Сайтқа кіру Тіркелу

Оқытуда бағалау өлшемдерін қолдану – оқушының жоғарғы жетістігінің кепілі

Білім берудің қазіргі заман талабы – шығармашылықпен жұмыс жасайтын, бәсекеге қабілетті, құзіретті ұрпақ тәрбиелеу. Оқыту – мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алау үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Осыған байланысты оқушылар арасында түсіністік және ұжымдық қарым - қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын критериалды бағалау болып табылады.

«Критериалды бағалау» терминін алғаш рет Роберт Юджин Глейзер (1963) қолданған және бұл термин оқушылардың оқу жетістіктерінің қол жеткізген және потенциалды деңгейлері арасындағы сәйкестікті анықтауға мүмкіндік беретін үдерісті сипаттайды. Критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай ойластырылған.
 Әрбір оқушының сабақ үдерісіндегі әр кезеңіндегі дайындық деңгейін анықтау;
 Білімді меңгерудің жыл аяғындағы ғана емес, күнделікті білім алудың даму динамикасын айқындауы;
 Оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыруы. Бағаға қарсы теріс көзқарастың болмауы;
 Оқушы білімінің жүйеленуі, тереңдеуі, есте сақтауы. Оқушыны табандылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеуі;
 Білім алу барысындағы қиындықты, қателікті, білім олқылықтарын және оның себептерін дер кезінде анықтауы;
 Оқушының білім алу үдерісін қадағалап, дәл және жедел түрде сапалы білім алғаны жөнінде кері байланыс ақпаратын алуы;
 Оқушының барлық жұмыс түрлерін бағалауы. (өзіндік жұмыс, ағымдағы бағалау, қорытынды бақылау, тренинг, үй жұмысы, шығармашылық т. б)
 Оқушының білімін ағымдық және қорытынды бағалау;
 Баға сапасын арттыру.
Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу үдерісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді.

Оқу мақсаты 1. Түрік қағанатының құрылуын баяндау.
2. Түрлі материалдарды, əдістер мен құралдарды пайдалана отырып саяси жағдайды суреттеу.
3. Шаруашылық туралы әңгімелеу.
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу жəне түсіну
Қолдану
Бағалау критерийлері Білім алушы
• Түрік қағанатының алып жатқан жер аумағын картадан көрсетеді.
• Қағандарды атап шығып, олар туралы өз ойларын айтады.
• Темірден жасалған заттардың суреттерін салып, атап шығады.
Орындау уақыты 25 мин
1. Байырғы түріктердің тұрпаты.

Оқу мақсаты 1. Батыс Түрік қағанатының этникалық құрамын анықтау.
2. Түрлі материалдарды, əдістер мен құралдарды пайдалана отырып әлеуметтік жағдайын суреттеу.
3. Түрік қағанаттарының шаруашылық салыстыру.
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу жəне түсіну
Қолдану
Талдау
Бағалау
Бағалау критерийлері Білім алушы
• Этникалық құрамын анықтап, өмір сүрген жерлерін картадан көрсетеді.
• Қағанаттың әлеуметтік құрылымы кестесін пайдалана алады.
• Саяхатшылар мен археологтардың берген ақпаратты қолданады.
Орындау уақыты 20 мин
Тест сұрақтарына жауап беру.
1. Батыс Түрік қағанатының қалыптасқан жылы
А) 603 жыл
Ә) 553 жыл
Б) 600 жыл
В) 536 жыл
2. Батыс Түрік қағанатын 610 - 618 жылдары қай қаған билік етті
А) Тардуш
Ә) Шегу
Б) Тон
В) Ешбар Елтеріс
3. Шығыс Түрік қағанатының билік құруы
А) 552 - 618 жж
Ә) 603 - 704 жж
Б) 682 - 744 жж
В) 704 - 756 жж
4. Түрік қоғамында «тат» деп кімді айтқан
А) жоғарғы билеушіні
Ә) ақсүйектерді
Б) қалың бұқараны
В) құлды
Батыс және Шығыс Түрік қағанаттарының Қазақстан тарихында алатын орнына баға беріңдер.

Бағалау критерийі Тапсырма
№ Дескриптор Балл
Түрік қағанатының алып жатқан жер аумағын картадан көрсетеді.
1 қай жерді алып жатқанын айтады 1
1
картадан көрсетеді
Қағандарды атап шығып, олар туралы өз ойларын айтады.
2 қағандарды рет - ретімен атап шығады 1
1
олардың ерлік істері туралы өз ойларын айтады
Темірден жасалған заттардың суреттерін салып, атап шығады.
3 суреттерді айнытпай салады 1
1
1 атап шығады
олардың қай жерде қолданатынын айтады
Барлығы 7

Бағалау критерийі Тапсырма
№ Дескриптор Балл
Этникалық құрамын анықтап, өмір сүрген жерлерін картадан көрсетеді.

1 негізгі этникалық құрамын атайды 1
1
жергілікті көсемдердің жағдайы
Қағанаттың әлеуметтік құрылымы кестесін пайдалана алады

2 кестені дұрыс пайдалана алады 1
1
«қара бұдун», «қаған» сөздерінің мәнін түсіндіреді
Саяхатшылар мен археологтардың берген ақпаратты қолданады.

3 жартылай көшпелі мал шаруашылығы 1

1
отырықшылықтың өркендеуі
Тест 4 3 - дұрыс жауап 1
2
4 - дұрыс жауап
Қағанаттардың тарихта алатын орны
5 Батыс Түрік қағанаты 1
1
Шығыс Түрік қағанаты
Барлығы 10
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×