Сайтқа кіру Тіркелу

Би билейміз тағы да, жасыл шырша жанында!

Би билейміз тағы да, жасыл шырша жанында!
Әсем безендірілген, түрлі – түсті ойыншықтармен жарқыраған жасыл шырша зал ортасында орын алған. Балалар залға көңілді әуенмен кіріп, шеңбер құрып тұрады.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар армысыздар,
Бәріңіз есен сау бармысыздар
Келіп қалды жаңа жыл мерекесі,
Құттықтаймыз жаңа жылмен баршаңызды!
Балалар қараңдаршы шыршамыз қандай әсем, ойыншықтарымыз қандай әдемі!
- Бірақ шыршамыз көңілсіз. Неге көңілсіз қалай ойлайсыңдар? Балалар: Шыршамыздың шамы жанбай тұр.
- Ендеше шырша шамын жағайық, қане үрлейік, шапалақ ұрайық.
Жүргізуші: балалар жана жылды қарсы алуға дайынсыңдар ма? Олай болса, бүгінгі жаңа жыл мерекесіне арналған әндерімізді, тақпақтарымыздан шашу шашайық.
Ән «Шырша»(Бәрі бірге)
Ғажайып сәт: Ән аяқтала бере сырттап әндетіп, көтеріңкі көңілмен, жан - жағына алаңдай қарап, бір қолына түрлі - түсті шар, бір қолында хат ұстаған күлдіргі кіріп келеді.
Күлдіргі: Мен Күлдірген, Күлдірген,
Көрерменді күлдіргем.
Жиналған қауым алдында,
Өнерімді білдіргем!
Ой, ой жаңа жыл мерекесі басталып кеткен бе? Мен кешігіп қалдым ба?
Жүргізуші І: Ия, ия күлдіргі сен кешігіп қалдың, Сен қайда журсің? Мерекеміз басталып кетті, барлық бала Сені күтіп қалды. Аяз ата мен ақшақар көрінбей ме?
Күлдірген; Қымбатты балалар мен аяз - атаның жедел хатын алып келдім. (жедел хатты оқиды)
Балалар мен сендердің бақшаларыңды таба алмай баска бақшаға кіріп кетіппін. Көп кешікпей сендерге де жетемін, дайындаған тақпақтарыңды айта беріңдер.
Жүргізуші: Қанеки балалар тақпақтарымызды айтып берейік:
Арнұр: Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Алдияр: Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Міне сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Ермек: Аппақ тонға оранып,
Базарлықта мол алып,
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Томирис: Безендіріп шыршаны,
Жыл қуантты баршаны
Мерекеміз басталды,
Аяз ата оралды.
Бахтияр: Сылдырлайды моншағы
Шыршамыздың мол шамы
Жаңа жылмен жайдары
Құттықтаймыз баршаны

