Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Жыл басы – Наурыз

Жыл басы – Наурыз
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Мазмұны: Бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруы паш етіледі. Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері кеңінен насихатталады.
Көрнекілігі: слайд, сурет, мақал - мәтелдер, тыйым сөздер.

Түрі: Тәрбие сағаты
І. «Жыл басы - Наурыз» тойы мерекесінің жүру бағдарламасы.
1 - Қазақтың салт дәстүрлері мен ырым – тыйымдары туралы түсінік беру.
2 - Қыдыр атаны қарсы алу, бата сұрау.
ІІ. Сайыс
Қазақстан Республикасының әнұран.
Мұғалім:
- Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі “ Жыл басы – Наурыз!» ” деп аталатын тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Сіздерді 22 - наурыз көктемнің Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Келген қадамдарыңыз құтты болсын! Жүздеріңізге нұр, құшақтарыңызға гүл тілейміз.
Ата - аналық – үлкен сын,
Бала өсіру – ұлы өнер.
Жақсылардың артынан
Жарқын ұлмен қыз өсер – демекші, «Жыл басы – Наурыз!» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
- Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын қатысып отырған әділқазыларды таныстырып өтейін.

Армысыңдар, халайық
Бармысыңдар, халайық
Келді наурыз сағынтып
Қыздарға алқа тағынтып
Наурыз келсе құт келгені, халайық
Есік ашып, шашу шашып, қол соғып
Ұлысты қарсы алайық!!!

Бұл әлемде мереке көп,
Қуанышты, әдемі!
Ал біз үшін ең жақсысы

2-жүргізуші:
Сегодня замечательный день – праздник пробуждения новой жизни, праздник мира и весны. Наурыз – праздник весеннего равноденствия.
1-жүргізуші:
«Наурыз» деген сөздің өзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақша жаңа күн деген ұғымды білдіреді, яғни жаңа жылдың алғашқы күні, жыл басы. Күн мен түн теңелер сәт наурыз айының жиырма екінші жұлдызына сәйкес келеді.
Жаңа жылды, Наурыздың 22 – сін халық Ұлыстың Ұлы күні деп ұлағаттаған. Ұлыс күні қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған.

2-жүргізуші:
Нет на земле такого народа, который не отмечал и не гордился своими праздниками. Сегодня мы будем говорить об одном из самых древних в истории мировой культуры и распространенных до сих пор праздников.
Наурыз - праздник встречи Нового года, который празднуется в день весеннего солнцестояния с 21 на 22 марта.
Просмотр мультимедийной презентации "Наурыз" (в приложении)

1-жүргізуші:
Ұлыстың Ұлы күні « көлденеңнен шөпке жан бітіп» қырда саршұнақ інінен қылт етіп, бір көрініп, қайтадан ініне кіріп кетіп, жер беті әбден жылығанда шығады дейді. Бұл сөзде дала мен табиғат арасындағы көзге көріне бермейтін терең мәнді тағылымды үйлесімділік жатыр.
2 жүргізуші:
С ярким солнцем и долгожданным теплом на нашу землю пришел праздник Наурыз мейрамы Весенний день «Ұлыстың ұлы күні» символизирует очищение от всего плохого в мыслях, делах и поступках по отношению к нашей семье, школе, городу и в целом к Родине.
Слово Наурыз с персидского означает «нау – новый», «рыз» - день. В эту ночь готовили Наурыз – көже, наводили чистоту в доме, и ждали дедушку Кадыра, наступление Нового года. Верили, что будет волшебство и ждали его.

1-жүргізуші:
«Береке басынан басталады» демекші, «жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады» деген қағиданы берік тұтынған халық бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа таза суға толтырып бетін ашық қалдырған. Бұл 21 – Наурыз күнгі таң алдында орындалады екен. Бұның мәні: дала аралаған Қыдыр Ата келіп «қыдыр, құт дарытып» кетеді дейді екен. Олай болса бүгінгі біздің Наурыз мерекемізге Қыдыр Ата келе жатыр дейді.
«Қыдыр Ата» келеді бата береді. Рамазанов Мухаммед Али 4 А сынып оқушысы

Бата:
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ, жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле - жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын,
Қайғы - уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын

II БӨЛІМ
«Наурыз» тобы «Көктем» тобы «Жұлдыз» тобы
1. Топ атын қорғау.
2. Сұрақтарға жауап беру «Дұрыс және тез»
3. Өлең сайысы.
4. Ұлттық ойын сайысы
5. Ребус шешу.
6. Сөз жұмбақ шешу.

2. Сұрақтарға жауап беру «Дұрыс және тез»
1. Наурыз қандай халықтың мейрамы? Кімдер тойлайды?
2. Наурыз жайлы не білесің? Наурызды қай уақытта тойлайды?
3. Наурызға қазақ халқы қалай дайындалады? Сен наурыз мерекесін қалай
қарсы аласың?
4. Қазақстан қандай мемлекет?
5. Қазақстанның рәміздеріне нелер жатады?
6. Қазақстанның Республикасының Мемлекеттік тудың авторы кім?
7. Қазақстанның Республикасының Мемлекеттік елтаңбаның авторлары кімдер?
8. Қазақстанның Республикасының Мемлекеттік әнұранның авторлары кімдер?
9. Бала тәрбиесіне байланысты қандай салт дәстүрлер бар? (шілдехана, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер).
10. Сен қай мектепте оқисың?
11. Биыл мектепке неше жыл болады?
12. Ұлттық ойындарды ата: (ақсүйек, алтыбақан, сақина салу, орамал тарту, қыз қуу, бәйге)
13. Қазақстанның әйгілі қандай спортшыларын білесің?
14. Қазақстанның бірінші астанасы?
15. Қазақстанның екінші астанасы?
16. Қазақстанның үшінші астанасы?
17. Қазақстанның төртінші астанасы?

3. Өлең сайысы.
1 - оқушы:
Ұлыстың ұлы күні оң болсын!
Ақ мол болсын!
Наурыз тойы құтты болсын!

2 - оқушы: Қажымұқан Аида
Наурыз тойы салтымыз,
Аман болсын халқымыз.
Көңілдері жадырап,
Жүрсін аман қартымыз.

3 - оқушы:
Наурыз айы тамаша,
Жар салайық жаңаша!
Мереке көп наурызда
Қуанатын балаша

4 - оқушы:
Көкпар, бәйге, қыз қуу, асық ойын
Наурызда ойналады ұлттық ойын
Төлдейді сиыр, түйе, бие, қойын

Ерітіп қарын даланың,
Жинатып гүлін саланың.
Жетелеп жұмсақ самалын,
Келді Наурыз – жыл басы.
Күлімдеп қарап күміс күн,
Аспаның бүркіп пүліш түн.
Ұлы күні Ұлыстың,
Келді Наурыз – жыл басы!

Теміртау қаласы, №27 ЖББОМКММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
К. Ж. Хамзина

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету