Сайтқа кіру Тіркелу

Бала Мұхаметқалидан ақын Мұқағалиға дейін

Сырлыбаев Асет «Есіңе мені алғайсың» әнімен ашылады (Би биленеді) (видео)
Жүргізуші: Армысыздар ұстаздар мен оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың Артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқанындай жарқырай түсуде. Абаймен үндес Мұқағалидай ақыны бар халық - шынымен бақытты халық! Ақын рухына арналған «Бала Мұхаммедқалидан ақын Мұғағалиға дейін» атты әдеби - сазды кешімізге қош келдіңіздер! (слайд - сурет, тақырып)
Жүргізуші: Қымбатты ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі кеште сіздерге арналған тосын сыйымыз бар. Мұқғағали Мақатаевтың «Алтын қорда» сақталған өз дауысымен оқылған сырға толы жыр шумақтарын сіздерге аранймыз. (Өз даусы видео)
Жүргізуші:
Қарасаз, қарашалғын өлеңде өстім,
Қырға шығып, ырысқа кенелмеспін.
Өлсе өлер Мұқағали мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.
Оқушылар отаға шығады, Мұқағалидің өлең шумақтары оқылады (видео)
Жүргізуші: Ақынның басты тақырыбы – дала, туған жер, кейіпкері сол ғаламат көріністердің образы. Демек, ақынның лирикалық сарынының қалыптасып, өркендеуіне негіз болған, нәр берген туған жері, туған табиғаты, кең даласы, туған үйі
Көрініс( Мұқағалидің туған ауылына келуі)
Ән: Ана сен бақыттысың
Орындайтын: Сұлтанов Асхат

Көрініс (Лашынмен танысуы)
Жүргізуші: Махаббат - мәңгілік жыр. Бірақ әр ақын өз сезімін, өзінің ішкі жан дүниесін әр қилы шығарады. Мұқағалидің сезімінде жасандылық жоқ. Махабатта бір қуаныш, бір үміт, бір өкініш, бір күдік болатындығы жасырын емес.
Махаббат мәңгі ертегі,
Ғашықтар сырын шертеді.
Ән: Сенің көзің
Орындайтын: Төлеужанов Мәди
Жүргізуші: Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығыңдар. Сендердің болашақтарың зор. Бақыттарың өз қолдарыңда.
Көрініс (Мұқағалидің ауылға келуі )
Ән: «Бақыт деген»
Орындайтын: Арыстанғалиева Бақыт

Жүргізуші:
Ойлы жас, өлең менің сырласымдай,
Сырлассамда құмарым тұр басылмай.
Айтып өткен ақында арман бар ма?
Жүрегінің түбіне кір жасырмай, - деп ақын барлық тіршілік атауы мен жан дүниесі жүрегімен сырласады. Ақынды тек адам баласы емес, табиғат атаулы түсінеді.
Ән: Жапырақ жүрек жас қайың
Орындайтын: Серікбаева Мөлдір
Жүргізуші:
Дала толған көл – көсір жыр,
Дала қобыз тоқтатпайды пернесін бір.
Тірі Абайды әлдиле дархан далам,
Өлең селі өңірді тербетсін бір.
Дана Абайды дархан даласымен бірге тербеткен біздің дана халқымыз, Мұқағалиді да алақанында аялаған.
Ән: Атамекен - ақмекен
Орындайтын: Нұралина Айзат және Сақан Жадыра
Жүргізуші: Ақынның достары көп болған. Ақын достарын аңсап, әркез сағынып отыратын. Әрқайсысын бір төбе деп еміреніп, сүйсініп, есіне алатын, - деп ақынның жары әркезде тебіренеді. Өзінің қарындасындай болып кеткен жақын досы Фариза ақынға аранап, арыз – толғауын жазған.
Ән: Фариза
Орындайтын: Сағымбаева Гүлдана
Жүргізуші:
Мына күнде, мына аспанда, далада,
Бәрі бізден, бәрі бізден қала ма?
Өмір дейтін тағатсыз бір қозғалыс,
Өмір дейтін – өлемін деп қарамау, - деп айтқан ақын шумағында терең тарих жатыр. Қазақ халқының бір ғана Абайындай – Мұқағали да жалғыз. Сол шындықты шын жүректен түсінсек қана тарлан талантты жыр жампозы Мұқғағали Мақатаевты ұлттық мақтанышымыз екенін мойындаймыз. Кәусар жырмен сусындай жүріңіздер, жыр сүйер қауым. Қош сау болыңыздар!

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы,
Ә.Жангелдин атындағы орта мектебінің мұражай меңгерушісі
Меңдіқұлова Алмагүл Жақсылыққызы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби-сазды кеш «Жырлайды жүрек»

Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби-сазды кеш «Жырлайды жүрек»

Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М. Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы...
Бүгін менің туған күнім, ой пәлі - ай әдеби – композициялық кеш

Бүгін менің туған күнім, ой пәлі - ай әдеби – композициялық кеш

Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндері мен поэмаларымен танысу. Ақынның өлеңдері мен поэмалары арқылы жасөспірімдерді...
Бүгін менің туған күнім!

Бүгін менің туған күнім!

Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Бөрте ортп мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жакенова Айнур Базарбаевна...
Ғасыр ақыны - Мұқағали

Ғасыр ақыны - Мұқағали

БҚО, Ақжайық ауданы, Шабдаржап ауылы, Харькин орта жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Саламатова Рашида Сымғалиқызы...
«ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК»

«ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК»

Алматы облысы, Сарқан ауданы, Қойлық ауылы Мараимова Шарбану Укметовна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×