Сайтқа кіру Тіркелу

Ежелгі Үндістан

Сабақтың тақырыбы: § 18. Ежелгі Үндістан
Сабақтың мақсаты:
Ежелгі Үндістан туралы түсінік беру. Шаруашылығының дамуы туралы және төрт әлеуметтік топқа бөлінуі жайлы баяндап, тапсырмалар беру арқылы оқушылардың ой - өрісін жетілдіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдісі: Ауызша баяндау,"әңгімелеу, топпен, өзіндік жұмыстар, слайдтармен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, дәптер, интерактивті тақта, т. б.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, оқу - құралдарын тексеру)
ІІ. Оқушылар білімін тексеру, жетілдіру.
ІІІ. Жаңа сабақты хабарлау.

Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру:
- Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
Ендеше, балалар үй тапсырмасын сұрау «Тарихи шынжыр» ойыны арқылы жүргізіледі. – Барлығымыз дайынбыз ба? Ал ендеше бастайық. Мұғалім үй тапсырмасын бастап береді. Оқушылар жалғастырып, әңгімелеп аяқтайды.
Басқа оқушылар үй тапсырмасын әңгімелеп бергендер, өз беттерінше тапсырмалар орындап отырады. Ол «Өрмекшілер» ойыны деп аталады. Онда деңгейлік тапсырмалар орындалады. Әр қатарға берілген торлардан өз тапсырмаңды орындайсың.
1 - қатар
№1 «1» саны барлар шешеді?
1) Ежелгі Қосөзен тұрғындары кімдер?
2) Пирамидалар туралы не білесің?
3) Египетті кескін картаға түсір.
№2
1) Пирамида туралы не білесің?
2) Қосөзеннің басты құдайларын ата.
3) Қосөзенді кескін картаға түсір
№3
1) Финикиялықтар деген кімдер?
2) Парсы патшаларын ата.
3) Вавилонды кескін картаға түсір.
№4.
1) «Мың қала елі»қай ел?
2) Мына шығармалар қай елдікі?
«Гильгамеш»туралы дастан –
«Синухет» шығармасы –
«Хаммурапи»заңы -
«Авеста»шығармасы -
«Ваал және Аллиян»-
3) Кескін картаға Хетт патшалығын түсір.
2 - қатар
№1
1) «Вавилон» қандай мағына білдіреді?
2) Сфинкс деген не?
3) Қосөзенді кескінін картаға түсір.
№2
1) Вавилон билеушілерін ата.
2) Ең ежелгі жазу кімдердікі?
3) Кескін картаға Вавилонды түсір.
№3
1) Египеттегі храмдарды сипатта.
2) Палестинаның ежелгі тұрғындары кімдер?
3) Кескін картаға Палестинаны түсір.
№4
1) Финикиялықтардың мәдениет жетістіктері.
2) Бұл ежелгі мемлекеттер қазір қай елдің территориясында орналасқан.
Кушан -
Бактрия -
Ассирия -
Хетт -
Урарту -
4) Кескін картаға Парфия мемлекетін түсір.
3 - қатар
№1
1) Перғауын деген кім?
2) Египеттің құдайларын ата.
3) Жерорта теңізін кескін картаға белгіле.
№2
1) Ежелгі Египетті біріктіруші патша кім?
2) Урарту мемлекетінің астанасын ата.
3) Египетті кескін картаға түсір
№3
1) Ассириялықтардың ерекшеліктері қандай?
2) Александр Македонский кім?
3) Кушан мемлекетін кескін картаға түсір.
№4
1) Манихей діні туралы не білесің?
2) Мына төмендегі архитектуралық құрылыстар қай елде?
«Иштар»қақпасы -
Пирамида –
Жеңімпаз Қанышке храмы -
Аспалы бақ -
Сфинкс -
Вавилон мұнарасы -
3) Бактрия елін кескін картаға түсір.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
– Балалар, бізге Азияда орналасқан мемлекеттен хат келіпті. Сол хатты бірге оқып көрелік. Жұмбақ хатты талқылайық.
«... Орталық Азияда орналасқан бұл ел түбекте орналасқан. Халқының саны жағынан дүние жүзінде 2 - ші орынға ие. Елде шахматты ойлап тапқан, суармалы егіншілікпен айналысқан халық тұрады. Бұл мемлекетті көпшілігі әні мен биімен таниды. Бұл мемлекетте табынатын қасиетті деп саналатын жануары - сиыр. Бұл мемлекеттің даму деңгейі орташа...»
- Мәліметтерде қай ел туралы айтылған?
- Балалар «Үндістан» деп жауап бергеннен кейін, жаңа сабақтың мақсатымен таныстырылып, жаңа сабақты интерактивті тақта арқылы түсіндіріледі.

Сөздікпен жұмыс. Дәптерге жазып алу.
Брахма - үнді құдайының аты.
Кшатрий - жауынгерлер тобы.
Вайший - егіншілер тобы
Варна - өз дәрежесі бойынша ғана өмір сүруге тиісті тұйық топ. Оларды кейде каста деп атайды.
4. Жаңа сабақты бекіту үшін: «ККК»әдісін қолданамыз. Ол үшін 5 оқушы шығып, мына мамандықтарды таңдап алады. Топтық жұмыс.
Суретшілер
Математиктер
Тарихшылар
Географтар
Археологтар
Осы мамандық иелері өз мамандықтары бойынша баяндап үй тапсырмасын бекітеді. Сабақты белглер арқылы бағалайық.
5. Оқушылардың білімін бағалау, қорыту
6. Үй тапсырмасы:§18, 92 - 98 беттер. Сурет салу. Қосымша мәліметтер оқу.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Ежелгі Үндістан, тарих
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×