Сайтқа кіру Тіркелу

Египеттегі ғылыми білім негіздері

Ежелгі дүние тарихы 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Египеттегі ғылыми білім негіздері
Сабақтың мақсаты: Египеттік жазудың шығуы мен дамуын зерттеу арқылы оқушылардың білім, білік дағдысын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: Барлық оқушылар: Египетте дамыған ғылыми білімдердің түрлері жайында анықтап біледі.
Оқушылардың басым бөлігі: Неолит кезеңінің ең көне б. з. б. 5 мыңжылдыққа жататын тұрақтарының бірі - Қараүңгір жайында біледі.
Кейбір оқушылар: Египеттік жазудың шығуы мен дамуы, математикалық білімдер, медицина жайында зерттеп шығармашылық жұмыспен айналысады.

Тілдік мақсат
Оқушылар:
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Иероглиф (гр. hierоs — қасиеттi, гр. glyphe — қиылып алынған) — идеографиялық жазудың таңбасы.“Иероглиф” деген терминді бірінші рет Климент Александрийский 200 жылы Мысыр жазуына қатысты қолданған. Ең көне Мысыр иероглифі б. з. б. 4 - мыңжылдықта пайда болған.
Папирус (лат. Cyperus papyrus) – қияқөлеңдер тұқымдасының құйық туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабағының биіктігі 5 м - ге дейін, үш қырлы, жуан, түп жағы қабыршақ жапырақты келеді, вегетативті өркендерінің жапырағы — жіңішке, қандауыр тәрізді тақташық.
Сыныптағы диалог ( жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер)
Тақырып бойынша бір - біріне сұрақтар береді.
Талқылауға арналған тармақтар: Египеттік жазудың шығуы мен дамуы. Математикалық білімдер. Аспан әлемі. Египеттегі медицина. Ежелгі Египеттегі мектеп.
Сіз неліктен екенін айта аласыз ба?
Ежелгі Египет мектептерінде шәкірттер өз ықыластарымен оқыды ма?
Жазылым бойынша ұсыныстар? $8. Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері жайындағы мәтінді оқып дәптерге жазады.

Сабақтың басы:
7 минут
І. Ұйымдастыру кезеңі. (жағымды ахуал орнату - қандайда әдіспен?)
Оқушылар өздерінің жағымды қасиеттерін айтып, бір - бірін таныстырады.
ІІ. Топқа бөлу. Санамақ арқылы 1. 2. 3.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (қажет болса әдіс жазу керек)
«Сұрақ менен, жауап сенен» әдісі
1. Перғауын деген кім?
2. Египетте шонжарлар тобына кімдер жатты? Олардың қызметіне сипаттама беріңдер.
3. Египет перғауындары қандай көрші елдерді жаулаған?
4. ІІІ Тутмос қай жылы елді биледі? (б. з. б. 1525 - 1491жж)

Перғауындар жайында бейнефильм көрсетіп үй тапсырмасын қорытындылаймын.
Сабақтың ортасы: 8 - 30 минут
Жаңа сабақ:
«Түртіп алу» әдісін қолданып
Мәтінмен жұмыс жасау
1. 1. Египетте жазудың шығуы мен дамуы.
2. 2. Математикалық білімдер.
3. 3. Аспан әлемі
4. 4. Египеттегі медицина.
5. 5. Ежелгі Египеттегі мектеп
Оқушылар мәтіндегі түйін ой, негізгі оқиғаларға көңіл аударып түртіп алады, мағынасын айтады.

№22 Елшібек батыр атындағы жалпы орта мектебі
Мұғалімнің есімі: Абдуллаев Дулат Байдуллаевич

Египеттегі ғылыми білім негіздері жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×