Сайтқа кіру Тіркелу

Маңғыстау – маңғаз мекенім

Маңғыстау – маңғаз мекенім. (кітап көрмесі)
Маңғыстау сонадайдан тоңазытқыш....
Жүрегін талай елдің қобалжытқан...
Төңірегің түгел тұнып тұрған керемет.
Төңірегің түгел тұнып тұрған хикая.
Төңірегің тола ғажайып дастан.
Әбіш Кекілбаев мемлекет қайраткері, жазушы, Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты. «Киелі қазақ – ата жұрт деген мақаласында былай деген» Маңғыстау тұрғындары жат жерлік баса көктеушілікке қай кезде де жан алмай қарсы тұра біледі. « Маңғыстау − маңғаз мекенім» атты кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылды. Тақырыптық көрмеде 20 - дан астам тақырыпқа қатысты және мерзімді басылым материалдары ұсынылған. Олардың бірнешеуіне библиографиялық шолу жасалды.
Дәйексөз: Алтын – ұяң Отан қымбат,
Туып – өскен елің қымбат.
Кіндік кескен жерің қымбат Қазыбек би.

I бөлім.
1. Маңғыстау − маңғаз мекенім: Өмір кітабы.− Алматы: Нұрлы – әлем, 2001−488 бет.
I - бөлім: Тектілік төркіні, II - бөлім биікке бет алғанда – Бейсенбі, Дүйсенбі Әріповтердің Маңғыстау елінің, жерінің өткені мен бүгіні, тарихы, табиғаты, халықтың қасиеттері, салт – дәстүрлері, ұлттық батырлары мен билері, жақсылары мен жайсаңдары, жас ұрпаққа айтар тәлім – тәрбиелері кеңінен қамтылады.
2. Қонарбай Қалдыоразұлы
Мұнайлы өлке жұлдыздары: −Алматы, 2011. – 344 бет
Бұл кітапта елімізге белгілі мұнайшы – бұрғышылар, ұзақ жылдар бойы Батыс Қазақстан өңірінде, қарт Ембіде өлшеусіз еңбек етіп, бірнеше кен орындарын ашқан әмбебап мамандар – социалистік Еңбек ерлері Әбдрахманов Ұлықпан, Балгенжиев Зинел, Махутов Әбілғазым, Мұқамбаев Ақаштық, өмір жолы, мұнай өнеркәсібі саласындағы мол үлесі әңгімеленеді.
3. Адай. С.
Әр қазақ− менің жалғызым.−Алматы: «Үш қиян», 2001.- 554бет.
4. Көшбайұлы. О, Жұбаев. С.
Отпанның Нұны – Алматы: «Эверо»баспасы, 2007 - 216бет
II бөлім:
«Ерлігі елге мұра, ұрпаққа ұран»
1. Мәди Бегенов: хикаят, деректер.− Ақтау: Бабамұра – М, 2007ж.−128бет.
Алаштың ардақты ұлы, кеңес одағының батыры Мәди Бегенов туралы осы тұңғыш жеке кітапқа оның туған жері, отбасы мен туып өскен ортасы, азамат болып қалыптасу кезеңімен майдандағы ерлікке толы өмірі жайындағы хикаят, жинақталған деректі мәліметтер топтастырылған.
2. Жұмағали батыр туралы бірер сөз/ Ж. Төлегенов //Маңғыстау −2016. 7мамыр.
IIІ бөлім:
Маңғыстаудың ақын жазушыларының шығармалары.
1. Әбіш Кекілбайұлы/ құрастырған: Айтуар Өтегенов.−Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.- 272бет
Өлке қаламгерлерінің шығармаларынан мағлұмат беретін «Маңғыстау ақын – жазушыларының кітапханасы» сериясының 50 томдығы Маңғыстау облысының құрылғанына 40, Ақтау қаласына 50жыл толуына арналып шығарылып отыр. Бұл томға кіргізілген Қазақстан халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері Ә. Кекілбайұлының шығармалары «Бір уыс топырақ», «Құс қанаты» кітаптарынан алынды.
2. Айтуар Өтегенов. Жауапты редактор Рахат Қосбармақ.−Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.- 240бет.(Маңғыстау ақын – жазушыларының кітапханасы).
3. Айсырға Қилыбаева./құрастырған: Айтуар Өтегенов..−Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.- 232бет..(Маңғыстау ақын – жазушыларының кітапханасы).
4. Анар Шамшадинова../құрастырған: Айтуар Өтегенов..−Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.- 144бет..(Маңғыстау ақын – жазушыларының кітапханасы).
5. Серік Бердіяров./құрастырған: Айтуар Өтегенов..−Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.- 144бет..(Маңғыстау ақын – жазушыларының кітапханасы).
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×