Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақстан-біздің ортақ үйіміз

Интеллектуалды ойын
Тақырыбы: «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз»
(Бірінші желтоқсан - ҚР тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев күніне байланысты сыныптан тыс интеллектуалды ойын сабағы)
Мақсаты: Оқушылар қазіргі білім негізіндегі Қазақстан тарихының өркениет құндылықтарымен байланысын анықтай отырып жан - жақты білімін, ойлау өрісін, сөйлеу шешендігін шыңдау арқылы өз интеллектуалдық қабілетін арттыру.
Міндеттері:
- Қазақстан тарихы пәнінен білімдерін шыңдау;
- Сөйлеу шешендіктерін, ойлау өрісін, арттыру;
- Өз тарихын құрметтеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Танымдық сайыс сабағы.(интелектуалдық сайыс)
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, әдебиет т. б
Ойынға қатысушылар: 10 сынып оқушылары 1 топ, 2 топ, 3 топ.
Әділқазылар алқасымен таныстыру.
Мұғалім: Армысыздар, қадірменді білім нәрімен сусындатқан ұстаздар қауымы, жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар, білімді, ақылды оқушылар!
Өз елін жанындай сүйген ардақты азамат Нұрсұлтан Назарбаевқа тағдыр бұдан жиырма жыл бұрын адамның түсіне де кірмейтін міндет ұсынды: жаңа тәуелсіз мемлекет құру мүмкіндігін алған Қазақстанның тұңғыш президенті оны алғырлықпен адал орындап шықты. Оның ең басты табыстарының бірі саяси тұрақтылықты сақтап нығайту, ұлтаралық, дінаралық, және азаматтық келісімге қол жеткізу болды.
Мемлекеттің бұрынғы бірінші басшыларының түсіне де кірмеген осыншама табысқа қол жеткізіп отырған Н. Назарбаев ең биік өкімет тұғырында бақытты адам ба? Деген сұраққа жауап беретін болсақ, біз бақытты деп ойлаймыз. Өз халқының қамын ойлап, тыным таппайтын адам ретінде ол қазақстандықтар бұдан әлдеқайда жақсы өмір сүруі керек деп есептейді. Олардың тұрмыстарын жақсартуға байланысты шаралар жоспарлы түрде жүргізіліп отырғанымен, бұдан да өркенді күндердің көп кешікпей туатынына сенімді. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев адамдар ешқандай қауіп - қатерсіз, мейлінше жайлы жағдайда өмір сүретін дүниежүзілік қауымдастыққа лайық XXI ғасырдың өркен жайған мемлекетін қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға бір жолата бел буған.
1 желтоқсан тұңғыш Президент күніне байланысты “Қазақстан біздің ортақ үйіміз” атты интеллектуалдық сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.
Сан ғасырлар тарихынан кешегі,
Туған жердің шежіресі өседі,
Менің елім Қазақстан – Отаным,
Болашағы бізбен бірге өседі дей келе, бүгінгі сайысқа келген топтармен танысайық.
1 топ – топтың аты Астана, ұраны.....
2 топ – топтың аты Болашақ, ұраны.....
3 топ – топтың аты
Құрметті ойыншылар мен көрермендер келесі кезекте ойын кезеңдеріне тоқталайық.
1 кезең – “Кім білімді?”
2 кезең – “Кім жылдам?”
3 кезең – “Жорға”
4 кезең – “Егерде мен...”
1 кезеңде – “Кім білімді?” үй тапсырмасына “Н. Ә. Назарбаевтың білім саласына қосқан үлесі мен жетістіктерін атап өту.
3 топтан 3 оқушы шығып слайд көрсету арқылы қорғайды.
2 кезеңде – Кім жылдам? Ойын ережесі бойынша әр топтан 1 оқушы шығып
20 - ма сұраққа жауап береді. Әр оқушыға 2 минут уақыт кетеді
1 ұяшық
1. Көшпелілердің жазда мал жаю орындары ЖАЙЛАУ
2. "Тат" сөзінің мағынасы ҚҰЛ
3. Қарахан мемлекетінің астанасы БАЛАСАҒҰН
4. Бізге жазба деректерден белгілі сақ патшасы ТОМИРИС
5. Әл - Фараби (870 - 950 жж.) дүниеге келген қала ОТЫРАР
6. Отырар апаты болған жыл 1218
7. Ахмет Иассауи кесенесі кімнің бұйрығымен салынды? ӘМІР ТЕМІР
8. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі орналасқан қала? ТҮРКІСТАН
9. Х ғ. ислам дінін алғаш рет мемлекеттік дін деп жариялаған мемлекет ҚАРАХАН
10. Таза малмен айналысатын шаруашылық? КӨШПЕЛІ
11. Ұлы Отан соғысы аяқталды 1945ЖЫЛЫ
12. Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша АННА ИОАННОВНА
13. Абылай ханның өмір сүрген жылдары 1711 - 1781
14. Қазақ хандығының негізін қалаған хандар КЕРЕЙ МЕН ЖӘНІБЕК
15. 16 желтоқсан – ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
16. Тәуелсіз Қазақстанның Әнұранының жаңа мәтіні қабылданды? 1992 ЖЫЛЫ ЖЕЛТОҚСАНДА
17. Астана Ақмолаға көшірілді? 1997 ЖЫЛЫ
18. Астана қаласының 1998 жылға дейінгі атауы АҚМОЛА
19. 1993 ж. 28 қаңтарында қабылданған Конституциядағы қазақ тілінің мәртебесі МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ
20. 1999 ж. жарық көрген Н. Назарбаевтың еңбегі ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА
Интеллектуалды сабақтың өткізілуі:
1 кезең – «Өзін - өзі таныстыру»
2 кезең – “Кім білімді?”
3 кезең – “Кім жылдам?”
4 кезең – “Жорға”
5 кезең – “Егерде мен...”2 кезеңде – “Кім білімді?” үй тапсырмасына “Н. Ә. Назарбаевтың білім саласына қосқан үлесі мен жетістіктерін атап өту.
3 кезеңде – Кім жылдам? Ойын ережесі бойынша әр топтан 1 оқушы шығып
20 - ма сұраққа жауап береді. Әр оқушыға 2 минут уақыт кетеді
1 ұяшық
21. Көшпелілердің жазда мал жаю орындары ЖАЙЛАУ
22. "Тат" сөзінің мағынасы ҚҰЛ
23. Қарахан мемлекетінің астанасы БАЛАСАҒҰН
24. Бізге жазба деректерден белгілі сақ патшасы ТОМИРИС
25. Әл - Фараби (870 - 950 жж.) дүниеге келген қала ОТЫРАР
26. Отырар апаты болған жыл 1218
27. Ахмет Иассауи кесенесі кімнің бұйрығымен салынды? ӘМІР ТЕМІР
28. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі орналасқан қала? ТҮРКІСТАН
29. Х ғ. ислам дінін алғаш рет мемлекеттік дін деп жариялаған мемлекет ҚАРАХАН
30. Таза малмен айналысатын шаруашылық? КӨШПЕЛІ
31. Ұлы Отан соғысы аяқталды 1945ЖЫЛЫ
32. Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша АННА ИОАННОВНА
33. Абылай ханның өмір сүрген жылдары 1711 - 1781
34. Қазақ хандығының негізін қалаған хандар КЕРЕЙ МЕН ЖӘНІБЕК
35. 16 желтоқсан – ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
36. Тәуелсіз Қазақстанның Әнұранының жаңа мәтіні қабылданды? 1992 ЖЫЛЫ ЖЕЛТОҚСАНДА
37. Астана Ақмолаға көшірілді? 1997 ЖЫЛЫ
38. Астана қаласының 1998 жылға дейінгі атауы АҚМОЛА
39. 1993 ж. 28 қаңтарында қабылданған Конституциядағы қазақ тілінің мәртебесі МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ
40. 1999 ж. жарық көрген Н. Назарбаевтың еңбегі ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА
2 ұяшық
1. Көшпелілердің жылы қоралары бар тұрақтары ҚЫСТАУ
2. Үйсін тайпаларының мекендеген жері ЖЕТІСУ
3. Қарахан мемлекетінің астанасы БАЛАСАҒҰН
4. Әл - Фараби шығармаларын қай тілде жазған АРАБ
5. Атақты қобызшы Қорқыт ата күмбезі орналасқан ҚЫЗЫЛОРДА
6. Қазақ хандығының құрылған уақыты 1465 - 1466
7. "Жеті жарғы" заңдар жинағын жасауға қатысқан билер ТӨЛЕ, ҚЫЗЫБЕК. ӘЙТЕКЕ
8. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жыл 1731
9. 1837 - 1847 жж. болған ұлт - азаттық көтерілістің басшысы КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ
10. Тәуке ханның заңдар жинағы ЖЕТІ ЖАРҒЫ
11. Ш. Уәлихановтың шын есімі МҰХАММЕД КАНАФИЯ
12. Абылай хан жерленген қала ТҮРКІСТАН
13. Абылай ханның бала кезіндегі лақап аты САБАЛАҚ
14. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына әсер еткен дарынды адам БҰҚАР ЖЫРАУ
15. Сталин қашан қайтыс болды? 1953
16. Н. Ә. Назарбаев бірінші рет ҚР Президенті болып қай уақытта сайланды 1991 ЖЫЛЫ 1 ЖЕЛТОҚСАНДА
17. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына қай жылы қабылданды? 1992 ЖЫЛЫ НАУРЫЗДА
18. ХІХ ғ. 60 жж. Верныйда тұрған ғалым, саяхатшы ШОҚАН
19. Ш. Уалиханов қағазға түсірген эпикалық шығарма МАНАС
20. Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қашан қабылданды 1993 ЖЫЛЫ 28 ҚАҢТАРДА
3 ұяшық
1. Біздің заманымызға жеткен ежелгі мерекенің бірі? НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ
2. Сақтардың негізгі шаруашылығы? МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
3. Қарахан ханы Мұса Боғра 960 ж не істеді? ИСЛАМ ДІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ДЕП ЖАРИЯЛАДЫ
4. Х - ХІІ ғғ. Таразға жақын жерде салынған кесене АЙША БИБІ
5. Шыңғысхан қашан қайтыс болды 1227 ЖЫЛЫ
6. Қазақ хандығында жүзді кім басқарды? ХАН
7. Тәуке ханның заңдар жинағы ЖЕТІ ЖАРҒЫ
8. Монғол империясының негізін қалаған ШЫҢҒЫСХАН
9. XVII ғ. І жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы ӘБІЛҚАЙЫР
10. Ш. Уалихановтың туған жері ҚОСТАНАЙ ОБЛ, ҚҰСМҰРЫН
11. Белгілі ғалым, "Әлемнің екінші ұстазы" ӘЛ - ФАРАБИ
12. Екінші дүниежүзілік соғыс қашан басталды? 1939
13. Абылай қай жылы қайтыс болды? 1781
14. Е. Пугачев көтерілісіне қатысқан қазақ жүздері КІШІ ЖӘНЕ ОРТА
15. С. Датұлы бастаған көтерілісі созылды 14 ЖЫЛҒА
16. Шоқанның досы, көрнекті орыс жазушысы ДОСТАЕВСКИЙ
17. С. Датұлы көтерілісінің негізгі қозғаушы күші ШАРУАЛАР
18. Президент Назарбаевтың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік сезіміміздің көрінісі деп бағалаған стратегиясы 2030 СТРАТЕГИЯСЫ
19. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды 1995 ЖЫЛЫ ТАМЫЗ
20. Н. Назарбаев 1960 ж. еңбек жолын жұмысшы болып бастаған қала ТЕМІРТАУ

4 кезең Жорға
Әр ұяшықтарға сұрақтар берілген. Ұяшықтардағы ұпай саны сұрақтардың аталуына байланысты төменгі сандағы ұяшықтарда жеңіл сұрақтар сандар өскен сайын сұрақтар қиындатылған. Ұяшықтар 10 нан 50 ұпайға дейін берілген.
1. Жолдауды кім жолдайды? Президент
2.“Қазақстан - 2030” стратегиялық мемлекеттік даму бағдарламасын қай жылы ұсынды? 1997 жылы
3. 1997 ж – 2010 жылға дейін президент Қазақстан халқына қанша жолдау жіберді? 14
4.“Дағдарыстан жаңару мен дамуға” жолдауы қай жылы жасалған? 2009 жылы
2010 жылғы жолдаудың атауы қандай? “Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері”
Қазіргі қолданыстағы конституция қай жылы, қай күні қабылданды? 1995 жылы 30 тамыз
Конституция қанша тарау, қанша баптан тұрады? 9 - бөлім, 98 - баптан тұрады
Парламент қанша палатадан тұрады? Атап айтыңыз 2 палата Сенат, Мәжіліс
Қазақстан Республикасына сәйкес заң шығару қызметін жоғарғы өкілетті органы қандай?
Парламент
Н. Ә. Назарбаев қай жылы дүниеге келді? 1940 жылы, 6 шілде
Н. Ә. Назарбаевтың туып өскен жерін атаңыз. Алматы облысы
Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті лауазымын ең алғаш рет қай жылы алды? 1990 жылы
Назарбаев университеті қай жылы ашылды? 2011 жылы
Астанадағы қазақ опера және балет театры кімнің атында?
 Күләш Байсейтова атында
 Астана қаласының әкімі? Иманғали Тасмағамбетов
 Астанада ОБСЕ саммиті қай жылы өтті? 2010 жылы
Астанадағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетің Н. Ә. Назарбаев қай жылы салтанатты түрде ашты? 1996ж
5 - кезең
Егер де мен ПРЕЗИДЕНТ болсам.
23. 11. 2012 ж. Күні 10 сынып оқушылары арасында «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» атты интеллектуалды ойын сабағы өткізілді. Ойын 5 - кезеңнен тұрды. Әр сыныптан бір - бір топтан шықты. ( 3 сыныптан – 18 оқушы қатысты) 1 топ – Болашақ, 2 топ - Астана, 3 топ – Көшбасшы.
1 - кезең бойынша – әр топ өзін - өзі таныстырды. Әр топтың эмблемасы мен ұрандары айтылды.
2 - кезең бойынша – «Кім білімді?» Көшбасшы тобы Президентіміздің білім саласына қосқан үлестерін жақсы жеткізді.
3 - кезең бойынша – «Кім жылдам?» Әр топтан бір оқушыдан шығып жиырма сұраққа екі минут ішінде жауап беру тапсырылды. Астана тобы жақсы көрсеткіш көрсетті.
4 - кезең бойынша – «Жорға» Әр ұяшықта сұрақтар жазылған, оны - 10, 20, 30, 40, 50 ұпай сандарымен белгілеген. Жеңіске жеткен – Астана тобы
5 кезең бойынша – «Егер де мен президент болсам». Астана тобы жақсы көрсеткіш көрсетті.
Барлық оқушылар интеллектуалды ойынға жақсы қатысып, өздерін көрсете білді. Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолдары туралы толық мағлұмат алған. 1 – желтоқсан Президент күніне байланысты өткізілген іс-шараға оқушылардың барлығы өз үлестерін қосты.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Елім менің – еңселі!

Елім менің – еңселі!

Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру. Тәрбиеленушілерді отаның сүюге, байлығын қорғауға, әдет - ғұрпын...
Ел тарихын білесің бе?

Ел тарихын білесің бе?

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жаңажол орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ш. А. Абдуллина...
Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары

Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары

ҚР - сы туралы алған білімдері бойынша қайта - лау арқылы жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру. Оқушыларды туған халқына, Отанына, оның тарихи...
«Қазақстанға саяхат» ойыны (Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Наза ...

«Қазақстанға саяхат» ойыны (Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Наза ...

Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, № 18 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жусупбаева Ризагуль...
1 желтоқсан - Тұңғыш Президенттің күні

1 желтоқсан - Тұңғыш Президенттің күні

Мақсаты: оқушыларға
тұңғыш президент туралы мәлімет беру; Н. Ә. Назарбаевқа арналған мұражайға сырттай саяхат жасау; президентті құрметтеуге, оны...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×