Сайтқа кіру Тіркелу

Тың және тыңайған жерлерді игеру

Сабақтың тақырыбы: Тың игерудің нәтижелері мен салдарлары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың тың эпопеясы туралы теориялық білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық: оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық ізденісін дамыту, ой түйіндеуімен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелік: патриоттық санасын арттыра отырып, тыңгерлердің еңбек майданындағы ерлік істері арқылы ұлттық сезімдерін ояту.
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, сұрақ - жауап.
Сабақтың түрі: Конференция сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, қосымша әдебиеттер, слайдтар, т. б.
Пәнаралық байланыс: География, саясаттану, әдебиет.
Барысы: Тренинг «Тілек тілеу.»
Үйге берілген тапсырма: «Ауыл шаруашылығының дамуы. Тың игеру.»
Н. Н. Назарбаев: «Тыңды игеру өзін - өзі ақтағанын уақыт көрсетті. Қазақстанның астықты алқабын елді нанмен толық қамтамасыз етіп қана қойған жоқ, сонымен бірге республиканыәлемдік астық экспортерлерінің ондығына шығарды.»
С ұ р а қ т а р:
1. 1946 - 50 жылдардағы астық өнімдерінің тапшылығы.
2. 1954 жылы көктемінде қандай оқиға болды?
3. Тың игеруді Қазақстандықтар қалай қарсы алды?
4. Қазақстан қалай көпұлтты елге айналды?
5. Тың игерушілердің еңбектегі құлшынысы?
К О Н Ф Е Р Е Н Ц И Я
Тақырыптары:
1. 50 - жылдардағы ауыл шаруашылығының артта қалу себептері
2. 50 - жылдардағы ауыл шаруашылығын дамытудағы партия шешімдері.
3. Тың игеру кезінде Қазақстанда билікте отырғандар.
4. Басқа респубикадан көшіп келгендерге жеңілдіктер.
5. Тың игеруге Қазақстан халқының көзқарасы.
6. Тың игерудегі колхоздар мен совхоздардың ролі.
7. Тың игерушілердің еңбектегі ролі.
8. Тың игерудің мәдениет пен ғылымның дамуына тигізген әсері.
9. Тың игерудің салдарлары.
10. Тың игерудің тарихи маңызы.
Тың эпопеясына бүгінгі көзқараспен қарайтын болсақ бұл қадамның қаншалықты ақталғаны туралы пікір таласуға болады. Тарихи деректемелер, суреттерді қарай отырып, тың игерушілердің құлан даланы игеріп, жан бітіргенін көре отырып сонау қиындықты жеңген халықтың еңбек майданындағы ерлігінің нәтижесі бүгін жемісін беріп отыр деп ойлаймын. Қазақстан дү. ние жүзінде астықты экспортқа шығарудан бірінші орын алып отыр. Бұл жетістікке сонау 1954 - 56 ж. Тың майданында еңбек еткен ерлердің үлесі деп білеміз. Тыңды игеруге келген өзге ұлттар арасындағы байланыс Қазақстанның көп ұлтты мемлекет болып қалыптасуына негіз болды және ұлттық достық қатынас ел экономикасының дамуына үлес қосты.
Бүгінде сол мидай далада үлкен, әдеміқалалар, ауылдар бой көтерген, халық қоныстанған. Соның дәлелі ретінде Целиноград бүгінде тәуелсіз Қазақстанның астанасы Астана қаласы болып отыр.
Бұл еңбек жастарымыздың болашаққа деген үмітін арттырып, еңбекке деген құлшынысына ой түсіреді, себебі біздің бабаларымыз соғыс майданындада, еңбек майданындада қандай қиындық болса да қайсарлық пен төзімділік танытты.

ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ.

Тыңгерлер туралы: «Көне сөздерденсіз «тың»деген сөзді табасыз, ал «тың игеруші»деген сөзді таба алмайсыз. Тың игеруші – қаһармандық кезеңді сипаттайтын тарихи тұлға. Бұл сөз уақыт талабынан туған өзгеше мінез құлықты бейнелейді. Л. И. Брежнев.\ «тың» атты кітабынан\

Демеевтер туралы: «Қазір мен тың өлкенің қай тұсына барсамда, бәрінде осында туған қызметкерлерді кездестіріп жүрем. Бұл өлкеде өмір тамырын терең жайған. Социалистік еңбек еріЖансұлтан Демеевпен бірге егіс даласына оның ұлы Мираш Демеев те шығады. Мұндай мысалдар тіпті көп. Бәріде ойдағыдай болып шықты: жаңа жерлер игеріліп, онда адамдар тұрақтап қалды.»Л. И. Брежнев

Есіл туралы: 1954 жылыАқмола қаласына тың түрені жаңалық ашса, 1995 жылы Ақмола қаласы Қазақстанның Астанасы болуға шешім қабылданды. Есіл бойындағы бүгінгі Астана әлемге әйгілі әдемі, бәсекеге қабілетті қалалардың біріне айналды. Оның дәлелі Европа қауіпсіздік ынтымақтастық ұйымының саммитінің өтуіҚазақстанның Астанасын әлемге паш етті.
Одан кейінгі Азиада ойыны да Қазақстанның мықты ел екенін дәлелдеді.

Назарбаевтың сөзі:\Астана туралы\
«Біздің Елордамыз экономикасы бәсекеге қабілетті, ел азаматтары мен туристер үшін тартымды қала - Астананы одан әрі дамытуға айрықша маңыз берілетін болады.»
Пікірталас «Тың игерудің Қазақстан халқының шаруашылығы мен тұрмысын жақсартуға пайдасы тиді ме?
1 - топ 2 - топ
Иә жоқ

Бағалау

Үйге тапсырма:
1. Тың кезінде шыққан өлеңдерден үзінді жаттау

2. К. Дөнентаева туралы мәліметтер жинау

Қандай бақыт қуанышты күн бүгін
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін
Арман еткен қыршын кеткен ағалар
Елің алды егеменді теңдігін!
Егемендік – ел болудың белгісіі
Басқа жұртпен тең жұлдызы тең күйі
«Егеменді» деген сөзден естілер
Ата жұрттың арғысы мен бергісі
Сабақтың соңы.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық сабақ жоспары, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, табиғат, тарих, тест, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету