Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақстан халқы

Сабақтың тақырыбы: “Қазақстан халқы”
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсат: Оқушыларға тарих, әдебиет пәндері арқылы бір тақырып көлемінде ғылыми мәліметтер беру;
2. Дамытушылық мақсат: Оқушылардың тарих пәні бойынша білім, білік, дағдыларын дамыту;
3. Тәрбиелік мақсат: Мемлекетіміздегі тұрақтылықтың кепілі – халықтар достығын қадірлеуге, ғылыми - теориялық білімдерін нақтылауға, басқа ұлттардың тарихын, мәдениетін танып - білуге тәрбиелеу;
Жалпы мақсаты: Мемлекетіміздің ұлттар саясатын идеологиялық жағынан насихаттау. Көкейтесті осы мәселе бойынша оқушылардың ғылыми танымдарын қалыптастыру
ІІ. Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, демография, география
ІІІ. Сабақ түрі: интерактивтік, семинар, ізденіс сабағы.
ІV. Көрнекіліктері: интерактивті тақта, суреттер
V. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Сабаққа кіріспе.
3. Қазақстан халқы қалай көп
этносты мемлекетке айналды?
4. Термин сөздермен жұмыс.
5. Ұлы тұлғалар танымы.
6. “Бұл кім?” ойыны.
7. Мақал - мәтелдерді толықтыр.
8. Хронологиямен жұмыс.
9. Сөзжұмбақ шешу.
10. Сабақты қорытындылау.

Сыныпты үш топқа бөлеміз:
І - Тарихшылар
ІІ - Әдебиетшілер
ІІІ - Жас ғалымдар
Қазақстан халықтары Ассамблеясының өтілген кеңестері
• І кеңес. Құрылтай кеңесі 1995 ж. Наурыз “Біздің ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісім үшін ”
• ІІ кеңес. 1995 ж. маусым “Өткенді қорытындылау және болашақтағы қоғамның демократиялық дамуының негізі”
• ІІІ кеңес. 1996 ж. сәуір “Қоғамдық келісім – Қазақстанның демократиялық дамуының негізі”
• ІV кеңес «Тарихи таным, ұлттық келісім және демократиялық реформалар - Қазақстан халқының азаматтық таңдауы»
• V кеңес. 1999 ж. қаңтар. “Ұлттық келісім - Қазақстанның дамуы мен тұрақтылығының негізі”
• VІ кеңес. 1999 ж. желтоқсан. “ХХІ ғасырға - достық келісіммен”
• VІІ кеңес. 2000 ж. желтоқсан. “Халықтың рухани - мәдени дамуы - Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі беріктігінің негізі ”
VІІІ кеңес. 2001 ж. қазан. “Егемендіктің 10 жылы: бейбітшілік, ілгерілеу және қоғамдық келісім ”
• ІХ кеңес. 2002 ж. қазан. “Қазақстан халықтар Ассамблеясының даму стратегиясы: ұлттық келісім, қауіпсіздік, азаматтық әлем”
• Х кеңес. 2003 желтоқсан. “Этникалық қатынастардың Қазақстандық моделі: тәжірибе және перспективалар”
• ХІ кеңес. 2005 ж. қараша “Ұлтаралық келісім мен гүлденуі, бейбітшіліктің 10 жылы”
• Басқа ұлт өкілдері - 12, 6 %
• Орыстар – 28, 7 %
• Қазақтар – 58, 7 %
Астанадағы ұлт өкілдерінің саны 2006 жыл бойынша
Ұлттар
Барлығы
Қазақтар
Орыстар
Украиндықтар
Татарлар
Немістер
Белорустар
Корейстер
Өзбектер
Поляктар
Ингуштар
Азербайжандар
Шешендер
Башқұрттар
Қырғыздар
Армяндар
Молдавандар
Басқа ұлттар
Саны
550 438
323 021
158 278
19 349
10 846
9 252
5580
3754
3681
2945
2310
1640
1018
1006
839
751
653
5515
Күштеп жер аударылған, қуғын - сүргінге ұшыраған
халықтар тарихы
• ХХ ғасырдың 30 - жылдары Украина, Белоруссиядан 60667 поляк көшірілген
• 2. 1936 жыл тамыз Қиыр Шығыстан Қазақстанға 100 Мың корейлер көшірілген
• 3. 1937 – 1939 ж. ж. азербайжан, түріктер, армяндар, күрділер көшірілді
• 4. 1939 жылғы есеп бойынша 92571 немістер болған. 1941 ж. 29 тамызда100 мың немістер көшірілген
Қазақстан халқы қалай көп этносты мемлекетке айналды?
ХІХ ғ. басы
ХІХ ғ.
1937
1940 - 1941
1941
1943 - 1944
1941 - 1945
1954 - 1956
Ресейдің ішкі өлкелерінен қазақ жеріне орыстардың қоныс аударуы жүзеге асырылды.
Ұйғыр, дүнгендердің Қазақстанға жер аударылуы.
Қиыр Шығыстан 96 мың кәріс отбасы көшіріліп әкелінді.
Батыс шекарадан 105 мың поляк күшпен жер аударылды.
Еділ өзені бойын мекендеген 1 млн неміс Шығысқа көшірілді, олардың 400 мыңы Қазақстанға келді.
Қалмақтар, қарашайлар, қырым татарлары, балкарлар, шешендер, ингуштар жер аударылады.
Қазақстанға 2, 5 млн басқа ұлт өкілдері қоныстандырылды.
2 млн - дай басқа ұлт өкілдері Қазақстанға көшіп келді.

Термин сөздермен жұмыс
1. Өз елінен тыс жерде өмір сүретін этностық топ -
2. Белгілі бір аумақта тұратын тілі мен ділі, шығу тегі ортақ ұлт -
3. Халық билігі -
4. Мемлекеттік биліктің бірлігін және дербестігін айқындайтын жоғарғы билік -
5. Халықтың жекелеген топтарын нәсілдік, ұлттық және діни белгілеріне қарай жою -
6. Апатты зардаптары болатын қайғылы оқиға -
7. Бір ұлтты басқа ұлттардан артық, ерекше жаралған деген идеяға негізделген саясат -
8. Ұлтты қоғамдық бірліктің жоғарғы формасы ретінде қарастыратын идеология мен саясат -
9. Мемлекеттен көшіріп жіберу -
10. Бір адамның рөлін дәріптеу, тоталитарлық тәртіптің жеке билігі -
Мақалды жалғастыр
1. Кітап жақсы..................

2. Күш білімде
Білім....................

3. Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз................... жоқ.

4. Ата бәйтерек
Бала -.................

5. Жастығымда бейнет бер,
Қартайғанда................... Бер.

6. Туған............. жер болмас
Туған елдей.............. болмас.

7. Ойлай білсең............... боларсың
Ойнай білсең................... боларсың.

Хронологиялық жұмыс
Хронологиялық жұмыс 1723 - 1727 ж. ж

Желтоқсан оқиғасы
1954 - 1956 ж. ж.

“Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама”
1930 - 1932 ж. ж.

Тәуелсіздік күні
1992 ж. 4 маусым

Тың және тыңайған жерлерді игеру
1937 - 1938 ж. ж

Ата заңымыздың қабылданған күні
Желтоқсан 1986 ж

Ашаршылық нәубет жылдары
30 тамыз. 1995 ж.

Дүние жүзі қазақтарының ІІІ құрылтайы
28 қыркүйек 2005 ж.

Мемлекттік рәміздердің қабылданған күні
Мемлекттік рәміздердің қабылданған күні

Репрессия зұлмат жылдары
16 Желтоқсан 1991 ж.

Бұл кім?
1. Алаш партиясының танымал басшысы, қазақтың тұңғыш романы - “Бақытсыз Жамалдың” авторы, сталиндік жазалаудың құрбаны, Соловки лагерінде қайтыс болған кім?
2. Азия халықтарының 20 - 30 жылдар тарихында ерекше рөл атқарған саяси қайраткер, 25 жасында Түркістан Республикасы Орталық Атқару комитетінің төрағасы болған. 26 жасында РКФСР Ұлт істері жөніндегі Халық Комиссариаты төрағасының орынбасары дәрежесіне дейін көтеріліп, Коминтерннің Монғолиядағы өкілі болған азамат кім?
3. Ұлт - азаттық қозғалыс жетекшісі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы. Орынборға жер аударылып, 1937 жылы атылған кім?
4. Сталиндік жазалаудың құрбаны болған “Алаш ” партиясының негізін қалаушы, “Автономиялық қазақ үкіметінің” басшысы, “Айқап”, “Қазақ” газеттеріне мақалалар жазып тұрған, 1894 жылы Петербургтегі Орман шаруашылығы институтын бітірген кім?
5. Санкт - Петербург университетінің заң факультетін бітірген, орыс, түрік, ағылшын, француз, поляк тілдерінде еркін сөйлеген. “Халықтық кеңестің” президенті болған, қан төгісті жазалаудан кейін Грузияға, Түркияға, Францияға кеткен, кейін Берлинде қайтыс болған кім?
“Тәуелсіздік” сөзжұмбағын шешу
1. Көне түрік жазба ескерткіштерінің бірі. (Күлтегін)
2.“Жеті жарғы” заңдар жинағы кімнің тұсында жасалды? (Тәукехан)
3. Қазақстанның інжу - маржаны. (Бурабай)
4. Қазақ халқының басынан өткен қиын қыстау кезеңі. (Нәубет)
5. Қазақ халқының ұраны болған сөз.(Алаш)
6. Қазақтың соңғы ханы. (Кенесары)
7. Қай қалада Абылай ханды үш жүздің билеушісі ретінде хан сайлаған? (Түркістан)
8. 1913 жылы шығарылған газет қалай аталды? (Қазақ)
9. Ата заңымыздағы мемлекеттің ең қымбат қазынасы. (Адам)
10.“Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” жылдарында шыққан ән. (Елім - ай)
11. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған мемлекеттердің бірі. (Түркия)
Сөзжұмбақ
Бағалау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×