Сайтқа кіру Тіркелу

Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уалиханов

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов.
(Ілеспе сұрақ арқылы үй тапсырмасы сұралады).

1. Семенов - Тяншанский қай жерлерге саяхат жасады?
(Алтай бойына, Жетісу, Орта Азия)

2. Семен - Тяншанскийдің қандай еңбегі Қазақстан мен Орта Азияға арналған?
(Ресей. Отанның толық географиялық сипаттамасы) деген еңбектің «Қырғыз өлкесі», «Түркістан өлкесі» атты еңбектері.

3. Іле алқабын, Жетісуды зерттеп ол жердегі халықтың ауыз әдебиет үлгілерін жинастырып жариялаған ғалым?
(шығыстанушы, академик В. В. Радлов)

4. М. Красовскийдің қазақ халқының шығу тегі туралы баяндалған еңбегі қалай аталады?
(Сібір қырғыздарының облысы)

5. Кіші жүз тарихын жан - жақты сипаттауға арналған Л. Мейердің еңбегі қалай аталады?
(Орынбор ведмоствасындағы қырғыз даласы)

6. Қазақ жерінің Ресей құрамына қосылу дәуірін зерттеген «Торғай облысы. Тарихи очерк» еңбегінің авторы?
(А. Добросмыслов)

7. Украин халқының ұлы ақыны Т. Г. Щевченко қазақ жерінде қай жылы айдауда болды?
(1847 - 1857 ж. ж)

8. Т. Г. Щевченконың тұрмыстың шындық жақтарын бейнелейтін туындысы қалай аталады?
(Қазақ шаңырағы, Атқа мінген қазақ, Байғұстар)

9. Орыс географиялық қоғамы қай жылы ашылды?
(1845 жыл)

10. ХІХ ғасырда халықтың сауатын ашып, тіл білімі мәселесін зерттеуді жолға қою мақсатында қай қалаларда гимназиялар ашылды?
(Тобольск, Томск, Орынбор, Саратов, Астрахан)

ІІІ. Жаңа сабақ.
Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов.

І. Ой қозғау. Ассоциация – Шоқан Уәлиханов туралы не білеміз? Оның қазақ тарихын, мәдениетін зерттеуге қосқан үлесі қандай?

ІІ. Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс.
1. Ш. Уәлиханов.
2. Өмірі мен қызметі.
3. Зерттеулері.
4. Еңбектері

Сұрақ - жауап кестесі.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
Шоқанның шын есімі: Мұхаммед Қанафия
Қай жерде туған Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Күнтимес қыстауы.
Туған жылы: 1835 жыл, қараша
Әкесінің аты: Шыңғыс Уәлиханов
Анасының аты: Зейнеп Шорманова
Әжесінің аты: Айғаным
Жұбайы: Айсары Уәлиханова
Омбыдағы Сібір кадет
корпусына қай жылы
оқуға түсті: 1847 ж, 12 жасында
Кадет корпусын қай
жылы бітірді? 1853 жылы, 18 жасында
Қырғыздардан жазып
алған жыры? Манас
Қай жылы қайтыс болды? 10 сәуір. 1865 жыл
Омбыдағы Сібір кадет
корпусына қай жылы оқуға
түсті? 1847 ж, 12 жасында
Кадет корпусын қай жылы
бітірді? 1853 жылы, 18 жасында
І. Топтық тапсырма: «Математикалық шкатулка».

І – топ: 500 * 3 + 800 / 2 + 706 =1856 жыл. (Жетісуға, Ыстықкөлге, Құлжаға сапар шегеді. Күнделіктер жазады. Қараша айында П. П. Семенов – Тянь Шанскиймен танысады. Қызметте ерекше көзге түскені үшін поручник шенін алады).
ІІ – топ: 250 + 250 * 3 + 500 – 143 = 1857 жыл.(Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланады. Қашқарға сапарына қамдану үшін қыс кезінде Алматыда тұрақтап, қажетті мағлұматтар жинайды).
ІІІ - топ: 2000 / 2 + 900 - 42 = 1858 жыл.(28 маусымда Семейден Қашқарға беттеген керуен құрамына Әлімбай саудагер деген құпия атпен қосылады ).
ІҮ – топ: 700 * 2 + 926 / 2 + 700 = 1863 жыл. ( сот реформасы туралы халық пікірін жинау жөніндегі комиссия жұмысына қатысады).

ІІ. Тапсырма: «Әңгіме не жайында?»

І – топ: Шоқан сол күні сонау Кадет корпусынан бітірген жылдан бастап сылап – сипай, кербез бөліп, қайыра тарап қастерлейтін шашын ұстарамен қырғызды. Үстіндегі офицер киімін шешіп, Азия елінің ұзын шапан, шолақ жең камзолын киді. Аяғына жылтыр қара мәсі мен кебіс киді. Сөйтіп Шоқан шығыс елінің саудагер байбатшасы болып шыға келді.
(Қашқарияға сапары)
ІІ – топ: Экспедицияның бір тоқтаған жері Шалкөде жайлауы болды. Бұл жайлау басы Көгершінді бұлағынан басталып, аяғы Кегенге құятын Шалкөде өзенінің бойы.
(Ыстықкөлге сапары)
ІІІ – топ: Оңтүстіктің тамылжыған ыстық шілдесі басталды. «Түні салқын, күні ыстық, суы салқын, сайы мүк» деп жырланатын Жетісудың Жоңғар сілемін бөктерлей салқар – салқар көшін тартып, керуен мамырлап басып жол тартты.
ІҮ – топ: Шартастың айналасында да бірнеше аңызға өзек боларлық суреттер тасқа ойып салынған. Үңгіртастың солтүстік – шығысына төмен жалпақ тастар қатарынан созылған.
(Ыстықкөлге сапарынан)
ІҮ. Бекіту: Сөзжұмбақ."Мұхаммедқанапия"
1. Шоқанның Қашқария сапарына арналған еңбегі қай елдерді жарық көрді? (Германия)
2. Шоқан дүниеге келген бекініс? (Құсмұрын)
3. Шоқанның тегі? (Уәлиханов)
4. 1858 - 1859 жылдары Шоқан қай елге саяхатқа барды? (Қашқарға)
5. Шоқанның әжесі? (Айғаным)
6. 1847 жылы Шоқан қай қалаға келіп оқуға түсті? (Омбы)
7. Шоқан қайтыс болған жер? (Алтынемел)
8. 1854 жылы Шоқанның Омбыда танысқан досы? (Достоевский)
9. 1856 жылы Шоқан топографиялық және картографиялық деректерде сипаттаған жер.
(Ыстықкөл)
10. 1856 жылы күзінде Шоқан қайда барды? (Құлжа)
11. Кадет корпусын бітірген Шоқан қандай офицерлік атақ алды? (Корнет)
12. Шоқанның қырғыздардан жазып алған жыры? (Манас)
13. Шоқанның анасы? (Зейнеп)
14. Қытайдағы дүнгендер көтерілісі туралы ақырғы еңбегі жарияланған газет? (Руский инвалид)
15. Ыстықкөлге барған кейбір сапарларында бірге болған орыс ғалымы?

Ү. Тапсырма: Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов.
Шоқан Уәлихановтың «Таңдамалы» атты т. б еңбектерін оқу.

ҮІ. Бағалау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Шоқан Уәлиханов-ғасырларға еңбек еткен тұлға

Шоқан Уәлиханов-ғасырларға еңбек еткен тұлға

Сабақтың мақсаты а) білімділігі: Оқушыларды Ш. Уәлихановтың өмір жолы, саяхаттары мен еңбектері туралы таныстырып әлем мойындаған даналығын, алуан...
Шоқан Уәлихановтың  өмірі мен  шығармашылығы

Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Келдімұрат ауылы. «Благодарное орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: А.К.Султанова...
Шоқан Уәлиханов

Шоқан Уәлиханов

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы Қуат Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығы Абжаппақызы Мира Ашық сабақ:...
Шоқан Уәлиханов - тұңғыш ғалым

Шоқан Уәлиханов - тұңғыш ғалым

Семей қаласы, №4 жалпы білім беретін орта мектеп. Оразбекова Махаббат Тоқтарбекқызы...
Шоқан Уәлиханов

Шоқан Уәлиханов

Шоқан Уәлиханов (шын аты - Мұхамедханафия) Шыңғысұлы (қараша, 1835, Құсмұрын бекінісі, қазіргі Қостанай облысы, сәуір, 1865, Алтынемел, қазіргі...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×