Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Атлах-талас шайқасы

Қазақстан жерінде құрылған ежелгі түрік мемлекеттерінің бірі Түргеш қағандығы еді. Түргештер, негізінен, Жетісуды жайлаған. VIII ғасырдың ортасында Түргеш мемлекеті ыдырау кезеңін бастан кешірді. Алғашында осы сәтті қарлұқтар пайдаланды. Бірақ түргештер мен Жетісудағы өзге түркі тайпаларына қытайлар мен арабтар да айтарлықтай қатер төндірген еді. 751 жылы Жетісуға шығыстан Қытайдың Тан империясы әскері баса көктеп кірді. Олар Түргеш астаналарының бірі - Суябты басып алып, қиратты.

Осы кезде оңтүстіктен арабтар да жорық бастады. Осылайша Жетісуда Қытай мен Араб халифатының мүдделері тоғысты. Қытай мен араб әскерлері Талас өзені алқабында түргештердің шағын қаласы Атлахтың маңында кездесті. Екі жақтан соғыс майданына 100 мыңнан жауынгер қатысты. Бес күнге созылған ұлы шайқастың тағдырын қарлұқтар шешті. Соғыстың шешуші кезеңінде олар көтеріліс жасап, қытайларға қарсы шықты. Қиян-кескі шайқаста арабтар жеңіске жетті.

Бұл тарихи жеңіс болды. Өйткені осы шайқастан соң талай жүз жылға дейін Қытай басып алмақ ойынан түңіле бас тартты. Арабтар бұл жерде ұзақ тұрақтай алмады. Шамалы уақыттан соң олар Жетісу жерінен кетіп, түрік тайпалары қайтадан осы жердің иесіне айналды.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету