Сайтқа кіру Тіркелу

Портфолио – оқушы жетістігі

Қармақшы аудандық білім бөлімінің
«№80 мектеп - гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тарих пәнінің мұғалімі Сермағамбетова Айгүл Ерғазықызы

Тақырыбы: Портфолио – оқушы жетістігі
Мақсаты: Баланың білім алу процесін көрнекі түрде көрсету, маңызды білім алу нәтижелерінің жалпы «бейнесін» көру, ауқымды білім беру кеңістігінде баланың жеке ілгерілеуінің бақылауын қамтамасыз ету, білімдері мен біліктілерін практикада қолдану, қабілеттерін демонстрациялау.
Міндеттері:
 Оқушылардың жоғары оқу ынтасын қолдау;
 Білімі мен білігін бейімдеу;
 Білім алуын дараландыру;
 Өз бетінен оқу мен іздену мүмкіндіктерін кеңейту;
 Шығармашылық келбетін қалыптастыру.
Түрі: Байқау (сайыс)

І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Армысыздар оқушылар мен қадірменді қонақтар, бүгінгі біздің 5 - 7 сынып оқушылары арасында «Портфолио – оқушы жетістігі» тақырыбындағы байқауға қош келдіңіздер!
Байқауға қатысушылар:

Әділ қазыларымызбен таныс болыңыздар:

ІІ. Негізгі бөлім.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» керектігі атап көрсетілген.
Мектеп оқушыларын, еліміздің болашақ кәсіби мамандарын заман талабына сай тәрбиелеу және оларға жаңаша көзқарас қалыптастырып, шапшаң шешiм қабылдауға бейiмделудi үйрету - ұстаздар алдында тұрған үлкен міндет. Педагог ғалым А. Дистервергтің “Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді“ дейтін қанатты сөзі, мұғалімнің негізгі мақсаты оқушының өз бетімен іс - әрекетін дамытуға бағытталуы тиіс екендігіне көз жеткізеді.
Ғылым мен техниканың қарқынды даму кезеңінде, оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары негізінде «оқушы портфолиосы» ұғымы пайда болуда. Интернет беттерінде, кейбір әдебиеттерде: «Оқушы портфолиосы - оқушының барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның білім - біліктілігінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы» деген анықтама берілуде. Оқушы портфолиосы - оқушының жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері. Ең алдымен оқушы портфолиосының түрлеріне тоқталайық:
1. Мақсатына қарай:
- жеке портфолио (өзі үшін арналған);
- Портфолио - есеп (басшылық үшін);
2. Мазмұны бойынша:
- Жетістіктер портфолиосы (оқушының үздік жұмыстары);
- Рефлексивті портфолио (оқушының материалдары және бағалары);
- Проблемалық бағыттағы (белгілі бір проблеманы шешу нәтижесі мен мақсатын көрсететін материалдар);
- Тақырыптық портфолио (белгілі бір тақырып бойынша оқушының жұмыстарын көрсететін материалдар);
- Мақсатсыз портфолио (оқушы жұмысының жинақ папкасы) болып бөлінеді.
Оқушылар портфолиосы баланың жұмысының мән - мағынасын ашып көрсетуге бағытталады. Портфолионың мазмұны міндетті түрде болу керек.
Оқушылардың портфолио құрылымы мынандай:
1. Сыртқы беті.
2. Визитка (резюме, портрет). Портфолионың иесі туралы ақпарат.
3. Пән бойынша оқушы жетістігі (ББД):
3. 1 Баланың жекежетістіктер парағы;
3. 2 Алға жылжуды көрсететін графиктері;
3. 3 Бақылау, тест жұмыстары;
3. 4 Оқитын курстары;
3. 5 Пән бойынша олимпиада, сайыстарға қатысы.
4. Негізгі құзіреттіліктерінің қалыптасуы:
4. 1 Оқу - зерттеу әрекеті (жобалау жұмыстары, рефераттар, шығармашылығы);
4. 2 Қоғамдық шығармашылық әрекеті.
5. Оқушының жетістіктері.
6. Оқушы жетістігіне берілген өзіндік бақылау, қоғамның (мұғалімдер, ата - аналар, т. б.) бағалауы.

Портфолионы безендіру және материалдарды жинау ережесі:
1. Еріктілік ұстанымы.
2. Ата - аналар мен үлкендердің көмегі.
3. Басқабілім беру орындарымен байланыс (өнер, спорт мектептері, т. б.).
4. Материалдардың саны емессапалығыескеріледі.
5. Оқушының жетістіктер папкасы «есеп кітапшасына» айналмау керек.
6. Жүйесі жұмыс.
7. Портфолионың сырты емес, оныңмазмұндылығықұнды.
(Әр оқушының өзіне портфолио неге керек екенін түсіндіріп, өз портфолияларымен таныстырып шығады)
- Балалар, тарих - география апталығының тақырыбын кім біледі? «Қазақстан Тәуелсіздік жолында» әділ қазыларымыз сіздердің жұмыстарыңызды қарап болғанша мына шағын бейнефильмді көрейк (В потоке истории – Н. Ә. Назарбаев);
Талдау сұрақтары:
1. Бұл фильм не жайлы?
2. Тәуелсіздігімізді қай жылы алдық?
- Енді балалар, мына «Тәуелсіздік» ағашына өзіміздің елімізге, мектебімізге деген ақ тілектерімізді жазайық (Стикер таратылады).
- Рахмет балалар! Ендігі кезекті сөзді әзіл қазыларымызға берелік.
Қорытынды.
Оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастырудың, шығармашылық, пәндік апталықтар, жобалар, үйірмелердің маңызы зор. Ал осындай шаралардың нәтижелерін оқушылар мен педагогтар портфолио арқылы безендіріп ұсынса шығармашылыққа қол жеткіздік деуге болады.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Математиканы оқытуда оқушылардың өзіндік шығармашылық ізденістерін дамыту.

Математиканы оқытуда оқушылардың өзіндік шығармашылық ізденістерін дамыту.

Қазіргі заманғы білім беру тұжырымдамасының бағыты - ізгілікті жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім...
Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесін жақсартудың жолдары

Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесін жақсартудың жолдары

Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесін жақсартудың жолдары Каримова Актоты Олжабаевна...
Портфолио

Портфолио

Ұстаздарға арналған портфолиосының мұқаба суреттері....
Білім беруді модернизациялау жағдайындағы бағалауды сапалы жаңарту бағыттар ...

Білім беруді модернизациялау жағдайындағы бағалауды сапалы жаңарту бағыттар ...

Білім беруді модернизациялау жағдайындағыбағалауды сапалы жаңарту бағыттарының бірі – ПОРТФОЛИО ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030»...
Мұғалім портфолиосының құрылымы

Мұғалім портфолиосының құрылымы

Мұғалім портфолиосын құрудың негізгі принциптері: • жүйелілік; • мәліметтердің нақтылығы мен ауқымдылығы; • ақпараттың объективтілігі; • көрнекілік....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×