Сайтқа кіру Тіркелу

Қытай

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Ежелгі Қытай.
Сұрақ - жауап әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады.

1. Жібек қай ғасырдан бастап жасалды, қалай өндірілді?
2. «Ұлы жібек жолы» деп неге аталған?
3. Бір орталыққа бағынған Цинь мемлекеті қашан құрылды?
4. Цин Ши Хуанди деген кім? Ол қандай өзгерістер жасады?
5. Ұлы Қытай қорғаны туралы не білесіз?
6. Қытайда ауыл шаруашылығы қалай дамыды?
7. Қытай жазушылары батысқа қарай басқыншылық жорықтарын не үшін жүргізді? Қай жерлерді басып алды?
8. Қытайдағы еңбекші халықтың жағдайы неге нашарлады?
9. Ван Ман деген кім? Ол қандай өзгерістер жасауға тырысты?
10. «Қызыл қастылар» мен «сары орамалдылар» көтерілісі туралы не білесің?
11. Қытайдағы ең ірі өзенді картадан көрсетіңіз?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Ежелгі Қытай мәдениеті.
І. Ой қозғау. «Білемін, Білгім келеді, Үйрендім.».

ІІ. Мағынаны тану.
1. Жазуы мен әдебиеті.
2. Кун - Фуцзы (Конфуций) - ежелгі Қытай данышпаны.
3. Сыма Цянь – Қытай тарихының атасы.
4. Ғылыми білімі мен өнер табыстары.

Жаңа сабақты пысықтау үшін «Көкпар» ойыны ойналады.

20/1 – Қытай жазуының ерекшелігі неде? Ол қалай жазылады?
20/2 – Кун Фуцзыдың өмірі туралы не білесіз?
20/3 – Кун Фуцзы мен оның үш шәкірті туралы әңгімеде қандай оқиға баяндалады?
30/1 - Сыма Сянжу деген кім?
30/2 – Сыма Цянь туралы не білесің? Ол қандай еңбек жазды?
30/3 – Бейне сурет.
40/1 – Қытайдағы жұлдызнамашылық пен географиялық білімдер туралы не білесіз?
40/2 – бейне сурет.
40/3 – Қытайлықтардың өнертабыстары туралы не білесің?
50/1 – бейне сурет.
50/2 – Қағаз қалай дайындалады?
50/3 – Путонхуа деген не?

Қосымша мәліметтер. Слайдпен таныстыру.

ҚХР Азия құрлығының шығысы мен Тынық мұхиттың батыс жағалауына орналасқан тарихы ұзақ, халқы көп үлкен ел. Құрлықтағы территориясының көлемі 9 млн 600 мың шаршы шақырым, жер көлемі жағынан Ресей мен Канададан кейінгі үшінші үлкен елге жатады. Теңіздегі аралдарының саны 7600 ден асады, Тайван аралы Қытайдың ең үлкен аралы, оның көлемі 35798 шаршы шақырым. Қытай құрлықта 14 елмен, теңізде 8 елмен көрші. Қытайдың 23 провинциясы, 5 ұлттық автономиялы өңірі, орталыққа тіке қарасты 4 үлкен қаласы және 2 ерекше әкімшілік ауданы бар. Мемлекетінің бүкіл халқы 56 ұлттан құралған, халқының жалпы саны 1 миллиард 300 миллион, оның ішінде этникалық қытайлардың саны бүкіл халық санының 92 пайызын құрайды. Астанасы - Бейжің. Путонхуа – Қытайдағы халықтардың ортақ тілдік диалектісі.

ІҮ. Бекіту. Ассоциация – Ежелгі Қытайдың мәдениеті туралы қандай мағұлматтар алдыңыздар?

Ү. Тапсырма: Ежелгі Қытай мәдениеті. Қосымша материалдармен жұмыс жасау.
ҮІ. Бағалау: Оқушылар білімін бағалау.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Қытай, тарих
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×