Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым».
6 сынып
Мақсаты: оқушылардың отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, ата-мекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс - бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар

Сабақ барысы:
Мұғалім:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар! Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым» атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер!
Сабағымызды елбасымыздың мына бір сөзімен бастағанды жөн көріп отырмын: «Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан».
25 жыл. Ширек ғасыр, сен менің
Жүрегімді тыныштық боп тербедің.
Нәтижесі бейбіт күн мен бейнеттің,
50 елдің қатарына енгенім.
Күллі әлемді құшақ жайып қарсы алдың,
Қала салдық қараса жұрт тамсанған.
Айналдырған аз уақытта осы бір,
Орындалды қанша тілек, қанша арман.

Тәуелсіздік бізге оңайшылықпен келген жоқ. Тәуелсіздік – ежелден ел арманы, сан ғасырлық күрестің жемісі.
Оқушылардың ізденіс жұмыстары:
1. Қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті.
2. 1837 - 1847 жылдары Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс, 1836 - 1838 жылдары Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс, 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт - азаттық көтеріліс болды.
3. 1925 - 33 жылдары Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп «Кіші Октябрь» саясатын жүргізді. Елді аштық тығырығына тіреп, негізгі күн көрісі мал болған қазақтар 2 - 3 жылда малдарынан түгел айырылып, Қазақстанда тұратын 2млн. 200 мың қазақ аштықтан қырылды.
4. 1937 жылғы асыра сілтеудің кесірі – біздің қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды. Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.
5. 1941 - 1945 жылдары адамзат тарихында болмаған алапат соғыста, бірлік жолында жанын қиған қазақ батырлары фашизммен күресіп, ерекше ерлік көрсетті. 100 - ге тарта қазақ қаһарманына Кеңес Одағының батыры деген абыройлы атақ берілді.
6. ХХ ғасырда дүние жүзіндегі бір де бір ел қазақ халқы көргенді көрген жоқ. 1949 - 50 жылдары Семей полигонында сыналған 600 - ден астам ядролық жарыстардың кесірінен осы өңірдегі 500 мыңнан астам адам уланды.
7. 1986 жылы Алматының бас алаңында желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. 1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. 16 желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы қасіретті күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды аға - апайларымыздың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді.
8. Қазір бұл қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн, себебі, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Республика болып жарияланды.

Мұғалім: расында да, тарихқа көз жіберсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Осындай рухы күшті елдің ұрпағы болу – үлкен бақыт. Бүгінде 25 жасқа толған тәуелсіз елімізді бүкіл әлем таныды, мойындады. Енді осы 25 жыл ішінде қазақ елі қандай жетістіктерге қол жеткізді? Соны саралап, есімізге түсірейік.
Оқушылар пікірі тыңдалынады.

Мұғалімнің қорытындысы (слайд арқылы)
- 1991 жылы 29 – тамызда Семей полигоны жабылды.
- 1991 жылы 16 - желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігін жариялады.
- 1991 жылы 2 – қазанда қазақ ғарышкері, Т. О. Әубәкіров ғарышқа ұшты.
- 1991 жылы 1 – желтоқсанда тұңғыш Президентіміз сайланды.
- 1992 жылы 2 – наурызда Қазақстан БҰҰ - на мүше болып қабылданды.
- 1992 жылы 4 – маусымда Еліміздің Мемлекеттік рәміздері бекітілді.
- 1993 жылы маусым айында еліміздің тұңғыш Конституциясы қабылданды.
- 1993 жылы 15 – қарашада Төл теңгеміз дүниеге келді, 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.
- 1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді.
- 1995 жылы 30 – тамызда жаңа Ата Заңымыз қабылданды.
- 1997 жылы 10 – қазанда Ақмола қаласы Астана болып жарияланды.
- 1998 жылы 6 шілде – Астана күні.
- 1999 жылы 10 қаңтарда президент сайлауы.
- 2001 жылы – тәуелсіздігімізге 10 жыл.
- 2010 жылы – ҰБСЕ ұйымына төрағалық етті.
- 2011 жылы 3 – сәуірде Елбасы Н. Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
- 2011 жылдың 16 - желтоқсаны Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 - жылдық мерейтойы тойланады.
- 2012 жылы – тұңғыш президент күні тойланды, EXPO 2017 көрмесін өткізуді 103 мемлекет қолдап жеңіп алды.
- Ғарышкерлер, қысқы ойындар «Азиада», қысқы дүниежүзілік универсиада, олимпиада ойындары, Болашақ стипендиясы, мәдениет саласы, білім саласы елбасы.

«Қоржын - сұрақ» викториналық сұрақтар:
1. Мемлекеттік рәміздерді ата (ту, елтаңба, әнұран)
2. Егемен Қазақстанның ордендері мен медальдарын атаңдар («Халық қаһарманы», «Алтын жұлдыз», «Отан» ордені, «Даңқ», «Парасат», «Құрмет» ордендері, «Ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдары).
3. Тәуелсіздік Монументі қай алаңда, қай жылы ашылды? (1996 жылы 18 желтоқсан күні Республика алаңы).
4. Мемлекеттік елтаңбаның авторлары (Ж. Мәлібеков, Ш. Уәлиханов)
5. Ұлттық валюта (теңге)
6. Қазақстан Республикасының жер көлемі (2417, 3 мың шаршы шақырым).
7. Туған жердей жер болмас,
............................................( Туған елдей ел болмас)
8. Қазақ жеріндегі ғарыш айлағы (Байқоңыр)
9. Әнұран авторлары (Ж. Нәжімеденов, Н. Ә. Назарбаев)
10. Жаңа Ата заңымыз қабылданған жыл (1995 жылы, 30 тамыз).

Шығармашылық тапсырма:
І топ: Тәуелсіз Қазақ елінің баға жетпес құндылықтары
ІІ топ: Тәуелсіздікке тартуым.

Қорытынды:
«Тәуелсіздік маған.... қымбат» деген тіркесті толықтырып, сөйлемді аяқтаңдар.

Ән: Атамекен
Мұғалім: Қазақстанның болашағы сендерсіңдер. 2030 жылы Қазақстанның Орта Азия барысына айналуына сіздер үлес қосасыздар. Отанымыз гүлденіп, жайнай берсін деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Азаттықтың ақ таңы!

Азаттықтың ақ таңы!

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Тана мырза орта мектебінің химия пәні мұғалімі Ожанова Жанар Ахметбекқызы...
«Қазақстанға саяхат» ойыны (Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Наза ...

«Қазақстанға саяхат» ойыны (Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Наза ...

Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, № 18 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жусупбаева Ризагуль...
Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы

Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы

Ақтөбе қаласы №41 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Cәрсенова Нәписа Ысқаққызы...
1 желтоқсан - Тұңғыш Президенттің күні

1 желтоқсан - Тұңғыш Президенттің күні

Мақсаты: оқушыларға
тұңғыш президент туралы мәлімет беру; Н. Ә. Назарбаевқа арналған мұражайға сырттай саяхат жасау; президентті құрметтеуге, оны...
Тәуелсіздік жырлары

Тәуелсіздік жырлары

Байқоңыр қаласы, №2 К. Э. Циалковский атындағы жалпы білім беретін орта мектептің I санатты бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Алмагуль Байдуллаевна ...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық сабақ жоспары, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету