқа елге үстем болуда. Әр ел бұл үрдіске өз бетінше қам - қарекет жасау үстінде. Мысалы, Жапон елі өз мәдениетін, салт - дәстүрін, ділі мен дінін жоғары деңгейге көтеріп, мемлекеттік дәрежеде қорғауда. Бізде Қазақ елінің жаһандану үрдісіне сіңіп кетпей, өркендеп, өсуі үшін өзіміздің мәдениетіміз, тарихымыз, салт - дәстүріміз, діліміз бен дінімізді қорғап, оларды өркендету үшін күресуіміз керек. Қазақ елінің тарихын насихаттап, өскелең ұрпақты ұлтжанды етіп тәрбиелейтін, әрқашан мемлекеттік мүддені көздеп, мемлекеттік тәуелсіздігіміздің мәңгі баянды болуын насихаттау жолында аянбай еңбек етуіміз керек.
XXI ғасырдағы тарих пәні – жалпы адамзат алға басуындағы әр мемлекеттің болашағы үшін өз патриоттарын даярлау жолындағы басты бағыт беруші пән. Тарих пәні небір тамаша фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды және тарихи қайраткерлердің халық үшін жасаған қызметін баяндайды. Осылардың бәрі олардың жүрегіне, сезіміне күшті әсер етеді, адамгершілігі жоғары, саналы азамат болып қалыптасуына үлес қосады.
Ұрпағын өз халқының патриоты етіп тәрбиелеу - қай халықтың болса да тәрбиелеу жүйесінің негізгі талаптарынын бірі. Ал біздің халқымызда бұл талап әрдайым жоғары болған. Ата - бабаларымыз кең далада өмір сүрген де, сондықтан оларға «Атамекен, туған жер» ұғымы - әрдайым қастерлі де қасиетті ұғым. Бұл қасиеттер ұрпақ бойына оқумен, біліммен, үйренумен, талпынумен бітеді.
Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық деген, ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім - тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы - тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы - батыр халық». Қазақ халқын құрып кету қаупінен сақтап қалған, жерін жауға бермей, ұлан байтақ елкесін қазақ еліне мәңгі қоныс ету мақсатында жарғақ құлағы жастыққа тимей, елім деп еңіреп өткен хас батырлар қаншама десеңізші! Бұлардың ерлігі кейінгі ұрпақка қашан да болса өнеге болмақ.
“Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндеттеріміз - Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін - өзі айқын билеу. Олай болса, осы міндетті орындау жолында тәрбие мәселесін қолға алып, ұрпақтарды аздырмай - тоздырмай қазіргі сауда - саттықтың, алдау - арбаудың ықпалына жібермей, етегіне сүйретпей еліміздің болашақ өркениетті дамуын алға бастыртатын адамдарын тәрбиелеуіміз керек”,- дейді Президент.
«Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, халқы туралы түсініктер оқу – тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс – шараларда Отансүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салт – дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, ана тілін қадірлеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылады. Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриоттық тәрбие бүгінгі өмірден оқшауланбайды, қайта жаңа өмірмен қауышып ұлттық тәрбиеге жаңа мән береді. Ұлттық тәрбие дегеніміз ол оқшаулану емес, керісінше ұлттық тәрбие үлгілерімен әлемдік идеяларды қабылдап, ненің тозық, ненің озық екенін тани білу, өрісі, дүнитанымы кең азаматтарды тәрбиелеуге мүмкіндік болады деп түсіну қажет және солай да.
Тарих сабақтарында оқушыларды қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеуде мектебімізде
«Қазақстандық патриотизм - халықтар бірлігінің басты байлығы» тақырыбында дебат ойыны өткізілген. Бұл пікірталаста 9 - 11 класс оқушыларынан құралған «Самғар», «Мұрагер» топтары оқушылары Бисеналина Әйгерім, Атшыбай Эльонора, Серікбай Ырзагүл, Сағынтай Лаура, Төлегенова Әсем, Жаңабай Райымбек қатысып, Қазақстандық патриотизм туралы өз ойларын айтып, сөйлеу мәдениетін, білім шеберлігін шыңдады.
Патриотизм дегеніміз - Отанға деген сүйіспеншілік жеке адамның аман саулығының қоғамдық - мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз - жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым - қатынасты білдіреді деген ұтымды ойлары айтылды. Республикадағы ұлттар мен ұлыстардың ешқайсысын алаламай, бәрінің де толыққанды дамуына нақты жағдайлар туғызып, көп этносты елдегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету қазақстандық патриотизмнің туындауына негіз бола алады. Ұлтына қарамастан Қазақстанда тұратын әрбір азамат Қазақстанды туған Отаным деп түсінуі қажет. Сонда ғана адамның жүрегінде қазақстандық патриотизм сезімінің, өз Отанына деген перзенттік мақтаныш сезімнің өркен ғажайып тамырлануына негіз қаланады. Яғни, этносаралық интеграцияның базасы емес, адамдардың өзін - өзі азаматтық билеуі, Қазақстан халқының бір бөлшегі ретінде сезімі дамып қалыптасады дегенде ойлар қозғады.
Үздік спикер атанған Төлегенова Әсем пікірінен нағыз патриот шығар жас жалынын байқадық. Әсемнің жалындаған сөздерінде біздің қарарымыз: «Қазіргі жастарға патриотизм тән бе». Әрине, қазіргі жастарға патриотизм тән. Себебі, көріп отырғанымыздай «Дипломмен - ауылға», «Жас Отан - жастар қанаты», «Студенттік құрылыс жастары» бағдарламаларда жастар үлесі көп. Олардың елін, жерін сүйген патриоттық сезімін осыдан аңғаруға болады. Олардың ана тілінен, ұлттық болмысынан, төлтума мәдениеті мен салт - дәстүрден алшақтығы туралы жібі түзу әңгіме айтылмайды. Мұндай сыни пікірлердің дені жастарға бағытталатыны белгілі. Әйтсе де бес саусақтың бірдей еместігін ескерген жөн. Олардың барлығын бірдей батыстанып кетті деу артық болар. Негізі мұндай кертертпа пікірлерді алға тарта берсек, сол арқылы жастар рухын төмендетіп, болашақта толыққанды патриот азамат болып қалыптасуына кедергі жасайтынымыз анық. Ақиқатын айтқанда, жастардың туған жерге деген ықыласы мен патриоттық сезімін бағалай білуіміз керек деген ой - тұжырым айтылды.
Сонымен қорыта айтарымыз, қазақстандық патриотизм - бүкіл қазақстандықтарға тән. Себебі ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт - дәстүр, ортақ қазақтың тілі. Басқа ұлт өкілдері қазақтың тілін білуі тиіс. Отан – от басынан басталады десек, туған облысымыздың, қаламыздың көрнекі жері, тарихы, атаулы оқиғаларын, айтулы адамдардың өмір жолдарын білгізудің мәні зор. Азаматтардың биік отаншылдық сезімі бүгінге ғана емес, ертеңге керек, болашаққа да керек.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×