Ғажайып сәт: Қорбаңдап аю шығады.
Жүргізуші: Салеметсіңбе аю, сен неге қорқып дірілдеп тұрсың?
Аю: Сендер аңшы емессіңдер ме? Мен аңшылардан қорқамын.
ЖүргізушіІІ: Аюжан жаңа жыл мерекесі болып жатыр ғой, біз ормандағы достарымызды жаңа жыл мерекесіне шақырамыз, мүмкін би билеп берерсіздер.
Аю: Менің қонжықтарым да осында екен ғой мен енді ешкімнен қорықпаймын, келіңдер қонжықтарым билейікші.
Ұл балалармен бірге «Қонжықтар биі»
Шыршаның жанынан түлкі шығады.
Түлкі: Сендер жаңа жыл мерекесіне мені неге шақырмадыңдар? Мен сендерге ренжідім.
Жүргізуші: Түлкі, сені аю таба алмады
Түлкі: Жарайды онда мен сендерге ренжімеймін, шыршаларын қандай сұлу! --- Алақай, алақай деп түлкі мен қоян секіріп айналады.
Жүргізуші: О, алақай тамаша
Шыршамыз түр жараса
Жаңа жылда бәріміз
Ән айтамыз жаңаша!
Ән «Құт болсын мол болсын»- орындайтындар Димаш, Гүлім, Ерулан
ЖүргізушіІ: Аяз ата мен ақшақар кешікті ғой...
Бәрі бірге Аяз ата мен Ақшақарды шақырады
Залға әуенмен Аяз ата мен Ақшақар кіреді
Аяз ата: Амансың ба ұлдарым
Аппақ ару қыздарым
Мен сендерге акелген
Құтты болсын жылдарың.
Ақшақар: Өздерің де аман есенсіңдерме, менің балғын достарым. Бізге әзірлеген өнерлерің болса көрсетіп, әсем ән айтып, би билеңдер тақылдап тақпақ айтып беріңдер. Аяз атаның дорбасында барлығыңа жететін сыйлық бар.
Ән «Снег идет»орындайтындар Далида, Жибек,
Жүргізуші: Ортаға”Шырша” биіменқыздарды шақырамыз
Жүргізуші: Ал аяз ата сізде де балаларға дайындаған өнеріңіз бар шығар?
Ойын: Қатырамын
Тақпақтар:
Амина: Жамылған ақ мамық ұлпа қар
Нұрланар кең байтақ Отаным
Бала жоқ сыйлықтан құр қалар
Сыйлығы көп аяз атаның.
Санжар: Шыршамызда қаншама
Түрлі - түсті шырақтар
Күлгін түсті тоқаштар
Жарқыраған алтын бар.
Гүлім: Көптен бері жаңа жылды
Сағына мен күткенмін
Шырша тойға анашымның
Маған киім тіккенін.
Ән «Қарлы шың»орындайтындар Амина, Санжар
Ән «Біз адыман баламыз» хор

Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым! Барлықтарың өнерлі екенсіңдер киген киімдерің қандай әдемі аталарыңды бір қуанттыңдар ақшақар қызым маған көмектес.(балаларға сыйлық таратады)
Енді өздеріңмен қоштасып басқа балабақшаға баруым керек(қоштасып шығып кетеді)
Жүргізуші: Бұл күн біздің бәріміздің
Қуанатын шағымыз
Шырша тойда келер жыл
Кездесейік тағы біз!
Құттықтау сөзі балабақша директорыныңміндетін атқарушы Абзалова Айнұр Берікболовнаға - беріледі.
Ата - аналардың құттықтауы.
Осымен ертенгілігіміз аяқталды келесі кездескенше қош сау болыңыздар!!!

Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы,
“Жас терек”бөбекжай - бақшасы, тәрбиеші
Абзал Мерейлім Ержанқызы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Кел, Жаңа жыл!

Кел, Жаңа жыл!

Құрметті әріптестер, ата-аналар, балалар сіздерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жаңа жылда жаңа...
Жаңа Жыл

Жаңа Жыл

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау. Шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне назар аударта отырып, мерекенің басты қонағы Аяз ата...
«Ақшақардың кебісі» атты жаңа жылдық ертеңгілік

«Ақшақардың кебісі» атты жаңа жылдық ертеңгілік

Жүргізуші: Балалар, біздің шыршамыз көңілсіз, жабырқаулы. Қане барлығымыз бірге үрлеп шыршаның шамдарын жағайық. (Барлығы бірнеше үрлеп шыршаның...
Жаңа жылдық сценарий 2024 жыл

Жаңа жылдық сценарий 2024 жыл

Келді, міне, сағындырып далама Келді, міне, Жаңа жыл қалама Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып. Кәне, кәне келіңіздер Би билеп ән салып беріңіздер!...
Төрлет, төрлет Жаңа жыл!

Төрлет, төрлет Жаңа жыл!

Даламызға қаламызға Жаңа жыл кіріп келеді Қартыңызға, балаңызға Жалынды сәлем береді....
Пікірлер: 1
Пікір білдіру
torgyn9095
Өте тамаша жазылған сценарий.
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×