Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Тарих сабағындағы ойындар жинағы

Түсінік хат.
Бүгінгі тарихты оқытудағы басты мақсат - дүниежүзілік дамудағы адамзаттың орны ерекше екендігін, ол жасаған бүкіл әлемдік құндылықтарды білетін, оларды Қазақстанның дамуы үшін пайдалануға ынталы, жан - жақты жетілген, өзінің тарихи тамырларын, қоғамдағы орнын түсінетін белсенді азаматтарды қалыптастыру. Осындай міндеттерді жүзеге асыруда тарихшы мұғалімдердің рөлі ерекше.
Қазіргі уақытта жас ұрпаққа білім беру, сапалы тәрбие берудің тиімді жолдары сан алуан.
Еліміздің келешегі жас ұрпақты дамыту мен тәрбиелеуде, олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруда, дүниеде өз орнын анықтауда тарих пәні үлкен рөл атқарады.
Тарих сабағындағы ойындар жинағы 5 - 11 сыныптарға арналған. Бұл жинақ 3 бөлімнен тұрады. Бұл ойындар жинағының оқушының шығармашылық ізденісін дамытуда, танымдық қызметін арттыруда, материалды оқып - үйренуге, қызықты тартымды етуге, есте сақтау қабілетін арттыруға көп көмегін тигізеді.
Ойын - бала үшін оқытудың қалыпты нысаны. Ол - баланың өмірлік тәжірибесінің бір бөлшегі. Білімді ойын арқылы бере отырып, мұғалім баланың ертеңгі мүддесін ғана емес, бүгінгі қажеттілігін қанағаттандырады.

1
Жаңа сабақты оқып - үйренуде қолданылатын ойындар.
Бұл кезеңде ойын оқу - танымдық міндет негізінде кіреді. Ойынға дайындық барысында, оқушылар оны өткізу үшін қажетті мәліметтерді, тұлғаларды, ұғымдар, бейнелер, дәуірдің сипатты белгілерін жаңа материалдардан алады.
«Рөлдік ойындар».
Қолдану әдісі.
1. Ойын ситуациясын таңдау
2. Дайындық және сергіту
3. Қатысушыларды таңдау
4. Ойынды жүргізу
5. Талқылау
Рөлдік ойындар әдісінің мәні, оқушылар басқа адамның бейнесіне кіріп, соның ішінде әрекет етеді. Ойында оқушыларға аяқталмаған ситуация беріледі де, олар берілген ситуацияны шешу немесе аяқтауы тиіс. Рөлдік ойын оқушылардың басқаның жағдайын түсіну, жаны ашу, іскерлігін дамытады. Басқаның рөлін ойнау арқылы оның көзқарасын, сезімін түсінуге болады. Рөлдік ойындар оқушыларға әртүрлі жағдайда өзін ұстай білуге үйретеді. Бұл әдіс өз пікірін қорғау, шешім қабылдау қабілеттілігін арттырады. Рөлдерді оқушылар өздері таңдаса да болады. Соңында ойын талқыланып бағаланады. Мысалы 6 сынып, Ежелгі дүние тарихы пәніндегі «Ежелгі Үнді мәдениеті» тақырыбында пайдалануға болады. Бұл тақырыпта бір бөлім Буддизм діні, оның негізін салушы «Гаутама - Будданың сопылық өмірге келу жолы» деген көріністі оқушылардың көрсетуіне болады. Мұндағы рөлдерді, Будданы, сарай қызметкерін, аластатылған қария, сопының рөлдерін оқушылардың өздері сомдап шығады. Сонда кейбір оқушылардың актерлік шеберліктерінің бар екенін байқауға болады.
«Интеллектуалды турнир».
Бұл шартына сай екі оқушы сайысына негізделген қалыпты ойын. 1 тақырып талқыланады. Ойын кімнің бастаушы болатынын анықтайтын жеребеден тұрады. Бірінші ойыншы сұрақ қояды, екінші ойыншы жауап береді. Сайыс ойыншының бірі жауап бере алмай қалғанға дейін немесе сұрақ қоя алмай қалғанға дейін жүргізіледі. Жеңімпазбен келесі ойыншы сайысқа түсе алады.

Тарих сабағындағы ойындар жинағын жүктеу
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Жаңа жылға арналған ойындар

Жаңа жылға арналған ойындар

Жаңа жылды қызықты әрі көңілді өткізуді бәріміз қалаймыз. Бұл кезде не істеуге болады, әрине ойындар, ойындар және ойындар. Жаңа жылдық ойындар ойнау!...
Ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың шет тіліне қызығушылығын арт ...

Ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың шет тіліне қызығушылығын арт ...

Ағылшын тілін үйренуде рольдік ойындардың пайдасы зор. Ролдік ойындарда барлық балаларға роль беріледі де, бір – бірімен міндетті түрде қарым –...
Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні

Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №14 ОЖББМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Еслямгалиев Әділғазы Еркінғалиұлы...
Баланың тілін дамытудағы ойынның маңызы

Баланың тілін дамытудағы ойынның маңызы

Адам бала кезінен қалыптасады. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ тұлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Бала сөйлеуді үйрене...
Ойын-оқушы білімін берік меңгерту құралы

Ойын-оқушы білімін берік меңгерту құралы

№ 25 гимназия Екібастұз қаласы Шаланова Гульмира Тлектесовна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету