Сайтқа кіру Тіркелу

Татулық достық киелі бесігі

Татулық достық киелі бесігі

«Шашу» биі
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Татулық - достықтың киелі бесігі» атты мерекелік іс - шараға қош келіпсіздер!
Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дүнген, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжік, армян, әзербайжан, украин, белорус, түрік, шешен және тағы басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір - бірімізбен қоян - қолтық аралас өмір сүрудеміз. Ағайын - туған - бар адам. Адалдық үшін жаралған. Бар қымбат туыстық, Баянды болсын тыныштық! Бүл мереке бұрын бүкіл әлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды. Қазір ол «Дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі.

1 - оқушы: Қырғыз, қазақ, өзбектер, Монғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, тәжік, грузин, Орыс пенен украин, Терезесі тең жатыр –

2 - оқушы:
Ағайын – туған – бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!

3 - оқушы:
Болсын жер мен су да ортақ.
Болсын біздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.

4 - оқушы:
Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәрімізде баламыз.
Біз Отанда тұрамыз,
Біз мектепке барамыз.

5 - оқушы:
Алтай, Кавказ ұласып,
Баурайы кең жатыр.
Бақытты әні асқақтап,
Құлаққа даусы кеп жатыр.

6 - оқушы
Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен - бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.

7 - оқушы
Мамырдың бірі, достық күні
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке, мамырдың бірі.

8 - оқушы
Достық – шырағымыз,
Достық – ұранымыз.
Достық туымыз,
Достық әніміз.

9 - оқушы
Дос болып түрлі халықтар,
Жасайтұғын ғасырмын.
Бақыт шымын әлемге
Ұмытылмас асылмын.

10 - оқушы
Бейбітшілік ұраны,
Жарқыраған алтын күн.
Ән қанатты қыраны
Еркіндігі халқымның.

11 - оқушы
Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата - бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Жүргізуші: Халқымыз достық, ынтымақтастыққа ерекше мән берген «Қырғыз, қазақ - бір туған», «Өзбек - өз ағам», «Түбі бірге түрікмен» деп қырғыз, өзбек, түрікмен және т. б. ұлттарды ынтымақ - тастыққа шақырған. Бірлік — халық салты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады.

Жүргізуші: Көрініс: «Бірлік» Автор: Ертеде бір қария балаларын бірлікке былай үйреткен екен. Қарт бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әуреленіп, былай бір бума шыбықты сындыра алмайды. Қарт буманы шешіп, шыбықты бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп - оңай сынады. Қария: бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің де әлі келмейді. Ал жеке - жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады.

Жүргізуші: Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білу жеңістен жеңіске жеткізеді. Оған халық куә, тарих куә! Балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғым келеді. Бұл әлемде адамзат баласына ең қажетті нәрсе не?
Оқушы: Дүниежүзінде бәріміз жақсы көретін нәрсе тыныштық, бірлік.
Оқушы: Әрине, халқымыз ең әуелі тыныштықты қалайды.
Жүргізуші: Ал, енді «тыныштық» деген сөздің мәнін білесіңдер ме?
Оқушы: Дүниежүзінде соғыс болмаса, тыныштық деген сол. Елдегі тыныштықты халық «береке - бейбітшілік» дейді.

Жүргізуші: 1 - мамыр мерекесі дүниежүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін атау күні. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр ұлттар тату - тәтті өмір сүруде. Олай болса, біздің қаламызда тұратын әртүрлі ұлттардың өнерін тамашалайық.

Өзбек. Еліміздегі белді этностың бірі – өзбектердің Қазақстандағы саны 440 мың адамға жуық. Ең көп тараған жері Оңтүстік Қазақстан облысы. ОҚО - да өзбектердің саны бүкіл Қазақстандағы санының 90 - нан астам пайызын құрайды (шекаралас болғаннан). Өзбек халқы бізге көршілес ел болғандықтан, дәмдес - тұздас болып жиі араласқан жайымыз бар. Мысалға: самса, палау, манты көк шәй, тандыр нан біздің дастарханда кездеседі.

Үндістан Республикасы Оңтүстік Азияда орналасқан, жер көлемі бойынша жетінші орынды, халық саны бойынша екінші орынды иемденіп отыр. Үндістандағы атақты Тәж - Махал, Амритсардағы алтын сарай, Махабодхи, Аджантаның үңгір ішіндегі ғибадатханалары, Эллора ғибадатханасы, Делидегі және Агре жеріндегі қызыл форт туристердің сүйікті орындарына айналған.

Үндістанда жалпыға ортақ тағамдар жоқ деуге болады. Себебі, ол елде жүздеген ұлт өкілдері мекен етеді. Сол себепті, мемлекеттік тіл - ағылшын тілі. Ел кедей болғандықтан, тамақты қағазға не жапыраққа салып, қолмен жейді.

Жүргізуші: «Татулық достық киелі бесігі» атты мерекелік іс - шарамыз осымен аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет. Қош сау болыңыздар!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Достығымыз жарасқан

Достығымыз жарасқан

Мақсаты: Балаларға 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты...
Татулық достықтың киелі бесігі

Татулық достықтың киелі бесігі

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Мейрманова Жансая Төленбекқызы...
1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні

1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын...
Татулық - достықтың киелі бесігі

Татулық - достықтың киелі бесігі

1 - мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномі -...
Бірлігі жарасқан халықпыз

Бірлігі жарасқан халықпыз

Сабақтың мақсаты: Балалардың «достық», «бірлік», «халық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×