Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Бейбіт болсын болашақ

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы,
"Бәйтерек" мектепке дейінгі балалар мекемесінің тәрбиешісі
Қожахметова Гүлсайран Махшатқызы

Тақырып: Бейбіт болсын болашақ

Армысыздар құрметті қонақтар, қадірлі балалар!
1 - мамыр Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын! Бүгінгі кеш ерекше, өйткені 1 - мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында"Бейбіт болсын болашақ" атты ертеңгілік өткізіп отыр. Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт дәстүрлі, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған. Сіздерді бүгінгі халықаралық ынтымақ күні 1 - мамыр мерекесімен құттықтаймыз.
Ата - бабам ежелден - ақ дос болған,
Татар, қазақ болашақты тосты алдан,
сол достығын тағы міне дәріптеп,
Бүгінгі күн мерекеде жайнаған.
Сіздердің алдарыңызда шағын концерттік бағдарламамызды алып келдік. Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады. Әнұран.
Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы. Н. Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.
Бейбіт болсын болашақ
Назданып бүгін нұрлы күн,
Қыр беттің қызғалдаққа түнді гүлі.
Мамыр боп, айбары асып асқақтайды,
Еңбек, Бақыт, Береке, Бірлік күні.
Бейбіт болсын болашақ
Тақпақтар
1. Мамырың бірі, достық күні,
Ән салып бейлеген халықтың үні.
Тұтасып тойлаған ұлттар,
Керемет мереке мамырдың бірі.
Нұрайым
2. Достық шырағымыз,
Достық ұранымыз.
Достық туымыз,
Достық әніміз.
Жігер
3. Дос болып түрлі халықтар,
Жасай тұғын ғасырмын.
Бақыттымын әлемге,
Ұмытылмас асылмын.
Еркежан
5. Бейбітшілік менің арманым,
Бейбітшілік бұзылмайтын қамалым.
Бейбітшілік отаныма тілеймін,
Бейбітшілік деп соғады жүрегім.
Гүлім ай
Қазақта Бірлік болмай тірлік болмас деген ұлағатты ұғым бар. Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып, қазақ елінің нығаюына, өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.
Мына бір аңызға тоқталайық: Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды. Тұтқын құс күні - түні дамыл көрмей - ОТАН, ОТАН, ОТАН..... деп шырылдай береді. Құстың иесі – мұның да отаны болғаныма, ол отаны болса қайда екен?- Құсты ұшырып жіберейін де, ұшқан жағына қарап, ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын деп ойлайды. Сүйтіп торды ашып, құсты босатып жібереді. Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тікенге барып қонады. Сөйтсе әлгі бұтада ұясы бар екен.- Демек құстың отаны - ұя салған жері болды ғой деп ойлайды жаңағы адам.
Шынында да адам түгелі құстың да ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен!
Туған жерде жат елдің болмайтыны ақиқат,
Оған көңіл толмайтыны ақиқат.
Алтын торда алтын құс, өсірсең де бұлбұл құс,
Өскен бағы болмаса қонбайтыны ақиқат.
Би: Орыс биі
Ән: Ағайынбыз бәріміз.
Тақпақтар
1. Біз балдырған тең басқан!
Дос құшағын тең ашқан
Тілегіміз әділдік.
Ашық болсын кең аспан.
Айдана
2. Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер
Достық жырын біліңдер.
Нұрдос
3. Бірінші бүгін мамырда,
Тойлады қала ауыл да,
Айналған барша халықтар
Дос туысқан бауырға.
Дильнар
4. Ортақ дәстүр ғұрып бай,
Ынтымағын суытпай.
Шаңырағын көтерген,
Жүз түрлі ұлт жүз ұлттай.
Дильмұрат
5. Қызыл сары көк шар
Қолымызда көп шар.
Әуеде қалқыды,
Әніміз шалқыды.
Нұргелді
Қазақ жері достықтың гүлстаны
Дархан өлкем мерейім ырыс бағы
Күрестерде еңбекте, мерекеде,
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.
Осымен 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік бағдарлама аяқталды! Мереке құтты болсын!
Ән: Айдана. Жаса Қазақстан
Құттықтау сөзді балабақша меңгерушісі Бекмағанбетова Гүлбаршын Досбергенқызына беріледі.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету