Сайтқа кіру Тіркелу

Кел жаңа жыл, төрле, төрле жеріме

Кел жаңа жыл, төрле, төрле жеріме
Мақсаты: Балалардың тіл байлықтарын, екпінділіктерін, ойлау қабілеттерін дамыта отырып, балалардың қызығушылықтарын арттыру және де сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға
балалар қол ұстасып кіреді де екі жаққа тұрады.

Жүргізуші: Кел, жаңа жыл! Төрле, төрле жеріме
Құт - береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы
Шаттығыңа бөлегейсің мені де.
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата - аналар, құрметті әріптестер сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз, келе жатқан жаңа жыл барлықтарыңыздың От бастарыңызға бақыт, бірлік әкелсін дей - отыра бүгінгі «Қошақан» тобының «Кел, жаңа жыл төрле жеріме»атты ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер!

Тақпақтар: Жұлдыз: Жылдың әнін бастайын,
Аяз ата кеп қалды
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

Исмайл: Келді міне жаңа жыл,
Қарсы алайық бәріміз.
Күліп ойнап би - билеп
Ән салайық бәріміз.

Еркенез: Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз.
Болсын риза балаша,
Әппақ атамыз.

Гүлназ: Той мереке салтанат
Думандатты шартарап,
Келді міне, жаңа жыл
Тартуларын арқалап,

Дамир: Сәлем достар аман ба?
Шырша құрып алаңға,
Жылға шашу шашайық.
Тойлап көңіл ашайық.

Жүргізуші: О, жараңдар, қараңдар
Қызықтаңдар, санаңдар
Келді бізге қонаққа
Ормандағы бар аңдар
Жаңа жылдың кешінде
Аңдар келіп, бір шешімге
Достаспақшы ниетпен
Жиналыпты келісімге.
(Мерекелік музыка ойналады, шыршаның артынан қоян секіріп шығады.)

Қоян: Нұрдәулет: Ау, жараңдар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек
Тым алыстан, Марстан
Келіп аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп ойнап,
Көп қызыққа батамыз!

Секіріп билеп жүргенде, қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.
Қоян: Амансыз ба аю паң?
Аю: Сұңғат: Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымда ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп ән, салайық.
Аю: Жаңа жылдың тойында,
Қоян: «Жан салайық»ойынға! Екеуі қол ұстасып, билейді, Сол кезде қуана қутың
дап түлкі келеді.
Түлкі: Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Аю мен Қоян: Аман ба, түлкі кел мұнда!
Түлкі: Достарым, жыл келеді
Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш түлкінің
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай биге түсіп,
Тарқатамын құмарымды.
Аю мен Қоян: Рахмет түлкі жан, жүрген жерің күлкілі ән! Үшеуі қол ұстасып билейді. Осы кезде орталарына кірпі келеді.

Кірпі: Айару: Сәлем достар аман ба?
Нұр берді шырша алаңға
Жылға шашу шашайық,
Тойлап көңіл ашайық
Қоян келші биге басайық!
Бәрі билеп жатқанда тиін келеді әндетіп.
Тиін: Азиза: Тра - ля, тра - ля, тра - ля!
Өнершіл аңдар - ай
Өңкей паңдар, тыңдар,
Жаңа жылға әнім бар
Қол ұстасып биге басып,
Жыл әніне салыңдар
Бәріңізге бір сәлем.
Бәрі: Сәлем тиін!, Жақсы - ақ биің! Бәрі қосылып билеп жатқан да орталарына
қасқыр келеді.

Қарағанды обылысы, Сәтбаев қаласы,
№36 «Ақбота» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі
Оразалиева Бахыткул Куттыбаевна

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×