Сайтқа кіру Тіркелу

Таңғажайып алаң

Таңғажайып алаң (шоу)
Жүргізуші: Аралбаева Рита
Тақырыбы. Тәуелсіздік қазақтың сан ғасырлық арманы
Мақсаты: Балабақшамен ата - аналар арасында ең бірінші тығыз байланыс орнату. Балалардың ойлау қабілеттерін дамытып, сөйлеу мәдениетінің дұрыс қалыптасуына жан - жақты жұмыс жүргізіп, ой - өрістерінің жетілуіне ықпал ету. Тәуелсіздігіміздің шексіз мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді, жан - жақты дамыған батыл текті, намысты ұрпақ шынайы патриоттар тәрбиелеу.
Түрі: ойын (шоу)
Әдісі: сұрақ – жауап
Көрнекілік: интерактивті тақта, музыкалық үнтаспа, музыкалық аспаптар.

Ұйымдастыру.
Жүргізуші: Армысыздар қадірменді қонақтар, әріптестер, ата - аналар аяулы бүлдіршіндер! Биылғы жыл еліміз үшін үлкен мереке – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеде республикамыздың түкпір - түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Соның бірі, Балапан балабақшасында өткізілгелі отырған «Тәуелсіздік қазақтың сан ғасырлық арманы» атты мерекелік шоуымызға, аяулы бүлдіршіндеріміздің ардақты ата - аналары мен ақ жаулықты әжелері қатысқалы отырған таңғажайып алаң ойынына қош келдіңіздер!

I. Гимн шырқалады.
Мінекей мұнда тыныштық
естілмейді дыбыс түк
мұны бізде қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз
«таңғажайып алаң» шоуын,
көпшілікті тостырмай
Міне, қазір бастаймыз.

Ойыншыларды ортаға шақыру.
Жүргізуші: Қадірменді қонақтар, олай болса бүгінгі сайысымызда алғырлық танытатын ата - аналарымызбен таныс болыңыздар!
1. Алғашқы болып ойын алаңына келетін, аймаңдайлы кішкентай ғана аруымыз Аманжол Әсемайдың анасы, Әсемайдың ақыл айтар данасы, қорған болар панасы Шүкірәлі Айғара ханымды қошеметпен ортаға шақырамыз!

2. Келесі боп ойын алаңына келетін, сүп - сүйкімді сымбатты аруымыз Есекеева Таңуыздың ақжаулықты әжесі, арылмайтын сый - құрметі кәдесі, әр кезде де орындалар уәдесі Айшагүлдей апайымызға зор ілтипат көрсете отырып ойын алаңына шақырамыз!

3. Олай болса алғашқы үштігіміздің үшінші ойыншысы, көрсең көзің тоятын бүлдіршініміз Қонақбай Ақмаржанның, армандары алдан болған, бөбегіне қорған болған сұп - сұлу анасы Бисебаева Айдананы зор қошеметпен ортаға шақырамыз!
Жүргізуші: Құрметті көрермендер, ардақты ата - аналар! Мінекей бүгінгі ойынымыздың алғашқы үштігі, яғни ойыншыларымыз ойын алаңына келіп жетті. Олай болса ойынның шартымен таныс болыңыздар.

Ойын шартымен таныстыру (экранға назар аударамыз)
Ойынның шарты:
I. Сұрақ беріледі. Жауабы ұяшықта жасырылған. Жасырылған сөзді білсеңіз бірден жауап беруге де болады. Ал егер бірден жауап беру қиындық тудырса бір әріп айтуыңызға болады. Сіз айтқан әріп ұяшықта болса ашылады. Егер жоқ болса ойынды келесі ойыншы жалғастырады.

II. Барабандағы шартты белгілер:
+ Ойыншы өзінің қалаған әрпін ашуына мүмкіндігі бар.
Б Ойыншының ұпайлары сақталады да ойынды келесі қатысушы жалғастырады.
Жүргізуші: Қадірменді ойынға қатысушы ата - аналар, ендеше алғашқы сұрағымызға кезек берсек.

Жүргізуші: Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бұл - өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт, оны баянды ету оған қол жеткізуден де қиын,- деген болатын, Елбасымыз бұл сөзімен нені айтқысы келді?
Барабан 1 айналдырады. Айналып келгенше сұрақ, тақпақ кетеді.
Балама сұрақ: Елбасымыз бұл туралы; - Әрбір елдің жылнамасында оның жаңа тарихының бастауы болған тағдыр шешті таңдар болады. Біз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы атты,- деген болатын. (16 желтоқсан қазақ тарихында қандай күн?)
Жүргізуші: Бәрекелді, дұрыс жауабын тапқан ------------------------------- ата - анасы қошемет көрсетіп қояйық! Сөзді тапқан ойыншы ақтық мәрге жолдама алады. Құттықтаймыз!!! Алғашқы ойынға қатысушы үштікке арналған сыйлықтар таңғажайып алаңға әкелінсін.
Жүргізуші: Қадірменді көрермендер, мәне өздеріңіз куә болғандай ойынымыздың алғашқы үштігі ойынды аяқтады, ендеше келесі үштікті Сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырамыз!
Жүргізуші: Келесі болып ойын алаңына келетін, қылығына көз тоятын Қаржаубай Ақжүректің анасы, жылы сөзінің өзі жаныңа шипа болар ақ халатты абзал жан, Шамшатова Гүлмира ханымды қошеметпен ойын алаңына шақырамыз!

Жүргізуші: Мұзтаудың мұзбалағы атанған ақын Мұқағали атамыздың аттасы Серікқали Мұқағалидың анасы, дизайн өнерінің хас шебері сұлу да сымбатты Алматова Гүлзатты қошеметтеп ойын алаңына шақырамыз!

Жүргізуші: Бақ пен дәулеті басынан арылмасын деген жақсы ниетпен керемет есімнің иесі атанған, сүп - сүйкімді бүлдіршініміз Телағыс Бағдәулеттің анасы, Бағдаулеттің қамқоршысы, панасы, санасына сәуле құйған данасы Мұратова Алтынкүл ханымды қошеметтеп ойын алаңына шақырамыз!

Жүргізуші: Қадірменді көрермендер, Таңғажайып алаңның ойын алаңына ата - аналарымыздың екінші үштігі Сіздердің қошеметтеріңізбен келіп жайғасты, ойынның шартымен таныс болсаңыздар ендеше ойынымызды бастаймыз!

Сұрақ: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін ең алғаш ресми түрде мойындаған қай мемлекет? Ал “Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады” деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды.

Барабан 1 айналдырады. Айналып келгенше сұрақ, тақпақ кетеді.
Балама сұрақ: Мұқиттың арғы жағында орналасқан алпауыт мемлекет.
Жүргізуші: Рахмет құрметті ата - аналар, тамаша тапқырлық танытуға тырыстыңыздар, дегенмен ойынның шарты бойынша жеңімпазымыз біреу, олай болса -------------------------- ата - анасы қошемет көрсетіп қояйық! Сөзді тапқан ойыншы ақтық мәрге жолдама алады. Құттықтаймыз!!! Екінші ойынға қатысушы үштікке арналған сыйлықтар таңғажайып алаңға әкелінсін.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Сергектік» эстафеталық жарысының ашылу салтанатының сценарийі

«Сергектік» эстафеталық жарысының ашылу салтанатының сценарийі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған білім қызметкерлері арасындағы «Сергектік» эстафеталық жарысының ашылу салтанатының...

"Жезқазған менің жүрегімде" атты таңғажайып алаңы

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №10 жалпы білім беретін орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Сейтенова Асель Есенгельдыевна...
Жас тарихшы танымдық білім сайысы

Жас тарихшы танымдық білім сайысы

Атырау қаласы, №34лингвистикалық мектеп - гимназиясының мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және тарих пәні мұғалімі Орынбасарова...
Күзгі бал – 2024 сайысы

Күзгі бал – 2024 сайысы

Қайырлы кеш достар! Күз патшайымы сіздерді соңғы сиқырлы сәтін, күзгі гүлдердің керемет жұпарын, жиналған жемістердің айқын да сиқырлы сұлулығын,...
Ғажайып алаң ойыны

Ғажайып алаң ойыны

Ақмола облысы, Степногорск қаласы Изобильное орта мектебінің информатика пән мұғалімі Искакова Орынбасар Сеитовна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×